Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 41-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
41 |
«Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңінің жобасын әзірлеу және енгізу |
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы |
ККМ, МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
2012 жылғы 1 қараша |
2012 жылғы 1 желтоқсан |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 41-1-жолмен толықтырылсын:
«
41-1 |
«Ақпараттық Қазақстан – 2030» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңінің жобасын әзірлеу және енгізу |
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы |
ККМ, МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
2019 жылғы 1 қараша |
2019 жылғы 1 желтоқсан |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов