"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 20 наурыздағы
№ 57-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман
шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы
Заңын іске асыру мақсатына қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік-құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), ЖРА

2012 жылғы сәуір

2.

«Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1339 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегі Орман және аң шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк орман күзетi және аң шаруашылығы қызметкерлеріне арналған айырым белгiлерiнiң, пішінді киiмдердiң сипаттамасы және оларды беру нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 5 наурыздағы № 303 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

3.

Ормандарды молықтыру және орман өсіру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

4.

Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы қараша

5.

Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

6.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

7.

Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

8.

Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), ТЖМ

2012 жылғы сәуір

9.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

10.

Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жеке орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), Қаржыминi

2012 жылғы қараша

11.

Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), ККМ

2012 жылғы сәуір

13.

Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

14.

Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

15.

Мемлекеттік орман мониторингін жүргізу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

16.

Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

17.

Дериваттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), БҒМ

2012 жылғы сәуір

18.

Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

19.

Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесiлуiнен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

20.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), БҒМ

2012 жылғы сәуір

21.

Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), Қоршағанортаминi, БҒМ

2012 жылғы сәуір

22.

Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), БҒМ

2012 жылғы қараша

23.

Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтiк қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), ІІМ

2012 жылғы сәуір

24.

Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

25.

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы қараша

26.

Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы қараша

27.

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы қараша

28.

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсiрудi дамыту үшiн пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

29.

Әкімшілік органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), БҒМ

2012 жылғы сәуір

30.

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн ерекше құнды объектiлерге жатқызу, олардың шекараларын белгiлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

31.

«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

32.

«Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

33.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), БҒМ

2012 жылғы сәуір

34.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығын қорғау аумағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

35.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2012 жылғы сәуір

36.

Орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

37.

Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

38.

Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

39.

Орман тұқымдарын аудандастыруды бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

40.

Орман шаруашылығы саласында ынталандыру қағидаларын және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

41.

Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ, БҒМ

2012 жылғы сәуір

42.

Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу тәртібін бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

43.

Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

44.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін бекiту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

45.

Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы 

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы қараша

46.

Аншлагтарының үлгiлерiн және аңшылық шаруашылықтар, өсiмiн молайту учаскелерi мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшiн тыйым салынған мерзiмдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсiпшiлiк журналдың) нысанын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

47.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құрметтi атақтар, төс белгiлерiн және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы

Бұйрық
 

АШМ

2012 жылғы сәуір

48.

Қорықшының төс белгiсiнiң және айыру белгiсi бар арнайы киiмiнiң нысанын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

49.

Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөнiндегi қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

50.

Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру жөнiндегi қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

51.

Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерiн есепке алуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

52.

Аңшылық минимумды бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

53.

Аңшы куәлiгiн беру жөнiндегi есептiлiктiң нысанын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

54.

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлерi енгiзiлген жануарларды жасанды өсiрудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк органда тiркеу қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

55.

Су қоймаларына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

56.

Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

57.

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айыру белгілері бар (погондарсыз) тізбесін бекiту туралы нысандық киімді киюге құқығы бар қызметкерлерінің

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

58.

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

59.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібінің қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

60.

Айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын  онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

61.

Ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесін бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

62.

Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

63.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

64.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Бұйрық

АШМ

2012 жылғы сәуір

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
ЖРА – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
IIМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады