Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1413 Қаулысы

Баспасөз релизі

      Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкімінің 2.1.34-тармағына сәйкес әзірленді.
      Жобада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңына Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерін сәйкес келтіру көзделеді.
      Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық зардаптарға душар етпейді. Жобаны іске асыруға байланысты қаржы шығындары талап етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз