1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 160-ө өкiмiмен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және
құқықтық актілердің тізбесі
р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
2. |
«Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
3. |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
4. |
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Зияткерлік меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң «Ұлттық зияткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта құру туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
5. |
«Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЖРА, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
6. |
Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау конкурсын өткізу қағидаларын және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
7. |
Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҚА, ЭДСМ |
2012 жылғы қырқүйек |
8. |
Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
9. |
«Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ, ИЖТМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
10. |
«Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтарындағы № 60 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
11. |
«Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 114қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
12. |
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
13. |
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 351 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
14. |
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
15. |
«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ, ИЖТМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
16. |
«Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 529 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ, ИЖТМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
17. |
«Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ, ИЖТМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
18. |
Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2012 жылғы қырқүйек |
19. |
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2012 жылғы қырқүйек |
20. |
Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
21. |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Кеме қатынасы тіркелімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2012 жылғы қырқүйек |
22. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
23. |
«Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині |
2012 жылғы қырқүйек |
24. |
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оларды тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 735бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы |
ДСМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
25. |
«Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 736 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы |
ДСМ, БҚА |
2012 жылғы қырқүйек |
26. |
«Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 744бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы |
ДСМ |
2012 жылғы қырқүйек |
27. |
«Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 737бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы |
ДСМ |
2012 жылғы қырқүйек |
28. |
«Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттардың жанама әсеріне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 3 қарашадағы № 647бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы |
ДСМ |
2012 жылғы қырқүйек |
29. |
«Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік және саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 89 бірлескенбұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Экономикалық даму және сауда министрінің бірлескен бұйрығы |
ДСМ, ЭДСМ |
2012 жылғы қырқүйек |
30. |
«Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы туралы» Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығы |
ККМ |
2012 жылғы қырқүйек |
31. |
«Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 348 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығы |
ККМ |
2012 жылғы қырқүйек |
32. |
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 631 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы |
АШМ |
2012 жылғы қырқүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
ЖРА – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі