2000 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1414 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан 2000 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 1414 қаулысымен 
мақұлданған  

Жоба

2000 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Салық
заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және
өзара көмек туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi (бұдан әрі – Тараптар) 2000 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімнің (бұдан әрi – Келісім) 10-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап
Терминдердiң анықтамасы

      Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн қолданылатын терминдер мыналарды бiлдiредi:
      «салық заңнамасы» – салықтардың, алымдардың (баждардың) және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлерiн, оларды Қазақстан Республикасының немесе Беларусь Республикасының аумағында өндiрiп алу тәртiбiн белгiлейтiн және салықтық мiндеттемелердiң туындауына, өзгеруiне және тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейтiн заңдық нормалардың жиынтығы;
      «салық заңнамасын бұзу» – салық төлеушiнiң бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындамауынан не тиiсiнше орындамауынан көрiнетiн, ол үшiн заңдық жауапкершiлiк белгiленген құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсiздiк;
      «құзыреттi салық органдары»:
      Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша салық органдары;
      Беларусь Тарапынан – Беларусь Республикасының Салықтар және алымдар министрлігі, Беларусь Республикасы Салықтар және алымдар министрлігінің облыстар және Минск қаласы бойынша инспекциялары;
      «орталық құзыреттi салық органдары»:
      Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
      Беларусь Тарапынан – Беларусь Республикасының Салықтар және алымдар министрлігі;
      «құзыреттi салық органының уәкілетті адамдары»:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінен – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша салық органдарының бастықтары (бастықтарының орынбасарлары);
      Беларусь Республикасының Салықтар және алымдар бойынша министрлігінен – Беларусь Республикасының Салықтар және алымдар министрі, Салықтар және алымдар министрінің орынбасарлары, Салықтар және алымдар министрлігінің облыстар және Минск қаласы бойынша инспекцияларының бастықтары (бастықтарының орынбасарлары);
      «салық төлеуші» – Қазақстан Республикасының салық төлеушісі немесе Беларусь Республикасының салықтарды, алымдарды (баждарды) төлеушісі;
      «сұрау салушы салық қызметi» – салық мәселелерi бойынша жәрдем көрсету туралы сұрату жiберетiн Қазақстан Республикасының немесе Беларусь Республикасының құзыреттi салық органы (бұдан әрi – жәрдемдесу туралы сұрату);
      «сұрау салынатын салық қызметi» – жәрдемдесу туралы сұратуды алатын Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасының құзыреттi салық органы.».

2-бап

      Келісімнің 2-бабында:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жәрдемдесу туралы немесе бастамашылық тәртiппен салық төлеушілердің кірістері, мүлкі, басқа да салық салу объектілері туралы ақпаратты және салық заңдарын сақтауға қатысты өзге де ақпаратты сұрату бойынша ұсынуда;»;
      бесінші абзацта «компьютерлiк жүйелердi» деген сөздер «ақпараттық жүйелердi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық төлеушiлермен және салық органдарымен жұмысты ұйымдастыруда;».

3-бап

      Келісімнің 3-бабында:
      бірінші абзацтың екінші сөйлемінде «ауызша нысанда жасалуы мүмкін» деген сөздер «байланыстың электрондық арналары немесе факсимильді байланыс арқылы жіберілуі мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «сұрату жасалатын салық төлеушiнiң атауын (тегі, өзінің аты, әкесінің аты (егер онысы болса), болатын (тұратын жерінің) мекенжайын және есептік (сәйкестендіру) нөмірін;»;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сұрау салу орыс тiлiнде жасалады және құзыреттi салық органының уәкілетті адамы қол қояды.».

4-бап

      Келісімнің 4-бабында:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тараптар ақпарат алмасудың мынадай тәртібін белгілеуге (мемлекеттiк құпияға жататын немесе заңнамаға сәйкес салық органы бере алмайтын ақпаратты қоспағанда) келісті:
      нақты жағдайларға қатысты сұрау салу бойынша;
      осы Келісімнің 4-1-бабында аталған кірістердің жекелеген түрлеріне қатысты бастамашылықпен, сондай-ақ мемлекеттiң құзыреттi салық органының әдеттегі әкімшілік тәжірибесінің барысында алған және басқа мемлекеттiң құзыреттi салық органының мүддесін білдіруі мүмкін ақпаратқа қатысты.»;
      бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Осы Келісімнің шарттарына сәйкес бір мемлекеттің құзыреттi салық органы басқа мемлекеттің құзыреттi салық органына, егер бұл әрекеттер егемендікке, қауіпсіздікке, мемлекеттiк құрылымға залал келтіруі мүмкін немесе өз мемлекетінің мемлекеттiк саясатына қайшы келетін болса, ақпаратты беруге немесе жәрдем көрсетуге міндетті емес. Бір мемлекеттiң құзыреттi салық органына ақпарат беру туралы сұрау салуды орындау басқа мемлекеттiң құзыреттi салық органы, егер оның орындалуын басқа мемлекетте өтіп жатқан тергеу процесі немесе сот талқылауына байланысты жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, кейінге қалдыруы мүмкін.
      Егер жәрдем көрсету туралы сұрау салуды сұрау салынатын салық органы орындай алмайтын болса, ол сұрау салу түскен күннен бастап бiр ай iшiнде бұл туралы жәрдем көрсетуден бас тарту себебiн көрсете отырып, сұрау салушы салық органына жазбаша хабарлайды.».

5-бап

      Келісім мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

«4-1-бап
Бастамашылықпен ақпарат алмасу

      Әрбір күнтізбелік жыл аяқталған соң арнайы сұрау салмай-ақ бір Тараптың орталық құзыреттi салық органы басқа Тараптың орталық құзыреттi салық органына салық төлеушілерге қатысты осы баптың екінші абзацында көрсетілген ақпаратты мүмкіндігінше қысқа мерзімде береді.
      Бастамашылықпен ақпарат алмасу табыстардың мынадай түрлеріне қатысты өтеді:
      а) ұйымдар, серіктестіктер, пайлық инвестициялық қорлар бойынша:
      дивидендтер;
      пайыздар;
      роялти;
      салық органы ақпарат жіберетін мемлекеттiң аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айырудан түскен табыстар;
      салық органы ақпарат жіберетін мемлекеттiң салық төлеушісі болып табылатын ұйымның үлестерін (пайларын, акцияларын) иеліктен айырудан түскен табыстар;
      б) жеке тұлғалар бойынша:
      дивидендтер;
      пайыздар;
      роялти;
      еңбек шарттары (келісімшарттары) бойынша табыстар;
      салық органы ақпарат жіберетін мемлекеттiң аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айырудан түскен табыстар;
      салық органы ақпарат жіберетін мемлекеттiң салық төлеушісі болып табылатын ұйымның үлестерін (пайларын, акцияларын) иеліктен айырудан түскен табыстар.».

6-бап

      Келісімнің 5-бабында:
      екінші абзацта «заңды тұлғаларды» деген сөздер «салық төлеушілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта «заңды және жеке тұлғалардың» деген сөздер «салық төлеушілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацта «заңды тұлғалардың» деген сөздер «салық төлеушілердің» деген сөздермен ауыстырылсын.

7-бап

      Келісімнің 6-бабының бірінші абзацында «салықтық тергеуді орындау» деген сөздер «салықтардың, алымдардың (баждардың) толық және уақтылы төленуін бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын.

8-бап

      Осы Хаттама оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарлама күнінен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнiң қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.
      2012 жылғы _______________________________ қаласында әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасының       Беларусь Республикасының
           Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады