"Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қарашадағы № 1475 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер
туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы
20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін:
      1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат; 2011 ж., № 58, 822-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      «13-1. Кәсіпкер күні – 4 шілде».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады