Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1555 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі;
      2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1351 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1555 қаулысымен   
бекітілген     

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекциялауға жинау және экспонаттау
жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялауға жинау және экспонаттау жөніндегі қызмет түрі үшін қойылатын жалпы талаптар мен құжаттар

1

толық сауалнамалық деректер (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы) қоса берілген, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы

Құжаттың электрондық көшірмесі

2

қаруды иеленуге көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизм немесе нашақорлыққа байланысты қарсы көрсетілімдердің болмауы туралы медициналық қорытындылар

Қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алу

3

соттылығының жоқтығы туралы анықтама

Соттылығының жоқтығы туралы анықтама

ҚР БП ҚСжАЕК АЖ-дан алу

4

қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама

Қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама.

Құжаттың электрондық көшірмесі

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

5

заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі

Жоғары техникалық білімнің болуын растайтын диплом.

Құжаттың электрондық көшірмесі

6

заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының тиісті Қауіпсіздік қағидалар жөніндегі білімі

Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі

Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны

7

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне тексеруден өткен білікті мамандар

Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі.

Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны

8

қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар түріндегі ғылыми база

Қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар жиынтығы

Құжаттың электрондық көшірмесі

9

мамандандырылған өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды), жабдықтарды, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын; қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын; бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін және құрастыру цехын (учаске);
қару мен патрондардың әзірленген жиынтықтарын сақтауға арналған техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған мамандандырылған үй-жайларды қамтитын қарудың немесе патрондардың тәжірибеден өткен үлгілерін дайындау және сынау үшін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база

Тиісті жабдықтар мен аппаратураның, құжаттар мен үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттары.
Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері

Құжаттың электрондық көшірмесі

10

қару мен оның патрондарын әзірлеуге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар

Техникалық құжаттама

Құжаттың электрондық көшірмесі

11

қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар

Техникалық құжаттама

Құжаттың электрондық көшірмесі

12

қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі

Құжаттың электрондық көшірмесі

13

үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты

Шарт

Құжаттың электрондық көшірмесі

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

14

заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі

Диплом

Құжаттың электрондық көшірмесі

15

заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының тиісті Қауіпсіздік қағидаларын білуі

Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі

Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны

16

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өткен білікті мамандар

Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі

Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуіне білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны

17

қару мен оның патрондарын жасау мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түріндегі ғылыми база

Қару мен оның патрондарының түрлерін жасау мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы

Құжаттың электрондық көшірмесі

18

мамандандырылған өндірістік ғимараттарды, көлік құралдарын, жабдықты, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын; қаруды және оның патрондарын жасау жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын; бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін цехын (учаскені);
бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау бойынша жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын, өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған, техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін құрастыру цехын;
оқшауланған жеке үй-жайларда орналастырылатын техникалық нығайтылу жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сингализациясы құралдарымен жабдықталған дайын қару мен патрондарды сақтау үшін мамандандырылған қоймаларды;
өндіріс процесінде бракка шығарылған қарудың негізгі жарамсыз бөлшектері мен оның патрондарын сақтауға арналған ақауды оқшаулау орнын қамтитын меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база.
Өндірістік база аумағына мынадай талаптар қойылады: оқшаулануы, қоршаудың, тәуліктік қарулы күзеттің, техникалық нығайтылудың, өртке қарсы қауіпсіздіктің болуы, тұрғын және өндірістік объектілерден қолданыстағы нормативтерде көзделген қауіпсіз қашықтықта орналастыруы

Тиісті жабдықтар мен аппаратуралардың, құжаттар мен үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттары Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актлері

Құжаттың электрондық көшірмесі

19

қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен қару мен оның патрондарын өндіруге ниет білдіру туралы хаттама немесе шарт (келісімшарт)

Хаттама немесе шарт

Құжаттың электрондық көшірмесі

20

қару мен оның патрондарын өндіруге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар

Техникалық құжаттама

Құжаттың электрондық көшірмесі

21

жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамалар), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау:
бөлшектерді, құрастыру бірліктерін және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау процесінде оларды есепке алу;
кірісті және шығысты есепке алу журналын жүргізу (дайындамаларды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді нөмірлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу) жөніндегі құжаттар

Техникалық және есепке алу құжаттамасы

Құжаттың электрондық көшірмесі

22

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен жұмысқа рұқсаты, сондай-ақ режимдік іс-шаралардың қамтамасыз етілуі және олардың жеткіліктілігі

Жұмыс жүргізу мүмкіндігі туралы ҰҚК хаты

Құжаттың электрондық көшірмесі

23

қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі

Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі

Құжаттың электрондық көшірмесі

24

үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты

Шарт

Құжаттың электрондық көшірмесі

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

25

қаруды жөндеу жөніндегі білікті мамандар

Қаруды жөндеу бойынша арнайы білімінің бар екенін растайтын құжаттар (диплом, сертификат, еңбек кітапшасынан үзінді және т.б.).

Құжаттың электрондық көшірмесі

26

техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхана

Тиісті жабдықтардың, аппаратура мен үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттар. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері.

Құжаттың электрондық көшірмесі

27

арнайы жабдық пен құрылғылар

Тиісті жабдықтар мен аппаратураның бар болуын көрсететін құжаттар

Құжаттың электрондық көшірмесі

28

жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар

Техникалық және есепке алу құжаттамасы

Құжаттың электрондық көшірмесі

29

қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы

Қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы

Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес журналдың болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны

30

қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі

Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі

Құжаттың электрондық көшірмесі

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

31

техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясымен жабдықталған қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлар

Тиісті жабдықтар мен аппаратураның, үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттардың көшірмесі.

Осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері.

Құжаттың электрондық көшірмесі

32

келіп түскен, сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу жөніндегі құжаттама

Келіп түскен, сатылған қаруды және оның патрондарын есепке алу журналдары.

Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес журналдың бар болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны

33

қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі

Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі.

Құжаттың электрондық көшірмесі

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

34

коллекциялық қаруды сақтауға арналған үй-жай

Құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты

Құжаттың электрондық көшірмесі

35

қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлардың бар болуы.
Мұражай қарулары үшін – күзет сигнализациясымен жабдықталған, жеке, осы мақсаттарға арнайы арналған үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сөрелер, сейфтер немесе металл шкафтар

Күзет сигнализациясын орнату актісі.
Қаруды сақтаумен объектіні (үй-жайды) күзету шарты.
Сейфтердің, шыныланған сөрелердің және т.б. болуын көрсете отырып, лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі
Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері.

Құжаттың электрондық көшірмесі

36

қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлардың бар болуы.
Жеке қару үшін – қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты жері бойынша үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сейфтер немесе металл шкафтар

Тұрғылықты мекенжайы бойынша қаруды сақтау үшін сейфтің немесе металл шкафтың болуы туралы учаскелік полиция инспекторының баянаты

Құжаттың электрондық көшірмесі

Ескертпе: коллекциялық қару аумақтық ішкі істер органдарында заңнамада белгіленген тәртіпте міндетті түрде тіркелуге жатады.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

37

кілтпен жабылатын сөрелері, сейфтері немесе металл шкафтары бар күзет сигнализациясымен жабдықталған жеке үй-жайлар

Құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері

Құжаттың электрондық көшірмесі

38

үй-жайды тәулік бойы күзету (күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарт)

Күзет сигнализациясын орнату актісі.
Қару сақталатын объектіні (үй-жайды) күзету шарты

Құжаттың электрондық көшірмесі

39

бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау жөніндегі құжаттамалар

Бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау бойынша журналдар.

Осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес журналдың бар болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны

40

қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі

Сейфтердің, шыныланған сөрелердің және т.б. болуын көрсете отырып, лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі.
Азаматтар үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша қаруды сақтау үшін сейфтің немесе металл шкафтың болуы туралы учаскелік полиция инспекторының баянаты.

Құжаттың электрондық көшірмесі.

Азаматтық және қызметтік қару  
мен оның патрондарын әзірлеу, 
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға
жинау, экспонаттау жөніндегі   
қызметті жүзеге асыру үшін    
қойылатын біліктілік талаптары  
мен олардың сәйкестігін     
растайтын құжаттардың тізбесіне
қосымша             

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау
жөніндегі қызмет лицензиясына мәліметтер нысаны

Жалпы ақпарат
1. Өтініш беруші ____________________________________________________
                        (заңды және жеке тұлға)
2. ЖСН/БСН_______________________ 3. СТН ____________________________
4. ЗТ/ЖТ/ЖК атауы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызмет түріне арналған жалпы талаптар мен құжаттар
5. Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісінің нөмірі
_____________________________________________________________________
      Тексеру аяқталған күн _________________________________________
      Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шешім
_____________________________________________________________________
6. Лицензиялық алымды төлеу сомасы __________________________________
      Төлеген күні __________________________________________________
      Төлеген банк (банктің филиалы) ________________________________
Есептік құжаттама
7. Қаруды қабылдау тапсыруды есепке алу жураналын бастаған күн
_____________________________________________________________________
            (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
      Журналдың түгендеу нөмірі _____________________________________
8. Сатылымға келіп түскен және сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу журналын бастаған күн ____________________________________
                  (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
      Журналдың түгендеу нөмірі _____________________________________
9. Кәсіпорындарда, мекемелер мен оқу орындарында қару мен оның патрондарын есепке алу журналын бастаған күн ________________________
                  (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________
Қоса ұсынылатын құжаттар
10. Ұсынылған құжаттар (тиісті жолда БАР/ЖОҚ деп көрсету)
1) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ ________________________
2) қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама ____________________________________________________________
3) дипломның көшірмесі ______________________________________________
4) қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондардың түрлеріне конструкторлық құжаттамалар __________________
5) тиісті жабдықтар мен аппаратуралардың, құжаттар мен үй-жайлардың бар-жоғын көрсететін құжаттардың көшірмесі __________________________
6) қару мен оның патрондарының түрлерін әзірлеуге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттағы техникалық құжаттар _________________
7) тәжірибеде қолданылатын қарулар мен оның патрондарының түрлерін қауіпсіз әзірлеу бойынша нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың техникалық құжаттамасы ___________
8) үшінші тұлғаларға келтірілген зақымды келтіру бойынша жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі _______________________
9) қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен қару мен оның патрондарын жасауға ниет білдіру туралы хаттаманың немесе шарттың (келісімшарттың) көшірмесі __________________________________
10) қызметтің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу кіші түрі үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес техникалық және есептік құжаттама ___________________________________
11) жұмысты жүргізу мүмкіндігі туралы ҰҚК хаты ______________________
12) осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актісінің көшірмесі ____________________________
13) қаруды жөндеу бойынша арнайы білімінің болуын растау туралы құжаттың көшірмесі (диплом, сертификат, еңбек кітапшасынан жазба және т.б.) _______________________________________________________________
14) құқық белгілейтін құжаттар немесе шарттардың көшірмелері, жасырын жұмыстарды өткізу туралы фотосуреттері қоса берілген өрт-күзет сигнализациясын құру актісі _________________________________________
15) лицензиялық-рұқсат беру жүйесі объектілерін тексеру актісі ______
16) құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу келісімшартының көшірмелері _________________________________________________________
17) күзет сигнализациясын орнату актісі _____________________________
18) қаруды сақтаумен объектіні (үй-жайды) күзету келісімшартының көшірмесі ___________________________________________________________
19) тұрғылықты мекенжайы бойынша қаруды сақтау үшін сейфтің немесе металл шкафтың болуы туралы учаскелік полиция инпсекторының баянаты
_____________________________________________________________________
ЗТ және ЖТ қызметкерлеріне мәліметтер *
11. Маманның Т.А.Ә __________________________________________________ _____________________________________________________________________
12. Қаруды иелену үшін көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизм немесе нашақорлыққа байланысты қарсы көрсетілімдердің болмауы туралы медициналық қорытындының № ___________________________
Медициналық қорытындының берілген күні ______________________________
13. Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік қағидаларын білуіне білікті тексеруден өткені туралы куәліктің № __________________________________________________
      Куәліктің берілген күні _______________________________________
      Оқу орнының атауы _____________________________________________
      Біліктілігі (мамандығы) _______________________________________
Өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның жауапкершілігі
Өтініш берген күн ___________________________________________________
__________________________________________________ __________________
      (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)                       (қолы)

Ескертпе: * ЗТ (ЖТ) қызметкерлеріне мәліметтер қызметкердің әрқайсысына толтырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1555 қаулысымен   
бекітілген     

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу
жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың бар болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

толық сауалнамалық деректерді қоса бере отырып, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы


2

қаруға рұқсаты бар адамдарда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытындылар

Қаруды иелену үшін қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды


3

техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтауға және (немесе) сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жай

Сейфтердің, шыныланған сөрелердің және т.б. болуын көрсете отырып, лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі


4

соттылығының жоқтығы туралы анықтама

Соттылығының жоқтығы туралы анықтама


5

қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама

Қаруды қолдануда қауіпсіздік ережелерін білуін тексеру туралы анықтама


6

күзет қызметіне лицензия (күзет қызметі субъектілері үшін)

Қызмет түріне (кіші түріне) лицензиясы


7

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу және (немесе) өндіру және (немесе) жөндеу және (немесе) сату және (немесе) коллекциялауға жинау және (немесе) экспонаттау жөніндегі қызметке арналған лицензия (осы қызметпен айналысатын заңды тұлғалар үшін)

Қызмет түріне (кіші түріне) лицензиясы.


8

банкноттар, ақшалар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензия (инкассациямен айналысатын заңды тұлғалар үшін)

Қызмет түріне (кіші түріне) лицензия


9

қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық көшірмесі

Қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрығы


10

жеткізілетін қару мен оқ-дәрілердің нақты түрлерін және модельдері мен санын көрсете отырып, қару мен оның патрондарын жеткізуге дайындаушы кәсіпорынмен шарт (келісімшарт) көшірмесі (қаруды әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін)

Қару мен оның патрондарының нақты түрлерін және модельдері мен санын көрсете отырып, оларды жеткізуге дайындаушы кәсіпорынмен шарт (келісімшарт) көшірмесінің (қаруды әкелетін заңды тұлғалар үшін)


11

жарақат салатын әсері бар патрондары бар қарудың және электрлік қарудың көрсетілген қарудың зақым келтіру факторларының адамға рұқсат етілген әсер етуінің белгіленген нормаларына сәйкес келуі туралы уәкілетті органның қорытындысы (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйымдар оны сатып алуға ниеттенген кезде)

Жарақат салатын патрондарының әсері бар және электрлік қарудың зақым келтіру факторларының адамға рұқсат етілген әсер етуінің белгіленген нормаларына сәйкес келуі туралы уәкілетті орган қорытындысы (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйымдар оны сатып алуға ниеттенген кезде)


12

осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес аумақтық ішкі істер департаменттерімен (тегіс ұңғылы қару үшін) және (немесе) Ішкі істер министрлігімен (ойық қару үшін) келісілген қару мен оның патрондарының қолда бары және қажетті саны туралы мәліметтер

Келісілген қару мен оның патрондарының қолда бары және қажетті саны туралы мәліметтер бланкі.


Ескертпе: Қазақстан Республикасының аумағында қару сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында қаруды беру кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын олардың түрлерін көрсете отырып, сатып алу-сату шарты (келісімшарты) көшірмелері болуы қажет.

Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарын сатып  
алу жөніндегі қызметті жүзеге 
асыру үшін қойылатын     
біліктілік талаптарына және  
құжаттар тізбесіне     
қосымша         

Келісілді                              Келісілді
_______________________                _______________________
(ІІМ)                                  (ІІД (К)
М.О.                                   М.О.
20___жылғы «___»________               20___жылғы «___»________
_______________________                _______________________
қолы                                   қолы

Қару мен оның патрондарының қолда бары және қажетті саны туралы
мәліметтер

1. __________________________________________________________________
         (заңды тұлғаның атауы, поштаның индексі, толық мекенжайы)
2. Қызмет түрі ______________________________________________________
3. Ішкі, сыртқы бекеттердің және ұтқыр топтардың саны (бөлек) _______
4. Ішкі, сыртқы бекеттер және ұтқыр топтар жеке құрамының саны (бөлек) _____________________________________________________________
5. Қолда бар қару мен патрондардың саны:
1) жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар ________________________
2) винтовкалар, карабиндер __________________________________________
3) пистолеттер ______________________________________________________
4) тапаншалар _______________________________________________________
5) электр қаруы _____________________________________________________
6) мылтықтар ________________________________________________________
6. Патрондар ________________________________________________________
                        (әр қару түрі бойынша бөлек)
7. Жарамсыз ретінде тапсыруға жататын қару мен олардың патрондарының саны:
1) жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар _______________________
2) винтовкалар, карабиндер __________________________________________
3) пистолеттер ______________________________________________________
4) тапаншалар _______________________________________________________
5) электр қаруы _____________________________________________________
6) мылтықтар ________________________________________________________
8. Патрондар ________________________________________________________
                  (әр қару түрі бойынша бөлек)
9. Қажетті саны:
1) Атыс қаруы:
      жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар _____________________
      винтовкалар, карабиндер _______________________________________
      тапаншалар ____________________________________________________
      револьверлер __________________________________________________
      электр қаруы __________________________________________________
      мылтықтар _____________________________________________________
2) Патрондар:
      ортаймайтын қор________________________________________________
                  (әр қару түрі бойынша бөлек)
      оқу-жаттығу атыстары __________________________________________
                              (әр қару түрі бойынша бөлек)
      қаруды атып көру үшін__________________________________________
                              (әр қару түрі бойынша бөлек)
10. Ауысымға (қарауылға) шығу үшін сатып алынатын патрондар саны: ___
11. Қару мен патрондардың қажетті санына мәліметтер
_____________________________________________________________________
__________________________________________________ негізінде жасалды.   (тиесілік нормасының атауы, қашан және кім белгіледі)

М.О.

Заңды тұлға басшысының қолы __________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1555 қаулысына   
қосымша       

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасы
талаптарына сәйкестігі бөлігінде азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға
жинау және экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1351 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады