БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 1 қарашада № 1383 «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысын қабылдады(бұдан әрі - Қағидалар).
Жоғарыда аталған Қағидалар алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындауды көздейді, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін нығайтуға және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықтың сенімін арттыруға бағытталған. Қағидалардың қабылдануы әлеуметтік - экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.