"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1516 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам
саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат, № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат):
      1) 125-баптың ескертулерінің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодекстің осы бабында және 126, 128, 133-баптарында адамды пайдалану деп:
      1) кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, орындау үшін бұл адам өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, жазалаумен қорқытып адамнан талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;
      2) кінәлінің алынған табыстарды иеленіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге қызметтерді пайдалануы, сонымен бірдей кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;
      3) адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша немесе өзге мүлікті сұрап алуға байланысты қоғамға қарсы әрекет жасауға мәжбүрлеу;
      4) кінәлі немесе басқа адам үшін жұмыстарды орындаудан немесе қызметтер көрсетуден өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесінің өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге әрекеттер түсініледі.»;
      2) 128-баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Адамға қатысты сатып алу-сату немесе өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оның келісімімен немесе онсыз оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
      мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттер:
      а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен;
      б) бірнеше рет;
      в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
      г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
      д) кінәліге жүкті күйде екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты;
      е) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
      ж) транспланттау немесе өзгеше пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тінін алу мақсатында;
      з) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;
      и) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;
      к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;
      л) кінәліге психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе қорғансыз немесе дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалғанда, -
      мүлкін тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттерді жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -
      мүлкін тәркілеп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      3) 132-1 және 133-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «132-1-бап. Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен
                  айналысуға тарту
      1. Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту -
      мүлкін тәркілеп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру жолымен не алдау жолымен кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту -
      мүлкін тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не бірнеше рет жасалған әрекеттер, -
      мүлкін тәркілеп, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген нақ сол әрекеттерді:
      а) ұйымдасқан топ;
      б) жезөкшелікпен айналысуға тартқаны не притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны немесе жеңгетайлық жасағаны үшін бұрын сотталған адам;
      в) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаса, -
      мүлкін тәркілеп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      133-бап. Кәмелетке толмаған адамдарды саудаға салу
      1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
      мүлкін тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттер:
      а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен;
      б) бірнеше рет;
      в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
      г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
      д) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
      е) транспланттау немесе өзгеше пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тінін алу мақсатында;
      ж) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;
      з) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;
      и) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
      к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдаланып;
      л) кінәліге жүкті күйде екендігі көрінеу белгілі кәмелетке толмағанға қатысты;
      м) кінәліге психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе қорғаусыз немесе дәрменсіз күйде екендігі көрінеу белгілі адамға қатысты жасалғанда, -
      мүлкін тәркілеп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -
      мүлкін тәркілеп, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер:
      а) ұйымдасқан топпен жасалса;
      б) абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
      мүлкін тәркілеп, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      4) мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын:
      «138-1-бап. Кәмелетке толмаған адамдарға қатысты Қазақстан
                  Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
      Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның кәмелетке толмаған адамдардың еңбегін пайдалану бөлігінде олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы, -
      айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не дәл сондай мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      5) 270 және 271-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «270-бап. Жезөкшелікпен айналысуға тарту
      1. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру жолымен не алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға тарту -
      мүлкін тәркілеп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не бірнеше рет жасалған нақ сол әрекеттер, -
      мүлкін тәркілеп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Ұйымдасқан топ жасаған нақ сол әрекет, -
      мүлкін тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      271-бап. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар
               ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық
      1. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық -
      мүлкін тәркілеп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттер:
      а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен;
      б) бірнеше рет;
      в) кәмелетке толмағаны белгілі адамды жезөкшелікпен айналысуға тарта отырып, жасалса, -
      мүлкін тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -
      мүлкін тәркілеп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20,  158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 30-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат):
      1) 192-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-103-баптарында, 107-бабында(екінші бөлігінде), 112, 113, 114-баптарында, 116-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 117-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 120-122, 124, 125-баптарында, 126-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 127-бабында, 128-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), (бірінші және екінші бөліктер), 178-бабында (бірінші бөлік), 181-бабында (бірінші бөлік), 185-бабында (бірінші және екінші бөліктер), 192-бабында (бірінші бөлік), 193-бабында (бірінші және екінші бөліктер), 209-бабында (бірінші және екінші бөліктер), 233-1-бабында (бірінші бөлік), 233-3-бабында (бірінші бөлік), 241-бабында (үшінші бөлік), 242-бабында, 251-бабында (бірінші бөлік), 252-бабында (бірінші бөлік), 270-бабында (бірінші бөлік), 271-бабында (бірінші бөлік), 307-бабында (екінші бөлік), 308-бабында (бірінші және екінші бөліктер), 311-бабында (бірінші бөлік), 312-бабында (бірінші және екінші бөліктер), 339-бабында (үшінші бөлік), 346-бабында (екінші бөлік), 347-1-бабында (бірінші бөлік), 358-бабында (бірінші бөлік), 361-бабында (екінші бөлік) көрсетілген ауырлығы орташа қылмыстар туралы, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша, егер күдікті, айыпталушы үшінші бір адамның телефонын немесе өзге сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе егер үшінші бір адам басқа адамдарға беру үшін күдіктіге, айыпталушыға арналған не күдіктіден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәліметтер болса, тыңдау нәтижесінде іс үшін маңызы бар мәліметтер алынады деп болжауға жеткілікті негіздер болған кезде күдіктінің, айыпталушының не үшінші бір адамның телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерін жасырын тыңдау және жазып алу тергеушінің (анықтаушының) прокурор санкция берген қаулысының негізінде жүргізіледі.»;
      3) 285-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ішкі істер органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104, 107 (бірінші бөлігінде), 108, 109, 110, 115, 116 (бірінші және екінші бөліктерінде), 117 (бірінші және екінші бөліктерінде), 118, 119, 123, 126 (бірінші бөлігінде), 128 (бірінші бөлігінде), 132 (бірінші бөлігінде), 134-137, 139, 140, 141 (бірінші бөлігінде), 142 (бірінші бөлігінде), 144, 145 (бірінші және екінші бөліктерінде), 175 (бірінші бөлігінде), 178 (бірінші бөлігінде), 181 (бірінші бөлігінде), 183 (бірінші бөлігінде), 185 (бірінші бөлігінде), 186 (бірінші бөлігінде), 187 (бірінші бөлігінде), 230 (бірінші бөлігінде), 251 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 252 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 253, 254 (бірінші бөлігінде), 257 (бірінші бөлігінде), 258, 261 (бірінші бөлігінде), 262, 263 (бірінші және екінші бөліктерінде), 265, 266, 270 (бірінші бөлігінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272-274, 275 (бірінші бөлігінде), 275-1 (бірінші бөлігінде), 276, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (бірінші бөлігінде), 290, 291, 292 (бірінші бөлігінде), 293, 296, 297, 298 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (бірінші бөлігінде), 300 (бірінші бөлігінде), 302 (бірінші бөлігінде), 317, 320 (бірінші бөлігінде), 323, 324, 326, 327 (бірінші және екінші бөліктерінде), 328, 329, 330-1, 330-2, 330-3, 332-334, 339 (бірінші бөлігінде), 342, 358 (бірінші бөлігінде), 359, 360 (бірінші бөлігінде), 362-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жүргізеді.».
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 11, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122,125,129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 87-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, -
      лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) мынадай мазмұндағы 328-2-баппен толықтырылсын:
      «328-2-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті
                  органдарға хабарлау жөніндегі міндеттемені бұзуы
      1. Денсаулық сақтау субъектілерінің инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы - уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық салдарының пайда болу қатері және (немесе) пайда болуы туралы - төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға, жаңа алған жарақаттар, жаралану, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыру жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлау жөніндегі міндеттемені бұзуы, -
      жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер (әрекетсіздіктер), -
      жеке тұлғаларға сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) мынадай мазмұндағы 341-1-баппен толықтырылсын:
      «341-1-бап. Жезекшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін
                  үй-жайлар ұсыну
      1. Жезекшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну, -
      айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
      айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87 (1-1-бөлігінде), 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бірінші бөлігінде), 127, 129, 130, 136-136-2, 140 (екінші бөлігінде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екінші бөлігінде), 147-6 (2-1-бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11, 147-12, 147-13 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екінші бөлігінде) (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 176 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-1, 183, 184/184-1, 185, 187, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213- (төртінші-алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 219-6, 219-8 (екінші және үшінші бөліктерінде), 222-226, 228-229, 230-1, 230-2, 231 (екінші бөлігінде), 232, 233, 234-1, 235 (екінші бөлігінде), 235-1 (төртінші бөлігінде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екінші бөлігінде), 275-1, 278 (бірінші бөлігінде), 283 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 298 (екінші, үшінші бөліктерінде), 298-1 (екінші бөлігінде), 302 (үшінші бөлігінде), 303 (екінші бөлігінде), 304 (екінші бөлігінде), 305 (екінші бөлігінде), 306 (екінші бөлігінде), 306-1 (үшінші бөлігінде), 306-2, 306-3 (екінші және үшінші бөліктерінде), 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртінші бөлігінде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 309-5, 310-1 (1-1 және екінші бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктерінде), 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екінші бөлігінде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 324-2, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 328-2 (екінші бөлігінде), 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 335, 336 (үшінші бөлігінде), 336-1 (үшінші бөлігінде), 336-2 (үшінші бөлігінде), 338 (бірінші бөлігінде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екінші бөлігінде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 357-7 (екінші бөлігінде), 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екінші бөлігінде), 370 (екінші бөлігінде), 371 (екінші бөлігінде), 372-376, 380 (екінші бөлігінде), 380-2, 381-1, 386 (үшінші бөлігінде), 388, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 394-1, 396 (төртінші бөлігінде), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлігінде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесінші бөлігінде), 445, 446 (екінші бөлігінде), 446-1, 453 (екінші бөлігінде), 454 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшінші бөлігінде), 484, 492 (екінші бөлігінде), 494 (екінші бөлігінде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екінші бөлігінде), 501, 512-1-512-5, 513-518, 520-537-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
      5) 543-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ішкі істер органдары осы Кодекстің 131, 144, 160 (бірінші және екінші бөліктерінде), 163-1, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 277, 281-1, 298 (бірінші бөлігінде), 298-1 (бірінші бөлігінде), 300, 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 328-1, 328-2 (бірінші бөлігінде), 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-2 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 336-4 (бірінші бөлігінде), 338 (екінші бөлігінде), 341 (бірінші бөлігінде), 341-1, 357-2 (бірінші бөлігінде), 357-7 (бірінші бөлігінде), 364, 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші бөлігінде), 371 (бірінші бөлігінде), 377, 378, 379, 380 (бірінші бөлігінде), 380-1, 387, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 439 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 440, 441, 443 (төртінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 459, 461 (бірінші-үшінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 461-1, 462, 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші-төртінші бөліктерінде), 463-8, 464, 464-1 (үшінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (бірінші бөлігінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474-476, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 478, 480, 481 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487-баптарында, 500-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
      6) 580-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) тармақпен
толықтырылсын:
      «10) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның адам саудасы саласындағы қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша заңда белгіленген тәртіппен жәбірленуші болып танылуы.»;
      7) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ішкі істер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 83-1, 85-3, 86, 86-1, 87-3, 87-4, 87-5, 96, 111-117, 135-1, 136, 136-1, 136-2, 141-1, 143, 143-1, 147-1 (екінші бөлігі), 159, 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 163-2, 163-3, 163-4, 165, 203, 234-1, 283 (бірінші және үшінші бөліктері), 298 (екінші және 2-1-бөліктері), 298-1 (екінші бөлігі), 306-2, 314, 317-1 (азаматтық  және қызметтік қаруға және олардың патрондарына, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 318-321, 324-1, 324-2, 330, 330-1 (екінші бөлігі), 331, 332, 334 (үшінші бөлігі), 335, 336, 336-1 (үшінші бөлігі), 336-2 (үшінші бөлігі), 336-3 (екінші бөлігі), 336-4 (екінші бөлігі), 338 (бірінші бөлігі), 338-1 (бірінші, екінші, оныншы және он бірінші бөліктері), 339, 340, 341 (екінші бөлігі), 341-1, 344, 354-1, 355-357, 357-1, 357-7 (екінші бөлігі), 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екінші бөлігі), 370 (екінші бөлігі), 371 (екінші бөлігі), 372, 373, 374 (бірінші-төртінші бөліктері), 374-1, 380 (екінші бөлігі), 380-2, 388, 390 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 394-1, 396 (төртінші бөлігі), 446 (екінші бөлігі), 461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-2 және екінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 474-1, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484, 500 (екінші бөлігі), 501, 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 531-баптар);»;
      8) 677-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті судья, орган (лауазымды адам) ол жөнінде осы Кодекстің 580-бабының бірінші бөлігінің 1)-7), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарған адам кінәсіз деп есептеледі және Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарына қандай да болсын шектеу қоюға болмайды.»;
      9) 678-баптың екінші бөлігінің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болуына қарамастан басталса немесе олар анықталған кезден бастап қысқартылмаса, іс бойынша олар жөнінде іс жүргізу басталмауы тиіс, ал басталғаны осы Кодекстің 580-бабының бірінші бөлігінің 1)-7), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қысқартуға жататын адамдардың құқығы бар.».
      4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
      26-баптың үшінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесі және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы еңбек қызметіне кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасағаны: кісі өлтіргені, денсаулығына қасақана зиян келтіргені, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы, адам саудасы саласында қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар немесе соттылығы болған адамдар жіберілмейді.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады