"Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1369 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы
Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі
[Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа – Батыс
Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі]
ратификациялау туралы

      2012 жылғы 19 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 2824–ҚАЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба)
[Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы
халықаралық транзит дәлізі]

Күні 2012 ЖЫЛҒЫ 19 МАУСЫМ

45150 ҚАЗ

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі Қарыз алушы деп аталатын) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі АДБ деп аталатын) арасындағы 2012 жылғы 19 маусымдағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ.
      ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
      (А) Қарыз алушы АДБ–ға осы Қарыз туралы келісімге 1–қосымшада сипатталған Жобаның мақсатында кредит үшін жүгінді; және
      (В) АДБ Қарыз алушыға осы құжатта ұсынылған мерзiмдер мен шарттарда АДБ–ның жай капитал ресурстарынан қарыз береді.
      ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы Келісімнің тараптары мыналар туралы уағдаласты:

I БАП
Қарыз беру қағидалары; Анықтамалар

      1.01–бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ–ның Жай негізгі ресурстарынан Лондон банкаралық ставкасы бойынша бөлінетін қарыздарға қолданылатын жай операциялар үшін қарыз берудің барлық қағидалары осымен осы Қарыз туралы келісімге осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай күшпен және қолданыста, алайда төмендегі өзгерістерді сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледі:
      (а) 3.03–бап алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      Резервке қойғаны үшін комиссия; Кредит
      (а) Қарыз алушы Қарыз туралы келісімде көзделген ставка мен шарттар бойынша қарыздың талап етілмейтін сомасы бойынша резервке қойғаны үшін комиссия төлеуге міндеттенеді.
      (b) АДБ Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімде көзделген ставка бойынша кредит беруге міндеттенеді, бұл ретте мұндай кредит қарыз мерзімінің соңына дейін тіркелген болып қалады. АДБ Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қатысты кредиттің сомасын қолдануға міндеттенеді.
      (b) 3.06–бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      (а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің төмендетілетіні туралы АДБ–ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ неғұрлым жоғары тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген Қарызы бар әрбір Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы талап етілмеген Қарызға қолданылатын тіркелген спред пен жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) спред арасындағы айырманы (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетілген тіркелген спред күшіне енген күнінен бастап және одан кейін барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалатын болады.
      (b) Қарыздың валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты өзінің қаржыландыру құнының маржасын есептеулері кез келген жартыжылдықта АДБ–ның қаражатын үнемдеуге әкелгені туралы АДБ–ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы қаржыландыру құнының маржасын (і) (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін тікелей басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенетін Қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады, АДБ қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға өтемақы сомасын қолдануға міндеттенеді.
      (с) 3.07–бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      (а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің ұлғаятыны туралы АДБ–ның әрбір хабарламасынан кейін неғұрлым төмен тіркелген спред қолданылатын, талап етілмейтін Қарызы бар әрбір Қарыз алушы АДБ–ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл қосымша соманың мөлшері (і) жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред пен талап етілмейтін Қарызға (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) қолданылатын тіркелген спред арасындағы айырманы (іі) талап етілмейтін Қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалатын болады, ол бойынша Қарыз алушы жаңа қарыздарға қолданылатын, көтеріңкі тіркелген спред күшіне енген күннен бастап және одан кейінгі барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеп отыруға міндеттенеді.
      (b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты өзінің қаржыландыру құнының маржасын есептеулері кез келген жартыжылдықта қосымша шығындарға әкеліп соққаны туралы АДБ–ның әрбір хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ–ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл қосымша соманың мөлшері (і) қаржыландыру құнының маржасын (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) (іі) Қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалады, ол бойынша Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеп отыруға міндеттенеді. АДБ қосымша ақы төлеу мөлшерін қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қосуға міндеттенеді.
      1.02–бөлім. Қарыз беру қағидаларында анықтама берілген мына терминдер, егер мәнмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әрбір жағдайда олар өздерінде жазылған тиісті мағынаға ие болады. Мынадай терминдер төмендегідей мәнге ие:
      (а) «ОАӨЭЫ» Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастығын білдіреді;
      (b) «ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі» Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекарадан Қорғаста Алматы қаласы мен Шымкент қаласы арқылы батысы Ресей Федерациясымен шекараға дейін өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы» халықаралық көлік дәлізін білдіреді;
      (с) «ҚОӘБ» Жоба бойынша, Қарыз алушы дайындаған және ұсынған және АДБ мақұлдаған, оған енгізілген кез келген өзгерістерді қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер ету бағасын білдіредi;
      (d) «ҚОБЖ» Қоршаған ортаға әсердi бағалауға (ҚОӘБ) енгiзiлген Қоршаған ортаны басқару жоспарын бiлдiредi;
      (е) «Қоршаған ортаға қатысты саясат» ҚШС–ның (егер қолдануға болса) 1–қосымшасының және 4–қосымшасының V тарауында жазылған қағидаттар мен талаптарды білдіреді;
      (f) «Мәжбүрлеп қоныс аударуға қатысты саясат» ҚШС–ның (егер қолдануға болса) 2–қосымшасының және 4–қосымшасының V тарауында жазылған қағидаттар мен талаптарды білдіреді;
      (g) «ЖСҚЖ» Қарыз алушы дайындаған және ұсынған және АДБ–мен келісілген, оған енгізілетін кез келген өзгерістерді қоса алғанда Жоба үшін Жерді сатып алу және қоныс аудару жоспарын білдіреді;
      (h) «Қарыз қаражатының төлемдерi бойынша анықтамалық» Қарыз қаражатының төлемдерi бойынша АДБ–ның анықтамалығын (мерзiмдi түзетулерi бар 2007 жылғы) бiлдiредi;
      (i) «ККМ» Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігін немесе оның кез келген құқық мирасқорын білдіреді;
      (j) «облыс» Қарыз алушының аумақтық-әкiмшiлiк бiрлiгiн бiлдiредi;
      (k) «БЖН» Жоба үшін 2011 жылғы 28 қазандағы Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, Қарыз алушы (ККМ арқылы) мен АДБ–ның тиісті әкімшілік рәсімдеріне сәйкес мерзімді жаңарып отыратын Жобаны басқару жөніндегі нұсқаулықты білдіреді;
      (l) «Сатып алу жөніндегі нұсқаулық» АДБ–ның Сатып алу жөніндегі нұсқаулығын (2010 жылғы, мерзімді түзетулерімен) білдіреді;
      (m) «Сатып алу жоспары» Жоба үшін 2011 жылғы 28 қазандағы Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, сатып алу жөніндегі нұсқаулыққа, консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқаулыққа және АДБ–мен келісілген басқа да іс–шараларға сәйкес мерзімді жаңарып отыратын Жоба үшін сатып алу жоспарын білдіреді;
      (n) «Жоба бойынша атқарушы агенттік» Қарыз беру ережесінің мақсаттары үшін және оның шеңберінде Жобаның орындалуына жауапты ККМ–ны және оның кез келген құқық мирасқорын білдіреді;
      (o) «Жобалық жол» жолдың осы Қарыз туралы келiсiмге 1–қосымшаның 2(а) тармағында әрбір жағдай неғұрлым егжей–тегжейлi сипатталған, Жобаға сәйкес салынатын, жақсартылатын немесе қалпына келтiрiлетiн учаскелерiн бiлдiредi;
      (p) «ҚШС» АДБ–ның қорғау шаралары бойынша саясатын (2009 жылғы) білдіреді;
      (q) «Мониторинг нәтижелері бойынша баяндамаларға қатысты саясат» кез келген түзету және алдын алу іс–қимылдарын қоса алғанда, онда ҚОБЖ мен ЖСҚЖ–ны іске асыру бойынша және оларға сәйкес жұмыс нәтижелері жазылған әрбір есепті Қарыз алушы дайындағанын және АДБ мақұлдағанын білдіреді; және
      (r) «Жұмыстар» консультациялық қызметтерді қоспағанда, Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты қызметтерді және Жобаға қатысы бар бірыңғай міндеттеменің не «пайдалануға дайын» құрылысты салуға келісімшарттың бір бөлігі ретінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, құрылысты немесе азаматтық–құрылыс жұмыстарын білдіреді.

II БАП
Қарыз

      2.01–бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ–ның жай капитал ресурстарынан тоқсан бес миллион АҚШ доллары ($ 95 000 000) сомасына қарыз беруге келіседі, әрі бұл сома осы Қарыз туралы келісімнің 2.06–бөлімінің ережелеріне сәйкес Айырбастау шеңберінде кезең–кезеңімен айырбасталып отырылуы мүмкін.
      (b) Қарыз негізгі өтеу кезеңін жиырма (20) жыл деп және осы бөлімнің (с) тармағында айқындалған жеңілдікті өтеу кезеңін болжамдайды.
      (с) Осы бөлімнің (b) тармағында пайдаланылатын «жеңілдікті кезең» деген анықтама осы Қарыз туралы келісімнің 2–қосымшасында жазылған өтеу кестесіне сәйкес қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші Күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.
      2.02–бөлім. Қарыз алушы АДБ–ға талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына Лондон банкаралық мөлшерлемесінің сомасына тең әрбір пайыздық кезеңнің мөлшерлемесі бойынша кезең–кезеңімен Қарыз беру ережесінің 3.03–бөліміне сәйкес жылына 0,20 % кредитті шегере отырып, Қарыз беру ережесінің 3.02–бөліміне сәйкес жылына 0,60 % төлеуге міндеттенеді.
      2.03–бөлім. Қарыз алушы резервке қою үшін жыл сайын 0,15 % сомасында комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн өткен сәттен бастап қарыздың толық сомасына (кезең–кезеңімен алынатын соманы шегергенде) есептеледі.
      2.04–бөлім. Пайыздар мен қарыз бойынша өзге де төлемдер жарты жылда бір рет және әрбір жылдың 15 мамыры мен 15 қарашасында төленуі тиіс.
      2.05–бөлім. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 2–қосымшасының ережелеріне сәйкес Қарыз шотынан талап етілген қарыздың негізгі сомасын төлеуге міндеттенеді.
      2.06–бөлім. (а) Қарыз алушы қарызды ұтымды реттеуді қамтамасыз ету мақсатында қарыздың төмендегі айырбастауларын кез келген уақытта сұратуға құқылы:
      (і) Қарыз валютасының бекітілген валютаға қарыз сомасынан толық немесе ішінара, талап етілген немесе талап етілмеген өзгерісі;
      (іі) Талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына толық немесе ішінара қолданылатын базалық пайыздық мөлшерлеменің құбылмалы пайыздық мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге және керісінше өзгерісі; және
      (ііі) Талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына толық немесе ішінара қолданылатын құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге пайыздық мөлшерлеменің тіркелген ең жоғары деңгейін немесе кез келген көрсетілген құбылмалы пайыздық мөлшерлеменің ең төменгі деңгейін белгілеу жолымен лимиттер белгілеу.
      (b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес АДБ мақұлдаған өзгерістер туралы кез келген сұрау салуды Қарыз беру ережелерінің 2.01(6) бөлігінде анықталуы бойынша «Айырбастау» деп және ол Қарыз беру қағидаларының V бабының және айырбастау жөніндегі нұсқаудың қағидаларына сәйкес күшіне енеді деп есептеу керек.

III БАП
Қарыз қаражатын пайдалану

      3.01–бөлім. Қарыз алушы Жоба бойынша шығындарды қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
      3.02–бөлім. Қарыз қаражаты осы Қарыз туралы келісімге 3–қосымшаның ережелеріне сәйкес бөлінуі және алынуы тиіс, бұл ретте осы Қосымшаны Қарыз алушы мен АДБ–ның келісімі бойынша кезең-кезеңімен өзгертіп отыруға жол беріледі.
      3.03–бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімге 4–қосымшаның ережелеріне сәйкес шығыстардың барлық баптарын жүргізеді немесе жүргізілуін ұйымдастырады. АДБ мұндай баптардың барлығы Қарыз беруші мен АДБ ескерген рәсімдер шеңберінде айтарлықтай дәрежеде сатып алынбаған не келісімшарттың мерзімдері мен шарттары АДБ–ның талаптарын қанағаттандырмайтын жағдайда келісімшартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.
      3.04–бөлім. Егер АДБ өзгешеге келіспесе, Қарыз алушы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстардың барлық баптары тек Жобаны орындау мақсатында ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      3.05–бөлім. Қарыз беру ережелерінің 9.02–бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін қарыз шотынан қаражатты алу үшін жабу күні деп 2015 жылғы 30 маусым не Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілуі мүмкін осындай басқа бір күн болып есептеледі.

IV БАП
Ерекше жағдайлар

      4.01–бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаның орындалуын тиісті жауапкершілікпен және тиімділікпен әрі практиканың ұтымды инженерлік, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      (b) Жобаны іске асыру және жоба объектілерін пайдалану процесінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 5–қосымшасында жазылған барлық міндеттемелерді орындауға не орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.02–бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындау үшін және жоба объектілерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті құралдарды, объектілерді, қызметтерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды Қарыз қаражатына қосымша түрде қажеттілігіне қарай шұғыл қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.03–бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны іске асыру процесінде АДБ үшін қолайлы, Қарыз алушы мен АДБ–ның талаптарына жауап беретін дәрежеде және мерзімдер мен шарттарда құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді жалдауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы Жобаны АДБ үшін қолайлы жоспарларға, жобалық шешімдерге, жұмыс ерекшеліктеріне, кестелеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы бұл жоспарларды, жобалық шешімдерді, жұмыс ерекшеліктері мен кестелерін, сондай–ақ көрсетілген құжаттарға АДБ негізді түрде талап ететін егжей–тегжейлі дәрежеге сай жасалған кез келген елеулі өзгерістерді олар дайындалғаннан кейін шұғыл түрде беруге немесе олардың берілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.04–бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындауға және Жоба объектілерін пайдалануға қатысты өз департаменттері мен ұйымдарының барлық іс–әрекеттерінің ұтымды әкімшілік саясат пен рәсімдерге сәйкес жүргізетініне көз жеткізуге міндеттенеді.
      4.05–бөлім. (а) Қарыз алушы (і) Жоба үшін жекелеген есептіліктерді жүргізуге не олардың жүргізілуін қамтамасыз етуге; (іі) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен құзыретінің саласы АДБ–ның талаптарына жауап беретін тәуелсіз аудиторлардың аудиттің тиісті стандарттарын нақты қолдана отырып, осы шоттардың деректеріне және тиісті қаржылық есептерге жыл сайынғы аудит жүргізіп отыруға; (ііі) алғанына қарай, бірақ әрбір тиісті фискальды жыл аяқталған сәттен бастап тоғыз (9) ай өткеннен кейін кешіктірмей, осы шоттардың және қаржылық есептердің аудиттен өткен және расталған көшірмелерін және аудиторлардың есебін (Қарыз қаражатын пайдалануға және қаржылық шарттардың осы Қарыз туралы келісімге сәйкес келуіне қатысты аудиторлардың пікірлерімен қоса) ағылшын тілінде АДБ–ға беруге; сондай-ақ АДБ–ның (іv) мерзімдіқ негізді талаптары бойынша осы шоттар мен қаржылық есептерге және аудитке қатысы бар өзге ақпаратты АДБ–ға беруге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы, АДБ–ның талабы бойынша, Қарыз алушының Жоба үшін қаржылық есептерін және оның Жобаға қатысы бар қаржылық істерін жоғарыда көрсетілген 4.05(а) бөлікке сәйкес Қарыз алушы жалдаған аудиторлармен бірге кезең–кезеңімен талқылап отыру құқығын АДБ–ға беруге міндеттенеді және егер Қарыз алушы өзгеше көрсетпесе, кез келген осындай талқылау Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана өткізілу шартымен, АДБ–ның сұрау салуы бойынша, аудиторлардың кез келген өкіліне осындай талқылауға қатысуға өкілеттік беруге және соны талап етуге міндеттенеді.
      4.06–бөлім. Қарыз алушы АДБ–ның өкілдеріне Жоба мен Жобалық объектілерді, сондай-ақ кез келген тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялауға мүмкіндік беруге міндеттенеді.
      4.07–бөлім. Қарыз алушы барлық Жобалық объектілердің жолдарды пайдалану және оларға қызмет көрсету және жөндеу экологиялық, ұтымды инженерлік, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес, сондай–ақ жолдарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету рәсімдеріне сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

V БАП
Күшіне енуі

      5.01–бөлім. Осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн өткеннен кейінгі күн Қарыз беру ережелерінің 10.04–бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне ену күні болып есептеледі.

VI БАП
Өзге де ережелер

      6.01–бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру ережелерінің 12.02–бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді.
      6.02–бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру ережелерінің 12.01–бөлімінде жазылған мақсаттар үшін көрсетіліп отыр:

Қарыз алушы үшін
      Қазақстан Республикасы
      Астана, 010000
      Жеңіс даңғылы, 11
      Қаржы министрлігі

      Факс
      +7 (7172) 71 77 85

АДБ үшін
      Asian Development Bank
      6 ADB Avenue
      Mandaluyong City
      1550 Metro Manila
      Philippines

      Факс:
      (632) 636–2444
      (632) 636–2448.

      ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ РАСТАУ үшін осы Келісімнің тараптарының атынан олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз туралы келісімге тиісті қолдардың қойылуын және оны АДБ–ның штаб–пәтеріне жоғарыда көрсетілген күн мен жылда жеткізуді қамтамасыз етті.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
__________________________
    [Уәкілетті өкіл]  

АЗИЯ ДАМУ БАНКІ  
___________________________
    [Уәкілетті өкіл]  

1–ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы

      1. Жобаның мақсаты Жамбыл облысындағы (Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізінің) ОАӨЭЫ 1 дәлізі Тараз қаласының айналма жолы учаскесінде көлік желісінің тиімділігін арттыру жолымен Қарыз алушының тұрақты экономикалық дамуына ықпал ету.
      2. Жоба ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі шеңберінде екі жолақты қозғалысы бар ІІ техникалық санаттағы ұзақтығы 7,7 км жолдың қолданыстағы учаскесін цемент–бетонды төсемі бар және төрт жолақты қозғалысы бар І–б техникалық санатқа ауыстыру арқылы реконструкциялауды, сондай–ақ асфальт–бетонды төсемі бар және екі жолақты қозғалысы бар ІІ техникалық санаттағы ұзақтығы 57,4 км Тараз қаласының айналма жолының жаңа учаскесін салуды қамтиды.
      3. Жобаның аяқталуы 2014 жылғы 31 желтоқсанда күтіледі.

2–ҚОСЫМША
Қарызды өтеу кестесі (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба)
[Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық
транзит дәлізі]

      1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын төлеу күндері және Қарыздың негізгі сомасын әрбір төлеу күніндегі төленуі тиіс Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы көрсетілген (кезекті жарна). Егер Қарыз қаражаты Қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде алынған болса, онда Қарыздың негізгі сомасын төлеудің әрбір күніне Қарыз алушы өтеуі тиісті Қарыздың негізгі сомасын АДБ: (а) негізгі Қарызды өтеуге төлемнің бірінші күнгі сәтінде талап етілетін және талап етілмейтін Қарыздың жалпы негізгі сомасына; (b) негізгі Қарызды өтеуге төлемнің әрбір күні үшін кезекті жарнасын көбейту арқылы анықтайды, мұндай өтеу сомасы валютаны айырбастау қолданылатын осы қосымшаның 4–тармағында сипатталған кез келген сомаларды шегеру қажеттілігіне орай түрлендіріледі.

Төлем күні

Кезекті жарна (%-ға шаққанда)

2016 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2016 жылғы 15 қараша

2.500 000

2017 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2017 жылғы 15 қараша

2.500 000

2018 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2018 жылғы 15 қараша

2.500 000

2019 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2019 жылғы 15 қараша

2.500 000

2020 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2020 жылғы 15 қараша

2.500 000

2021 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2021 жылғы 15 қараша

2.500 000

2022 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2022 жылғы 15 қараша

2.500 000

2023 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2023 жылғы 15 қараша

2.500 000

2024 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2024 жылғы 15 қараша

2.500 000

2025 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2025 жылғы 15 қараша

2.500 000

2026 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2026 жылғы 15 қараша

2.500 000

2027 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2027 жылғы 15 қараша

2.500 000

2028 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2028 жылғы 15 қараша

2.500 000

2029 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2029 жылғы 15 қараша

2.500 000

2030 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2030 жылғы 15 қараша

2.500 000

2031 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2031 жылғы 15 қараша

2.500 000

2032 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2032 жылғы 15 қараша

2.500 000

2033 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2033 жылғы 15 қараша

2.500 000

2034 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2034 жылғы 15 қараша

2.500 000

2035 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2035 жылғы 15 қараша

2.500 000

Жиыны

100.000 000

      2. Егер Қарыз қаражаты негізгі Қарызды өтеу үшін төленетін төлемнің бірінші күніндегі сәтке дейін толық көлемде талап етілмеген болса, негізгі Қарызды өтеу үшін төлем төленетін әрбір күнге Қарыздың Қарыз алушы төлеуі тиіс негізгі сомасы былайша айқындалады:
      (а) Қарыз алушы негізгі Қарызды өтеу үшін төленетін төлемнің бірінші күніне дейін қарыздың кез келген қаражаты талап етілуі тиіс дәрежеде осы Қосымшаның 1–тармағына сәйкес осы күн сәтіндегі талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.
      (b) негізгі Қарызды өтеу үшін төленетін төлемнің бірінші күнінен кейін жүргізілген кез келген қаражат алу негізгі Қарызды (бастапқы кезекті жарнаны) өтеуге жоғарыда аталған төлем күні үшін әрбір алу сомасын, алымы осы қосымшаның 1–тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы кезекті жарнаны құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындаған сомаларда осы алу күнінен кейін түсетін негізгі Қарызды өтеу төлемінің әрбір күнінде өтелуі тиіс және бөлгіші осы күнгі сәтінде және одан кейін түсетін негізгі Қарызды өтеу үшін төлем төленетін күндер үшін барлық қалған бастапқы кезекті жарналардың сомасын құрайды, бұл төлем сомалары, оларға айырбастау қолданылатын осы қосымшаның 4–тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде түрлендірілетін болады.
      3. Негізгі Қарызды өтеу үшін негізгі өтеу күндері төленуі тиіс, төлем күндерінің кез келгеніне дейінгі екі күнтізбелік айдың ішінде тек қана негізгі соманы есептеу мақсатында жүргізілген қаражат алуларды қаражат алынған күннен кейінгі негізгі Қарызды өтеу үшін төленетін төлемнің екінші күнгі сәтіне талап етілген және талап етілмеген деп есептеген жөн және қаражат алынған күннен кейінгі екінші күннен бастап, осы сома негізгі Қарызды өтеу үшін төлем төленетін әрбір күніне төленуі тиіс.
      4. Осы қосымшаның 1 және 2–тармақтарының ережелеріне қарамастан, валюталар толық көлемде немесе ішінара талап етілген Қарыздың негізгі сомасының қаражаты бекітілген валютаға айырбасталған кезде айырбастау кезеңі ішінде негізгі соманы кез келген өтеу күнінде өтелуі тиіс жоғарыда аталған бекітілген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тікелей жоғарыда аталған айырбастау алдында ірілендірілген валютадағы бұл соманы не: (і) жоғарыда аталған айырбастауға жататын валюталарды қос айырбастау шеңберінде АДБ–ға төленуі тиіс, көрсетілген бекітілген валютада көрініс табатын негізгі соманы валюта айырбастау бағамына; не (іі) айырбастау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес негізгі АДБ–ның шешімі бойынша бекітілген мөлшерлеме валюталар айырбастау бағамының құрамдасына көбейту жолымен айқындайды.
      5. Егер талап етілген және талап етілмеген Қарыздың негізгі сомасы Қарыздың бірден артық валютасында кезең–кезеңімен номиналданса, осы Қосымшаның ережелері осы әрбір сома үшін жеке өтеу кестесін әзірлеу мақсатында Қарыздың әрбір валютасына номиналданған сомаларға жеке қолданылуы тиіс.

3–ҚОСЫМША
Қарыз қаражатын бөлу және алу

Жалпы ережелер

      1. Осы қосымшадағы кестеде (бұдан әрі кесте деп аталады) қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын Шығыс баптарының санаттары, сондай–ақ әрбір осындай санат үшін Қарыз сомасын бөлу баяндалады. (Осы қосымшада «санат» деген ұғым кестенің санатына жатады).

АДБ қаржыландыруының пайыздық мәндері

      2. Егер АДБ өзгеше келіспесе, Шығыс баптарының әрбіреуі кестеде көрсетілген пайыздық мәндер негізінде қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.

Қайта бөлу

      Кестеде көрсетілген Қарыз қаражатын және қаражатты алу пайызын бөлуге қарамастан,
      (а) егер әрбір санат үшін бөлінген Қарыз сомасы осы санаттың келісілген барлық шығыстарын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болып табылса, АДБ Қарыз алушыға хабарлау шартымен, (і) басқа санат үшін бөлінген, бірақ АДБ пікірі бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға керек емес қаражат есебінен қаражат тапшылығының орнын толтыру үшін қажетті дәрежеде осы санат үшін қаражатты қайта бөлуге құқылы, сондай–ақ (іі) егер бұл қайта бөлу есептелген тапшылықтың орнын толығымен толтыра алмаса, осы санат үшін бұдан былайғы алулар барлық шығыстар жабылғанға дейін бұл шығыстар үшін қаражатты алу пайызын азайта алмаса; және
      (b) қандай да бір санатқа бөлінген қарыздың сомасы осы санаттағы барлық келісілген шығыстардан асып түссе, АДБ Қарыз алушыға хабарлау арқылы артық соманы басқа санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.

Қарызды төлеу рәсімі

      Егер АДБ–мен өзгеше келісілмесе, қарыз қаражаты АДБ–ның Қарыз төлеу бойынша анықтамалыққа сәйкес төленуге жатады.

КЕСТЕ

ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба)
[Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық
транзит дәлізі]

САНАТЫ

АДБ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕГІЗІ

Нөмірі

Атауы

АДБ–ның қаржыландыруы үшін бөлінген жалпы сома
$ Санаты

Қарыз шотынан АДБ–ның қаржыландыру пайызы

1

Жұмыстар

95 000 000

Шығындардың жалпы сұралатын сомасының 85 пайызы


Жиыны

95 000 000


4–ҚОСЫМША
Жұмыстарды сатып алу

Жалпы ережелер

      1. Жұмыстарды барлық сатып алу сатып алу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орындалуға және бақылауға жатады.
      2. Осы қосымшада қолданылатын және осы Қарыз туралы келісімде басқаша айқындалмаған барлық терминдер сатып алу жөніндегі нұсқаулықта жазылған мағынаға ие болады.

Жұмыстарды сатып алу

      3. Жұмыстар халықаралық конкурстық сауда–саттық рәсімдері негізінде сатып алынатын болады.
      4. Басқа шарттардан өзге, сатып алу рәсімі сатып алу жоспарында көрсетілген егжей–тегжейлі уағдаластықтар мен шекті құнға сәйкес орындалуға жатады. АДБ–мен алдын ала келісілген жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды түрлендіруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуі тиіс.

Келісімшартты тапсыру шарттары

      5. Қарыз алушы:
      (a) аяқталған ҚОӘБ–ні Қарыз алушының тиісті органдары мақұлдағанша;
      (b) Қарыз алушы жұмыстарды орындауға арналған келісімшарттарға ҚОӘБ–нің тиісті ережелерін енгізгенше, қоршаған ортаға тигізетін әсерді қамтитын жұмыстарға келісімшарттар бермеуі тиіс.
      6. Қарыз алушы жұмыс жобасы негізінде түпкілікті ЖСҚЖ–ны дайындағанша және оны АДБ–ға ұсынғанша және осындай ЖСҚЖ–ға АДБ–ның мақұлдауын алғанша Қарыз алушы мәжбүрлеп қоныс аударуды қамтитын жұмыстарға келісімшарттар жасаспауы тиіс.

Өнеркәсіптік және зияткерлік меншікке құқықтар

      7. (а) Қарыз алушы сатып алынған жұмыстардың барлығы (не жеке, не басқа тауарлар мен қызметтердің құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді, компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке құқықтарын немесе талабын бұзбауларын немесе қысым жасамауларын қамтамасыз етуге міндеттенеді;
      (b) Қарыз алушы жұмыстарды сатып алу бойынша барлық келісімшарттарда тиісті ұйғарымдар, кепілдіктер және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігердің немесе өнім берушінің тарапынан залалды өтеу кепілдіктері қамтылғанына көз жеткізуге міндеттенеді.

АДБ-ның сатып алу туралы шешімдерді қарауы

      8. Халықаралық конкурстық сауда–саттық рәсімдеріне сәйкес сатып алынатын барлық келісімшарттар АДБ–ның алдын ала қарауына жатады.
      9. Қарыз алушы:
      (а) келісімшарт бойынша жұмыстардың аяқталуына белгіленген кезеңнің ұзартылуына уақыт беруден;
      (b) келiсiмшарттың шарттары бойынша кез келген өзгерiске, оның ішінде төменде ұсынылған (с) және (d) тармақтарын негізге ала отырып, тәртіпті кез келген өзгертуге келiсуден немесе бас тартудан;
      (с) келісімшарт бойынша жұмыстардың тәртібіне, жалпы сомада келісімшарттың бастапқы бағасын ұлғайтатын өзгерістер енгізу мәселелері (мұндай күмән тудырмау үшін жалпы сомада кез келген алдыңғы немесе осындай шарт бойынша тәртіптегі немесе өкімдегі бір мезгілдік өзгерістер ескерілуі тиіс, немесе
      (d) келісімшарт бойынша жұмыстардың, келісімшарттың бастапқы бағасының 15 %–ынан астамға (не ұлғаю не азаю арқылы) өзгеретін көлемдерінің өзгеру мәселелері, тіпті егер мұндай өзгерістің жалпы сомада шамамен жиынтық әсері келісімшарттың бастапқы бағасын ұлғайтпаса да. Күмән тудырмау үшін мұндай жалпы сомада кез келген алдыңғы немесе осындай шарт бойынша тәртіптегі немесе өкімдегі бір мезгілдік өзгерістер ескерілуі тиіс.
      10. АДБ бекітуге берілген әрбір сұрау салуға АДБ–ның мұндай сұрау салуды алғанынан кейін жоғарыда көрсетілген 9–тармаққа сәйкес 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) жауап беруі тиіс. АДБ анықтағанындай әрбір жағдайда мұндай жауап сұрау салудың: (а) бекітілгенін, (b) кері қайтарылғанын, (с) ол бойынша шешім қосымша ақпарат пен құжаттама алынғанша кейінге қалдырылғанын; немесе (d) ол бойынша шешім оны АДБ–ның сатып алу жөніндегі комитеті қарағанша кейінге қалдырылғанын білдіреді. Егер АДБ мұндай сұрау салуды алғанынан кейін 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) жауап бермесе, сұрау салуды (егер бұл сұрау салу АДБ–ның сатып алу жөніндегі комитетінің қарауына жататын болса, ондайды қоспағанда) АДБ бекітті деп саналады. (с) жағдайында Қарыз алушы АДБ–ға сұраған ақпаратты немесе құжаттаманы кідіртпестен беруі тиіс және АДБ тиісті сұрау салуға АДБ–ны қанағаттандыратын сұратқан ақпаратын немесе құжаттамасын алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) жауап беруі тиіс. (d) жағдайында АДБ Қарыз алушыны сатып алу жөніндегі комитеттің шешімі туралы сатып алу жөніндегі комитеттің мұндай шешімді қабылдағанынан кейінгі 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) хабардар етуі тиіс.
      11. Қарыз алушы міндетті не мыналарды ККМ–нің:
      (а) жоғарыда көрсетілген 9–тармаққа сәйкес АДБ мақұлдағаннан кейін 7 күн ішінде АДБ–ға мерзімдерді ұзарту, келісімшарттардағы өзгерістер (тәртібін өзгертуді қоса алғанда) мен олардан бас тартулар бойынша барлық құжаттардың көшірмелерін және келісімшарттарға қосымша келісімдерді ұсынуын, сондай–ақ
      (b) жоғарыда көрсетілген 9–тармаққа сәйкес АДБ–ның алдын ала мақұлдауын қажет етпейтін келісімшарттар бойынша барлық жұмыстардың тәртібіне енгізілген өзгерістердің барлығының есебін жүргізуін және осындай есепті АДБ–ның қарауына әрбір 6 айда ұсынуын қамтамасыз етуге міндетті.

5–ҚОСЫМША
Жобаны орындау; қаржылық мәселелер

Іске асыру тәртібі

      1. Қарыз алушы мен ККМ Жобаның БЖН–да жазылған белгілі бір іс–шараларға сәйкес іске асырылуына кепілдік беруге міндетті. БЖН–дегі кейінгі кез келген өзгерістер Қарыз алушы (ККМ арқылы) мен АДБ мұндай өзгерістерді бекіткенінен кейін ғана күшіне енеді. БЖН мен осы Қарыз туралы келісім арасындағы кез келген сәйкес келмеу жағдайында осы Қарыз туралы келісімнің ережелері басымдылық күшке ие болады.

Қоршаған орта

      2. Қарыз алушы ККМ–ге жобаны және жобалық объектілерді дайындау, жобалау, салу, іске асыру, пайдалану және пайдаланудан шығару: Қарыз алушының (а) қоршаған ортамен, денсаулықпен және қауiпсiздiкпен байланысты қолданылатын заңдары мен нормативтiк актілеріне, (b) Қоршаған ортаға қатысты саясатына және (с) ҚОӘБ мен ҚОБЖ–да жазылған барлық шаралар мен талаптарға және Мониторинг нәтижелері туралы баяндамаларға қатысты саясатта жазылған кез келген түзетуші және түсіндіруші іс–қимылдарға сәйкес болуына кепілдік беруді тапсыруы тиіс. Қарыз алушы ККМ–ге ҚОБЖ–ның жаңартылған нұсқасын жұмыстар басталғанша ұсынуды тапсыруға міндетті.

Жер сатып алу және қоныс аудару

      3. Қарыз алушы ККМ–ге:
      (а) жұмыстарды орындауға арналған тиісті келісімшартта келісілген кестеге сәйкес Жоба үшін қажетті барлық жер учаскелері мен бөлу жолақтары келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қол жетімді болуына; және
      (b) барлық сатып алынған жерлер мен қоныс аудару бойынша іс–шаралар: Қарыз алушының (i) жер сатып алумен және мәжбүрлеп қоныс аударумен байланысты қолданылатын заңдары мен нормативтiк актілеріне, және (ii) ЖСҚЖ–ның шаралары мен талаптарында көзделгендей мәжбүрлеп қоныс аудару саласындағы саясатқа және мониторинг нәтижелері туралы баяндамаларға қатысты саясатта жазылған кез келген түзетуші және түсіндіруші іс–қимылдарға сәйкес жүзеге асырылуына көз жеткізуді тапсыруы тиіс.
      4. Мәжбүрлеп қоныс аудару саласындағы саясаттың немесе ЖСҚЖ–ның қолданылуына шектеу қоймастан Қарыз алушы ККМ–ге мыналар:
      (а) Қарыз алушы түпкілікті ЖСҚЖ бойынша АДБ–ның мақұлдауын алғанша және бұл ЖСҚЖ тиісті тұлғаларға ашық жарияланғанша; және
      (b) өтемақылар мен басқа да төлемдер зардап шеккендерге ЖСҚЖ–ға сәйкес берілгенше;
      (с) тіршілік ету үшін жиынтық табыс пен қаражат бағдарламасы ЖСҚЖ–ға сәйкес жасалғанша, және
      (d) Қарыз алушы осы тармақтың талаптарын орындау бойынша Қарыз алушы мен АДБ тағайындаған тәуелсіз сарапшы растаған есепті АДБ–ға ұсынғанша және АДБ бұл баяндаманы мақұлдағанша Жобаға байланысты не жан басының не экономикалық қоныс аударудың орын алмауын қамтамасыз етуді тапсырады.

Жергілікті халық

      5. Қарыз алушы ККМ–ге ҚШС–тің мән–мағынасы бойынша Жоба жергілікті халыққа қандай да бір әсер етпейтініне кепілдік беруді тапсыруы тиіс. Егер осындай әсер орын алатын болса, онда Қарыз алушы ККМ–ге Қарыз алушының және ККМ–нің жергілікті халықтарға байланысты қолданылатын барлық заңдары мен қағидаларына сәйкес жергілікті халық бойынша жоспар дайындауды, жария етуді және іске асыруды тапсыруы тиіс.

Саясаттардың талаптарын іске асыру бойынша адам және қаржы ресурстары

      6. Қарыз алушы ККМ–ге ҚОБЖ мен ЖСҚЖ–ны толығымен жүзеге асыру үшін қажетті бюджет және адам ресурстарын беруді тапсыруы тиіс.
      7. Қарыз алушы ККМ–ге жұмыстарды орындауға арналған барлық тендерлік құжаттар мен келісімшарттар мердігерлерді мынаған:
      (а) ҚОӘБ–да мен ҚОБЖ және ЖСҚЖ–да жазылған, мердігерге қатысы бар шаралар мен мониторинг нәтижелері туралы баяндамаларға қатысты саясатта жазылған кез келген түзетуші және түсіндіруші іс–қимылдарды сақтауға;
      (b) осы экологиялық және әлеуметтік шаралардың барлығына бюджет қаражатын беруге; сондай–ақ
      (c) ККМ–ге экологияға, қоныс аударуға (оның ішінде жерді уақытша сатып алуға және қоныс аудару бойынша іс–шараларға, сондай–ақ тиісті тұлғалармен жасалған келісімдерге) немесе жергілікті халықтармен және Жобаны салу, іске асыру немесе пайдалану процесінде туындаған және ҚОӘБ, ҚОБЖ және ЖСҚЖ–да қаралмаған әсерлерге байланысты алдын ала көріп–білу мүмкін болмаған кез келген тәуекел туралы жазбаша хабарлама беруге міндеттейтін ережелерді қамтитынына кепілдік беруді тапсыруы тиіс.

Мониторинг нәтижелері туралы есептерге қатысты саясат

      8. Қарыз алушы ККМ–ге мыналарды орындауды:
      (a) АДБ–ға (i) құрылыс кезеңінде әр жарты жылда бір рет және (ii), жыл сайын пайдалану кезінде мониторинг нәтижелері туралы есептерге қатысты саясатты ұсынуды және ұсынылғаннан кейін кідіртпестен осындай есептердегі тиісті ақпаратты тиісті тұлғаларға жария етуді;
      (b) Егер Жобаны салу, іске асыру және пайдаланудың қандай да бір кезеңінде ҚОӘБ, ҚОБЖ және ЖСҚЖ–да көзделмеген қоршаған орта және/немесе оған әсерге қатысты тәуекел туындаса оқиғаны егжей-тегжейлі сипаттай отырып, мұндай тәуекелдердің туындауы мен әсері туралы АДБ–ны кідіртпестен хабардар етуді;
      (c) жұмыстарды орындауға арналған келісімшартты жасасқан күннен кешіктірмей, АДБ үшін қолайлы іріктеу процесі мен техникалық тапсырма шеңберінде білікті және тәжірибелі сыртқы сарапшыларды (бұл сарапшылар Қарыз алушы мен АДБ арасындағы № 2503 қарыз шеңберіндегі жобаны басқару жөніндегі бюджеттен қаржыландырылатын болады) тағайындауды, Жобаның мониторингі арқылы алынған ақпаратты тексеруді, сондай–ақ осындай сыртқы сарапшыларды тексеру бойынша кез келген қызметті жүргізуге жәрдемдесуді, және
      (d) ҚОБЖ және ЖСҚЖ–да жазылған шаралар мен талаптардың сақталуын кез келген іс жүзіндегі немесе әлеуетті бұзушылықтар туралы мұндай бұзушылықтар туралы белгілі болғаннан кейін дереу хабарлауды тапсыруы тиіс.

Тыйым салынған инвестициялар тізімі

      9. Қарыз алушы Қарыздың ешқандай қаражаты ҚШС–ның 5–қосымшасында көзделген тыйым салынған инвестициялық қызмет тізіміне кірген қандай да бір қызметті қаржыландыруға пайдаланылмауын қамтамасыз етуі тиіс.

Еңбектi қорғау

      10. Қарыз алушы ККМ–ге құрылыс мердiгерлерiнiң: (a) қолданылатын негiзгi еңбек стандарттарын, еңбек заңнамасын және жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң тиiстi нормаларын қолдануды; (b) ерлер мен әйелдерге тең еңбек үшiн тең ақы төлеудi; (c) жолдарды салу және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi iс–шаралар кезiнде балалар еңбегiн пайдаланбауды; (d) жұмысқа қойылатын талаптарды баламалы орындау және тиiмдiлiк шартымен жобаның құрылыстық мақсаттары үшiн жергiлiктi аз қамтылған және тұрмысы нашар халықты ықтимал көлемде барынша жұмысқа орналастыруды; және (e) тәжiрибесi бар және тәжiрибесi жоқ жұмыс iстейтiн әйелдердi жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілуін қамтамасыз етуді тапсырады.

Денсаулық сақтау

      11. Қарыз алушы ККМ–ге АИТВ/ЖИТС–ны қоса алғанда, жыныстық жолмен тарайтын аурулардың тәуекелдері туралы ақпараттың Жобаның шеңберінде тартылған мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері арасында және Жобалық жол тікелей жақын тұратын жергілікті тұрғындар арасында таратылуын қамтамасыз етеді.

Бiрлесiп қаржыландыру

      12. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келiсiмнiң 4.02–бөлiмiнiң жалпы мағынасын шектеместен, ККМ үшiн жыл сайын бөлiнетiн бюджет қаражаты түрiнде жобаны уақтылы және тиiмдi орындау үшiн қажеттi бiрлесiп қаржыландырудың барлық қаражатына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мiндеттенедi және қажеттi ресурстар уақтылы ұсынылатынына көз жеткiзуге мiндеттенедi. Қарыз алушы ККМ–нiң жобаны iске асыру үшiн қаржыландырудағы барлық өзгертiлген қажеттiлiктердi өзiнiң жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгiзетiнiне көз жеткiзуге мiндеттенедi. Қарыз алушы (i) осы Жобаны іске асыруға байланысты кез келген артық шығысты қаржыландыруға және (ii) АДБ–дан осы Жобаға байланысты артық шығыстарды қосымша қаржыландыру беруін сұрамауға міндеттенеді және келіседі.

Құрылыстың сапасы

      13. Қарыз алушы ККМ–ге жобаның қолданылатын техникалық ерекшелiктер мен жоспарларға сәйкес орындалуын және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және жобаны басқару қолданылатын стандарттар мен үздiк халықаралық тәжiрибеге сәйкес жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi тапсырады.

Заңсыз саудаға жол бермеу

      14. Қарыз алушы жобалық жолда адамдарды, жабайы жануарларды, сирек кездесетiн жануарларды және бақыланатын заттарды заңсыз сатуды анықтау және болғызбау үшiн заңнамада көзделген сенiмдi әрi қатаң шаралардың орындалуын толығымен қамтамасыз етедi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

      15. Қарыз алушы мен ККМ: (а) АДБ–ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатын (1998 жылғы, қазіргі уақыттағы түзетулерімен) қолдануға міндеттенеді және АДБ–ның тікелей не өзінің агенттері арқылы Жобаға қатысты барлық болжамды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге; және (b) толыққанды ынтымақтастыққа және осындай кез келген тексерудің қанағаттанарлық аяқталуы үшін қажетті қолдау көрсету жолымен мұндай тексерулерге құқылы екендігімен келіседі.
      16. Қарыз алушы ККМ–ге АДБ–ның барлық мердігерлердің, өнім берушілер мен консультанттардың, сондай–ақ Жобаға қатысы бар қызметтерді көрсетушілердің жазбалары мен шоттарына аудит жүргізу және тексеру жүргізу құқығын айқындайтын ережелерді қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің АДБ–ға қолайлы ережелері барлық келісімшарттар мен тендерлік құжаттарда қамтылуын қамтамасыз етуге тапсырма береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады