Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті 1997 жылғы қарашада біріккен ұлттардың Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы конференциясының 29-шы сессиясында қабылданған Өсімдіктер карантині мен оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның IV бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді орындауға жауапты өсімдіктер карантині мен оларды қорғау жөніндегі ресми ұлттық ұйым болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі біріккен ұлттардың Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы шеңберінде құрылған Фитосанитариялық шаралар жөніндегі комиссияның хатшысына осы қаулының 1-тармағында көзделген өсімдіктер карантині мен оларды қорғау жөніндегі ресми ұлттық ұйымды айқындау туралы мәліметтерді жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов