Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 22 мамырда Минск қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметiарасындағы Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы КЕЛIСIМ*
* (2001 жылғы 16 шілдеден бастап күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 2, 25-құжат)
Қазақстан Республикасының Yкiметi және Беларусь РеспубликасыныңYкiметi (бұдан әрi - Тараптар),
салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастық пен өзара көмектiң маңыздылығын негiзге ала отырып,
осы мақсаттарда бiр-бiріне анағұрлым кең ауқымда жәрдем көрсетуге тiлек бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап Терминдердің анықтамасы
Осы Келісімнің мақсаты үшін қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді:
«салық заңнамасы» - салықтардың, алымдардың (баждардың) және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлерін, оларды Қазақстан Республикасының немесе Беларусь Республикасының аумағында өндіріп алу тәртібін белгілейтін және салықтық міндеттемелердің туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы;
«салық заңнамасын бұзу» - салық төлеушінің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындамауынан не тиісінше орындамауынан көрінетін, ол үшін заңдық жауапкершілік белгіленген құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік;
«құзыретті салық органдары»:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша салық органдары;
Беларусь Тарапынан - Беларусь Республикасының Салықтар және алымдар министрлігі, Беларусь Республикасы Салықтар және алымдар министрлігінің облыстар және Минск қаласы бойынша инспекциялары;
«орталық құзыретті салық органдары»:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
Беларусь Тарапынан - Беларусь Республикасының Салықтар және алымдар министрлігі;
«құзыретті салық органының уәкілетті адамдары»:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінен - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша салық органдарының бастықтары (бастықтарының орынбасарлары);
Беларусь Республикасының Салықтар және алымдар бойынша министрлігінен - Беларусь Республикасының Салықтар және алымдар министрі, Салықтар және алымдар министрінің орынбасарлары, Салықтар және алымдар министрлігінің облыстар және Минск қаласы бойынша инспекцияларының бастықтары (бастықтарының орынбасарлары);
«салық төлеуші» - Қазақстан Республикасының салық төлеушісі немесе Беларусь Республикасының салықтарды, алымдарды (баждарды) төлеушісі;
«сұрау салушы салық қызметі» - салық мәселелері бойынша жәрдем көрсету туралы сұрату жіберетін Қазақстан Республикасының немесе Беларусь Республикасының құзыретті салық органы (бұдан әрі - жәрдемдесу туралы сұрату);
«сұрау салынатын салық қызметі» - жәрдемдесу туралы сұратуды алатын Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасының құзыретті салық органы.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР Yкiметiнің 21.10.2013 № 1121 қаулысымен.
2-бап Осы келiсiмнiң қолданылу саласы
Салық заңдарының тиiстi орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тараптар өздерiнiң құзыреттi салық органдары арқылы:
салық заңдарын бұзушылықты болдырмау және (немесе) жолын кесуде;
жәрдемдесу туралы немесе бастамашылық тәртіппен салық төлеушілердің кірістері, мүлкі, басқа да салық салу объектілері туралы ақпаратты және салық заңдарын сақтауға қатысты өзге де ақпаратты сұрату бойынша ұсынуда;
ұлттық салық жүйелерi мен салық заңдарындағы ағымдағы өзгерiстер туралы ақпаратты беруде;
салық органдарының қызметiн қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйелердi құруда және олардың жұмыс барысында;
салық төлеушiлермен және салық органдарымен жұмысты ұйымдастыруда;
кадрларды оқыту және салық қызметінiң қызметкерлерiн тағылымдамадан өткiзу саласында;
бiрлескен iс-қимылдар талап ететін басқа да мәселелер бойынша бiр-бiрiне өзара жәрдем көрсетедi.
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар арасында жасалған өзге де келiсiмдерге сәйкес құзыретті салық органдарының ынтымақтастығына кедергi жасамайды.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Yкiметiнің 2012.11.08 № 1414; 21.10.2013 № 1121 қаулыларымен.
3-бап Жәрдем көрсету туралы сұрау салудың нысаны және мазмұны
Жәрдем көрсету туралы сұрау салу оны қарау үшiн қажеттi құжаттар қоса тiркелiп жазбаша түрде құзыретті органға жiберiледi. Төтенше жағдайларда жәрдем көрсету туралы сұрау салу мүмкіндiгінше қысқа мерзiмдерде оны жазбаша растаумен байланыстың электрондық арналары немесе факсимильді байланыс арқылы жіберілуі мүмкін.
Жәрдем көрсету туралы сұрау салу:
сұрау салатын салық қызметінің атауын;
сұрау салынатын салық қызметінің атауын;
сұрау салудың мақсаты мен себебін;
сұрату жасалатын салық төлеушінің атауын (тегі, өзінің аты, әкесінің аты (егер онысы болса)), болатын (тұратын жерінің) мекенжайын және есептік (сәйкестендіру) нөмірін;
қаралатын кезеңін және салықтар мен алымдардың нақты түрлерiн көрсете отырып, сұрау салудың мәнін қысқаша жазуды және олармен байланысты құқықтық жағдайларда қамтиды.
Сұрау салу орыс тілінде жасалады және құзыретті салық органының уәкілетті адамы қол қояды.
Сұрау салынған салық органы жәрдем көрсету туралы алынған сұрау салу бойынша қосымша ақпаратты талап етуге құқылы.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Yкiметiнің 2012.11.08 № 1414; 21.10.2013 № 1121 қаулыларымен.
4-бап Жәрдем көрсету туралы сұрау салуды орындау тәртiбi
Құзыретті салық органдары бiр-бiрiне өз мемлекеттерінің ұлттық заңдарына және осы Келiсiмге сәйкес жәрдем көрсетедi.
Сұрау салатын салық органы оның өтінішi бойынша жәрдем көрсету туралы сұрау салуды орындауды жүзеге асыратын іс-қимылдарды өткiзудiң уақыты және орны туралы хабарлануы мүмкін, ал олардың өкілдерi қосымша келiсiм болған жағдайда аталған iс-қимылдарды өткiзу кезінде қатыса алады.
Тараптар ақпарат алмасудың мынадай тәртібін белгілеуге (мемлекеттік құпияға жататын немесе заңнамаға сәйкес салық органы бере алмайтын ақпаратты қоспағанда) келісті:
нақты жағдайларға қатысты сұрау салу бойынша;
осы Келісімнің 4-1-бабында аталған кірістердің жекелеген түрлеріне қатысты бастамашылықпен, сондай-ақ мемлекеттің құзыретті салық органының әдеттегі әкімшілік тәжірибесінің барысында алған және басқа мемлекеттің құзыретті салық органының мүддесін білдіруі мүмкін ақпаратқа қатысты.
Осы Келісімнің шарттарына сәйкес бір мемлекеттің құзыретті салық органы басқа мемлекеттің құзыретті салық органына, егер бұл әрекеттер егемендікке, қауіпсіздікке, мемлекеттік құрылымға залал келтіруі мүмкін немесе өз мемлекетінің мемлекеттік саясатына қайшы келетін болса, ақпаратты беруге немесе жәрдем көрсетуге міндетті емес. Бір мемлекеттің құзыретті салық органына жәрдемдесу туралы сұрату салуды орындау басқа мемлекеттің құзыретті салық органы, егер оның орындалуын басқа мемлекетте өтіп жатқан тергеу процесі немесе сот талқылауына байланысты жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, кейінге қалдыруы мүмкін.
Егер жәрдем көрсету туралы сұрау салуды сұрау салынатын салық органы орындай алмайтын болса, ол сұрау салу түскен күннен бастап бір ай ішінде бұл туралы жәрдем көрсетуден бас тарту себебін көрсете отырып, сұрау салушы салық органына жазбаша хабарлайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Yкiметiнің 2012.11.08 № 1414; 21.10.2013 № 1121 қаулыларымен.
4-1-бап
Бастамашылықпен ақпарат алмасу
Әрбір күнтізбелік жыл аяқталған соң арнайы сұрау салмай-ақ бір мемлекеттің орталық құзыретті салық органы басқа мемлекеттің орталық құзыретті салық органына салық төлеушілерге қатысты осы баптың екінші абзацында көрсетілген ақпаратты мүмкіндігінше қысқа мерзімде береді.
Бастамашылықпен ақпарат алмасу табыстардың мынадай түрлеріне қатысты өтеді:
а) ұйымдар, серіктестіктер, пайлық инвестициялық қорлар бойынша:
дивидендтер;
пайыздар;
роялти;
салық органы ақпарат жіберетін мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айырудан түскен табыстар;
салық органы ақпарат жіберетін мемлекеттің салық төлеушісі болып табылатын ұйымның үлестерін (пайларын, акцияларын) иеліктен айырудан түскен табыстар;
б) жеке тұлғалар бойынша:
дивидендтер;
пайыздар;
роялти;
еңбек шарттары (келісімшарттары) бойынша табыстар;
салық органы ақпарат жіберетін мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айырудан түскен табыстар;
салық органы ақпарат жіберетін мемлекеттің салық төлеушісі болып табылатын ұйымның үлестерін (пайларын, акцияларын) иеліктен айырудан түскен табыстар.
Ескерту. Келісім 4-1-баппен толықтырылды - ҚР Yкiметiнің 21.10.2013 № 1121 қаулысымен.
5-бап Ұсынылатын ақпараттың мазмұны
Құзыреттi салық органдары өз бастамасымен немесе жәрдем көрсету туралы сұрау салу бойынша:
тұрғылықты жерi, бағыныстылығы, меншiк нысаны және басқалары туралы деректердi қоса алғанда салық төлеушілерді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін тiркеуге;
салық төлеушілердің мемлекеттiк және коммерциялық банктердегi шоттарын ашуына, сондай-ақ оларда ақша қаражаттарының болуына және (немесе) айналысына;
Өз мемлекеттерiнiң аумақтарында алынған салық төлеушілердің кірістері мен салық салынатын объектілерінің барлық түрлеріне, салық салумен байланысты төленген салықтар және (немесе) алымдардың сомаларына немесе басқа ақпаратқа қатысты ақпаратты бір-біріне ұсынады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Yкiметiнің 2012.11.08 № 1414; 21.10.2013 № 1121 қаулыларымен.
6-бап Құжаттарды және басқа да материалдарды ұсыну
Сұрау салынған салық қызметі жәрдем көрсету туралы сұрау салу бойынша нормативтік құқықтық актілерді, салықтардың, алымдардың (баждардың) толық және уақтылы төленуін бақылау үшін қажетті құжаттар мен басқа да материалдардың куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Куәландырылған көшірмелер тергеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда құжаттар мен басқа да материалдардың түпнұсқалары мүмкін Құжаттар мен басқа да материалдардың берілетін түпнұсқалар келісілген мерзімдерге қайтарылуы тиіс.
Ілеспе ақпаратпен бірге берілетін материалдар электрондық құралдармен берілуі мүмкін.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Yкiметiнің 2012.11.08 № 1414; 21.10.2013 № 1121 қаулыларымен.
7-бап Ақпаратты беру тәртібі
Жәрдем көрсету туралы сұрау салулар, құжаттар, материалдар және басқа да ақпарат Тараптардың келісімі бойынша айқындалатын тәртіппен беріледі.
Жәрдем көрсету құзыретті салық органдарының басшылары айқындайтын ресми лауазымды тұлғалардың тікелей байланысы шеңберінде жүзеге асырылады.
8-бап Құпиялылықты сақтау
Нақты салық төлеушілерге қатысты ақпарат құпия болып табылады және сұрау салынған салық қызметінің талаптарына сәйкес қорғау режимімен қамтамасыз етіледі.
Алынған ақпаратты Тараптар осы Келісімде көзделген, соның ішінде әкімшілік немесе сот талқыламасына қатысты мақсаттарда ғана пайдалануы мүмкін. Ақпарат өзге де мақсаттар үшін сұрау салынған тараптың келісімімен ғана пайдаланылуы мүмкін.
9-бап Осы Келiсiмнiң орындалуы
Осы Келiсiмдi түсiндiруде немесе қолдану кезiнде пайда болуы мүмкiн даулы мәселелердi реттеуде Тараптар өзара келiсiмге қол жеткiзуге ұмтылады.
Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру барысын және оған өзгерiстер енгiзудiң орындылығын бағалау үшiн қажеттiгiне қарай консультациялар өткiзедi. Осындай консультациялардың мерзiмдерiн Тараптар қосымша айқындайды.
Осы Келiсiм ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптар кейбiр мәселелер бойынша қосымша келiсiмдер жасаса алады.
10-бап Өзгерiстер және толықтырулар
Тараптардың өзара жазбаша келiсiмдерi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен рәсiмделедi.
11-бап Осы Келiсiмнiң күшiне енуi және қолданысын тоқтату
Осы Келiсiм белгісiз мерзiмге жасалды және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
Әрбір Тарап осы Келісімнің қолданысын екінші Тарапты жазбаша хабардар ету арқылы тоқтата алады. Келісім тиісті Тарап жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап алты айдан кейін қолданысын тоқтатады.
Минск қаласында 2000 жылдың 22 мамырда әрқайсысы қазақ, беларус және орыс тілдерінде екі данадан жасалды және де барлық мәтіндердің заң күші бірдей бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаса Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін