Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлімі) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазпочта» акционерлік қоғамына осы қаулының қосымшасында көрсетілген стратегиялық объектілерді иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 1420 қаулысына
қосымша
"Қазпочта" акционерлік қоғамының иеліктен шығаруға рұқсат етілетін стратегиялық объектілерінің тізбесі
Р/с |
Стратегиялық объект |
Объектінің мекенжайы (орналасқан жері) |
1. |
Жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскесі |
Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі, 410-үй |
2. |
Жер учаскесі |
Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 3-үй |
3. |
Жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскесі |
Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 1а үй |