Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың 79) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«79) заңды тұлғаларға түрлі-түсті көшіру-көбейту техникасын, жарылғыш, күшті әсер ететін улы заттарды сатып алуға, сақтауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтік қаруларды және оның оқтарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; ату тирлері мен стендтерін, штемпельді-граверлік кәсіпорындарды ашу мен олардың жұмыс істеуіне, ал жеке тұлғаларға азаматтық қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруді жүзеге асырады;»;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі C. Ахметов