"Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1574 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 448 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 408-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесінде:
      2-тармақта:
      екінші және сегізінші абзацтар алынып тасталсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «аккредиттелетiн субъект - медициналық ұйым, жеке тұлға;»;
      3-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеудi жүзеге асыратын орган (ұйым) аккредиттеу жөнiндегi тиiстi комиссиялар (бұдан әрi – Комиссиялар) құрады және аккредиттелген денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдар мен тәуелсiз сарапшылардың дерекқорын қалыптастырады.»;
      19-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) аккредиттеу стандарттарына сәйкестiктi бағалауды баллдық жүйе негiзiнде жүргізу кезеңдерінен тұрады.»;
      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыртқы кешенді бағалау қорытындылары баллдық жүйе негізінде аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды жүргізумен аяқталады.»;
      «Емшi сертификатын беру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына денсаулық сақтау ұйымдарына аккредиттеу жүргiзу тәртiбi» деген 4-бөлім алынып тасталсын;
      35-тармақтың төртінші бөлігі алынып тасталсын;
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Аккредиттеушi органның аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмiне медициналық ұйымдар және жеке тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдана алады.»;
      көрсетілген ережеге қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады