Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
«Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық
аспаптар оркестрi» республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнына «Ұлттық» мәртебе беру туралы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына «Ұлттық» мәртебе берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық халық аспаптар оркестрi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны деп қайта атасын;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев