"Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1388 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 279-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:
      3-тармақтың 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
      16) байланыс операторының әрекет ету аймағы – байланыс операторының телефон байланысы қызметтерін көрсету аумағы;»;
      40-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) байланыс операторына қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсетуге берілген лицензия деректемелері;»;
      42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өтініш тиісті аумақта байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторына беріледі.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларында:
      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Интернет желісіне қол жеткізу операторы – Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсететін байланыс операторы;»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Интернет желісіне қол жеткізу операторы абоненттерге көрсететін байланыс қызметтерінің тізбесі оның телекоммуникация желісінің техникалық мүмкіндіктерімен айқындалады.»;
      15-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталынсын;
      19-тармақта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) өз желісінің жұмысын осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді;»;
      20) тармақша алынып тасталынсын;
      20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталынсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады