Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1188 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан 2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының Үкiметi арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының Үкiметi арасындағы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов