"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1591 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 800 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 123-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      5-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тілдерді дамыту мәселелерін қарау және тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;»;
      2) және 3) тармақшалар алынып тасталсын;
      1718 және 19-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1531 қаулысына    
қосымша          

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2006 жылғы 28 қазандағы
№ 1025 қаулысымен   
бекітілген       

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамы

Ахметов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Серік Нығметұлы           Министрі, төраға

Мыңбай                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы        ақпарат министрі, төрағаның орынбасары

Байменов                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
Әлихан Мұхамедияұлы       істері агенттігінің төрағасы, төрағаның
                          орынбасары (келісім бойынша

Сқақов                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Мақсат Нұрлыбекұлы        ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
                          төрағасы, хатшы

Ерғалиев                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жабал Ерғалиұлы           Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Есім                    - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ғарифолла                 Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Редкокашин              - Қазақстан Республикасы Парламенті
Владимир Николаевич       Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Смайыл                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Алдан Зейноллаұлы         Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Тоғжанов                - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының
Ералы Лұқпанұлы           орынбасары Қазақстан Республикасы
                          Президенті Әкімшілігінің хатшылық
                          меңгерушісі (келісім бойынша)

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы         министрі

Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы        министрі

Имашев                  - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Берік Мәжитұлы

Қуанышев                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Жапсарбай Ілиясұлы        Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                          меңгерушісі (келісім бойынша)

Қырықбаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арман Оразбайұлы          және ақпарат вице-министрі

Қапақов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Нұрлан Төлегенұлы         Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-
                          экономикалық бөлімі меңгерушісінің
                          орынбасары

Әбішев                  - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Хабылсаят Әзімбайұлы      аға көмекшісі - Қазақстан Республикасының
                          Парламентіндегі өкілі, заң ғылымдарының
                          кандидаты (келісім бойынша)

Қарин                   - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Ерлан Тынымбайұлы         партиясының хатшысы (келісім бойынша)

Әбдірахманов            - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті»
Сауытбек Әбдірахманұлы     акционерлік қоғамының президенті
                           (келісім бойынша)

Оразалин                - «Қазақстан Жазушылар одағы»
Нұрлан Мірқасымұлы        республикалық қоғамдық бірлестігінің
                          төрағасы (келісім бойынша)

Айтбайұлы               - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының
Өмірзақ                   президенті Қазақстан Республикасы
                          Ұлттық ғылым академиясының академигі,
                          филология ғылымдарының докторы (келісім
                          бойынша)

Жолдасбеков             - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Мырзатай Жолдасбекұлы     министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                          Еуразия ұлттық университеті»
                          республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                          халықаралық қатынастар факультеті
                          түркітану кафедрасының меңгерушісі,
                          қоғам қайраткері, филология
                          ғылымдарының докторы, профессор

Малбақов                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Мырзаберген Малбақұлы     министрлігі «А. Байтұрсынов атындағы Тіл
                          білімі институты» республикалық
                          мемлекеттік кәсіпорнының директоры

Нәрікбаев               - «Қазақ гуманитарлық заң университеті»
Мақсұт Сұлтанұлы          акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
                          төрағасы, заң ғылымдарының докторы,
                          профессор (келісім бойынша)

Негимов                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Серік                     министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                          Еуразия ұлттық университеті»
                          республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                          профессоры, филология ғылымдарының докторы

Құрманәлиев             - «Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары
Кәрімбек Арыстанбекұлы    академиясы» республикалық қоғамдық
                          бірлестігінің вице-президенті, Қазақстан
                          Республикасы Ұлттық ғылым
                          академиясының корреспондент мүшесі,
                          филология ғылымдарының докторы,
                          профессор (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады