Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1530 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 759 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.11.2013 № 1254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 340-құжат);

      2) "Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 164 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 395-құжат).

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысымен
бекітілген

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с

Біліктілік талаптар

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Бірінші кезең

1)

жобалау компаниясына меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесінің бар болуы

жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі


2)

құрылыстың нөлдік циклі сатысында сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бар болуы

сараптама қорытындысының көшірмесі


3)

банк-агентпен шарттың бар болуы

шарттың көшірмесі


4)

тұрғын үй ғимаратын салу үшін тұрғын үй ғимараты құрылысы құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде немесе кемінде нөлдік циклдегі құрылыстың баламалы құнынан кем емес мөлшерде жеке бос капиталының бар болуы

банк анықтамасының көшірмесі


5)

жобалау компаниясының жарғылық қорында жарғылық капиталының елу пайызынан астамына ие құрылтайшының тұрғын үй ғимараттарын тұрғызу, оның ішінде тапсырыс беруші ретінде кемінде үш жыл тәжірибесінің болуы

пайдалануға тапсыру актілерінің көшірмелері, мердігерлік шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері


6)

жобалау компаниясының жарғылық қорында жарғылық капиталының елу пайызынан астамына ие құрылтайшының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кемінде жүз пәтерді пайдалануға беру тәжірибесінің болуы

пайдалануға тапсыру актілерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері


7)

жобалау компаниясының жарғылық қорында жарғылық капиталының елу пайызынан астамына ие құрылтайшыда кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке капиталының болуы

банк анықтамасының нотариалды куәландырылған көшірмесі


2

Екінші кезең

1)

сараптаманың оң қорытындысы бар құрылыс объектісінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бар болуы

сараптама қорытындысының көшірмесі


2)

тұрғын үй ғимараты құрылысының нөлдік циклін аяқтау

аралық қабылдау актісінің көшірмесі


3)

банк-агентте үлескерлердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген, тұрғын үй ғимараты құрылысы құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде депозиттерінің бар болуы

банк анықтамасының көшірмесі


4)

құрылысты толық көлемде аяқтау үшін жеке капиталының бар болуы не тұрғын үй ғимараты құрылысы құнының кемінде жиырма бес пайызы мөлшерінде жеке капиталының және инвестормен құрылысты аяқтау үшін жеткілікті инвестициялар беру туралы келісімнің бар болуы

банк анықтамасының көшірмесі


5)

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйыммен шарттың бар болуы

шарттың көшірмесі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады