«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 187-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына бағалы қағаздардың қазақстандық ұйымдастырылған нарығына 38463559 (отыз сегіз миллион төрт жүз алпыс үш мың бес жүз елу тоғыз) дана көлеміндегі жай акцияларды жазылуды жүргізу жолымен орналастыруды жүзеге асыруға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов