"Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1470 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1183 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 291-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасы және басқарма мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережеде:
      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасы және басқарма мүшелерінің айлық лауазымдық жалақыларының шекті мөлшерін және еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.».
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 43, 418-құжат), 2-тармақты қоспағанда;
      2) «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1315 қаулысы.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады