Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 - 2014 жылдарға бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша:
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлдердің су көлемі (деңгейі) мен сапасын арттыру мәселесін кешенді шешу жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізу.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов