Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi Владимир Карпович Божкоға қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы 2005 жылғы 26 қазандағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1535 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына
мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл
туралы келісімге хаттама
Бұдан әpі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) практикалық іске асыру, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыру мақсатында
төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасасты:
1-бап
Осы Хаттамамен Тараптар осы Хаттамаға 1 – 11-қосымшаларда қамтылған төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету жөніндегі құжаттардың үлгі нысандарын бекітеді және оларды Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде қолданады.
2-бап
Осы Хаттаманың ережелерін талқылауға немесе қолдануға қатысты келіспеушіліктер консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.
3-бап
Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келісуі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын және хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
4-бап
Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылады, ол осы Хаттамаға қол қойылғаннан күннен бастап 15 күн ішінде барлық Тараптарға оның расталған көшірмелерін жібереді.
5-бап
Осы Хаттама Келісімнің қатысушысы болып табылатын кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
Қосылған мемлекет үшін осы Хаттама депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30-шы күнi күшіне енеді, бipaқ осы Хаттамаға қол қойған мемлекеттер үшін ол күшіне енетін күннен бұрын емес. Депозитарий қосылған мемлекет үшін осы Хаттаманың күшіне енуі туралы барлық Тараптарды хабардар етеді.
6-бап
Тараптардың әрқайсысы шығудың болжанып отырған күніне дейін кемінде 3 ай қалғанда бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Хаттамадан шыға алады. Депозитарий шығу туралы хабарлама алған күннен бастап 30 күн ішінде осы ниет туралы басқа Тараптарды хабардар етеді.
Осы Хаттаманың қолданылуын тоқтату Келісімге сәйкес жүзеге асырылатын қызметті қозғамайды.
Осы Хаттама Келісім қолданылатын мерзімге жасалады және Келісімнің 16-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2012 жылғы « » қаласында орыс және қытай тілдерінде бip данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қытай Халық Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
1-қосымша
№ 1 нысан
№ ___________
күні ___________
Көмек көрсету туралы сұрау салу
___________ (сұрау салушы Тарап мемлекеті көрсетіледі) Үкіметі
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келiсiмге сәйкес __________ (көмек сұралатын Тараптың мемлекеті көрсетіледі) Үкіметіне _________________ байланысты (сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында болған төтенше жағдай түрі көрсетіледі) көмек көрсету туралы өтініш білдіреді.
Орын алған төтенше жағдай туралы ақпарат
Орны:
(төтенше жағдай орын алған жер көрсетіледі)
Уақыты:
(төтенше жағдай орын алған кездегі нақты жергілікті уақыт көрсетіледі)
Сипаты:
(төтенше жағдайдың түрі және оған тән ерекшеліктер көрсетіледі)
Ауқымы:
(қаза болғандар мен зардап шеккендердің, қираған ғимараттардың болжамды саны және дүлей апат немесе авария салдары туралы басқа да ақпарат көрсетіледі)
Жай-күйі:
(төтенше жағдайдың өршу үрдісі; төтенше жағдайдың қайталама факторлары күтілетін-күтілмейтіні; сұрау салушы Тарап жасаған әрекеттер; төтенше жағдайды жою жөнінде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар көрсетіледі, сондай-ақ басқа Тараптар көрсеткен көмек туралы ақпарат беріледі)
Көмек басымдықтары:
(сұрау салушы Тарап мұқтаж (авариялық-құтқару немесе іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, ізгілік жүгін жеткізу) көмек түрі, зардап шеккен тұрғындар арасында бөлу үшін қажетті қамтамасыз ету материалдарының тізбесі көрсетіледі)
Уәкілетті адамның лауазымы Қолы
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
2-қосымша
№ 2 нысан
№ _____________
күні ____________
Көмек көрсету туралы сұрау салуға жауап
_________________ (көмек сұралған Тараптың мемлекеті көрсетіледі) Үкіметі _________________ (сұрау салушы Тараптың мемлекеті көрсетіледі) Үкіметінің _________ (сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында болған төтенше жағдай түрі көрсетіледі) байланысты көмек көрсету туралы өтінішін қарады және:
1-нұсқа: авариялық-құтқару немесе басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін көмек көрсету жөніндегі топты жіберу, қамтамасыз ету материалдарын (тізбе) жіберу түрінде көмек көрсетуге (өтеусіз негізде немесе көмек көрсету бойынша шығыстарды өтеумен) әзір
(көмектің көлемі, оны ұсыну тәртібі немесе төтенше жағдайды жоюдағы көмектің сұрау салынатын өзге нысаны көрсетіледі);
2-нұсқа: сұрау салынатын көмекті көрсетуге мүмкіндік жоқ екені туралы хабарлайды.
Уәкілетті адамның лауазымы Қолы
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
3-қосымша
№ 3 нысан
№ ________
күні _______
Төтенше жағдай туралы хабарлама
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келiсiмнің 3-бабының 4-тармағына сәйкес ______________________ аумағына (хабардар етілетін Тараптың мемлекеті көрсетіледі) өз әсерін тигізуі мүмкін ______________________ (төтенше жағдай түрі көрсетіледі) орын алғаны туралы хабарлаймыз.
Орын алған төтенше жағдай туралы ақпарат
Орны:
(төтенше жағдай орын алған жер көрсетіледі)
Уақыты:
(төтенше жағдай орын алған кездегі нақты жергілікті уақыт көрсетіледі)
Сипаты:
(төтенше жағдайдың түрі және оған тән ерекшеліктер көрсетіледі)
Ауқымы:
(қаза болғандар мен зардап шеккендердің, қираған ғимараттардың болжамды саны және дүлей апат немесе авария салдары туралы басқа да ақпарат көрсетіледі)
Жай-күйі:
(төтенше жағдайдың өршу үрдісі; төтенше жағдайдың қайталама факторлары күтілетін-күтілмейтіні; сұрау салушы Тарап жасаған әрекеттер; төтенше жағдайды жою жөнінде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар көрсетіледі, сондай-ақ басқа Тараптар көрсеткен көмек туралы ақпарат беріледі)
Уәкілетті адамның лауазымы Қолы
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
4-қосымша
№ 4 нысан
№ _____________
күні ____________
Көмек көрсету жөніндегі топ жетекшісін тағайындау
туралы куәлік
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келiсiмнің 7-бабының 1-тармағына сәйкес _________ (төтенше жағдайдың түрі көрсетіледі) байланысты _________ (адамның тегі, аты, әкесінің аты, паспорт деректері және лауазымы көрсетіледі) _______ (сұрау салушы Тараптың мемлекеті көрсетіледі) көмек көрсету үшін баратын көмек көрсету жөніндегі топтың жетекшісі болып табылатынын куәландырамыз.
Құзыретті органның уәкілетті
адамының лауазымы Қолы
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
5-қосымша
№ 5 нысан
№ _____________
күні ____________
Көмек көрсету жөніндегі топ мүшелерінің тізімі
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келiсiмнің 7-бабының 1-тармағына сәйкес _______ (сұрау салушы Тарап мемлекетінің немесе транзит Тарапының шекарасын кесіп өту болжанатын күні және уақыты көрсетіледі) ___________ (халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункті көрсетіледі) мына құрамдағы көмек көрсету жөніндегі топ шекараны кесіп өтуді жүзеге асыруды жоспарлайтынын хабарлаймыз.
Р.с. |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Лауазымы |
Паспорт деректері |
Құзыретті органның уәкілетті
адамының лауазымы Қолы
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
6-қосымша
№ 6 нысан
№ _____________
күні ____________
Көмек көрсету, жарақтарды, қамтамасыз ету материалдарын
әкелу немесе әкету жөніндегі топтың құрамы туралы хабарлама
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келiсiмнің 9-бабының 2-тармағына сәйкес:
1-нұсқа (әкелген кезде): _________ (сұратушы Тараптың мемлекеті көрсетіледі) көмек көрсету мақсатында мынадай құрамдағы көмек көрсету жөніндегі топ баратыны:
2-нұсқа (әкеткен кезде): _________ (сұратушы Тараптың мемлекеті көрсетіледі) көмек көрсету нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы көмек көрсету жөніндегі топ баратыны туралы хабарлаймыз:
Р.с. |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Лауазымы |
Паспорт деректері |
Жедел көмек көрсету үшін бірінші кезектегі тәртіппен мынадай жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарын кедендік тазартуды қамтамасыз етуді сұраймыз:
Р.с. |
Жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарының атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Ескертпе |
Құзыретті органның
уәкілетті адамының лауазымы Қолы
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
7-қосымша
№ 7 нысан
Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар
бар дәрілік заттардың болуы туралы декларация
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келiсiмнің 9-бабына сәйкес осы Декларациямен:
1-нұсқа (әкелген кезде): _________ (төтенше жағдай түрі көрсетіледі) байланысты _________ (сұратушы Тараптың мемлекеті көрсетіледі) зардап шеккен тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсету мақсатында көмек көрсету жөніндегі топта құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар мынадай дәрілік заттар бар деп мәлімделеді:
2-нұсқа (әкеткен кезде): _________ (төтенше жағдай түрі көрсетіледі) байланысты _________ (сұратушы Тараптың мемлекеті көрсетіледі) зардап шеккен тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсету нәтижелері бойынша көмек көрсету жөніндегі топта құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар мынадай пайдаланылмаған дәрілік заттар бар деп мәлімделеді:
Р.с. |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Ескертпе |
Күні ____________
Уәкілетті адамның лауазымы Қолы
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
8-қосымша
№ 8 нысан
Растаймын
_____________________________
(сұратушы Тараптың құзыретті
органы өкілінің қолы, тегі,
аты, әкесінің аты)
____________________________
(күні)
Мөр орны
Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттары
бар дәрілік заттардың пайдаланылуы туралы акт
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келiсiмнің 9-бабының 6-тармағына сәйкес осы актімен _________ (төтенше жағдай түрі көрсетіледі) байланысты _________ (сұратушы Тараптың мемлекеті көрсетіледі) зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсеткен кезде құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар мынадай дәрілік заттар жұмсалғаны белгіленді:
Р.с. |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Ескертпе |
Күні ____________
Көмек көрсету жөніндегі топтың жетекшісі Қолы
Көмек көрсету жөніндегі топтың дәрігері Қолы
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
9-қосымша
№ 9 нысан
Жарақтардың жойылғаны немесе толық тұтынылғаны туралы акті
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келiсiмнің 9-бабының 7-тармағына сәйкес осы актімен _________ (төтенше жағдай түрі көрсетіледі) байланысты _________ (сұрау салушы Тараптың мемлекеті көрсетіледі) зардап шеккендерге көмек көрсеткен кезде мынадай жарақтардың жойылғаны немесе толық тұтынылғаны белгіленді:
Р.с. |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Ескертпе |
Күні ____________
Көмек көрсету жөніндегі топтың жетекшісі Қолы
Сұрау салушы Тараптың
құзыретті органының өкілі Қолы
мөр орны
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
10-қосымша
№ 10 нысан
Қамтамасыз ету материалдарын қабылдау-беру актісі
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келiсiмнің 9-бабының 7-тармағына сәйкес осы актімен _________ (төтенше жағдай түрі көрсетіледі) байланысты _________ (сұрау салушы Тараптың мемлекеті көрсетіледі) көмек көрсеткен кезде сұрау салушы Тараптың уәкілетті өкіліне мынадай қамтамасыз ету материалдары берілгені белгіленді:
Р.с. |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Ескертпе |
Күні____________
Ұсынушы тараптың
уәкілетті өкілі Қолы
Сұрау салушы Тараптың
уәкілетті өкілі Қолы
мөр орны
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
үкіметтерінің арасындағы Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі
өзара іс-қимыл туралы келісімге хаттамаға
11-қосымша
№ 11 нысан
Көмек көрсету жөніндегі қаржылық шығыстар туралы акті
2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келiсiмнің 11-бабының
3-тармағына сәйкес осы актімен _________ №_________ сұрау салуды орындау нәтижесінде _________ (ұсынушы Тарап көрсетіледі) мынадай авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды орындағаны белгіленді:
Р.с. |
Жұмыс түрі, жарақтарды пайдалану |
Жұмыс істелген сағат саны |
Шығыстар |
Жалпы шығыстар ____________ құрады (еркін айырбасталатын валютадағы жиынтық сома көрсетіледі).
Күні ____________
Ұсынушы тараптың құзыретті органы үшін |
Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы үшін |
Тараптың банк деректемелері |
Тараптың банк деректемелері |