Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімнің жобасын мақұлдау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 Қаулысы.

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылсын.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1599 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор),

      Қордың жалғыз акционері (бұдан әрі - жалғыз акционер) ретінде Үкімет өкілеттіктерінің және мемлекеттік реттеумен байланысты өкілеттіктердің аражігін ажырату қажеттілігін мойындай отырып;

      Қордың мақсатына қол жеткізу және оның алдында тұрған міндеттерді орындау үшін шарт ретіндегі корпоративтік басқарудың озық практикасына сәйкес Қорды басқару қажеттілігін негізге ала отырып;

      төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.

1. Келісімнің мәні

      Осы келісім Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын белгілейді және мәселелерін, оның ішінде Қор қызметінің мәселелері бойынша оған Үкімет қоятын талаптарды, сондай-ақ Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін реттейді.

2. Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттары

      Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) Үкімет тарапынан Қорды басқару "Ұлттық әл-ауқат Қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және (немесе) Қордың жарғысында көзделген жалғыз акционердің және Қордың директорлар кеңесіндегі Үкімет мүшелері өкілдігінің өкілеттіктерін іске асыру арқылы ғана жүзеге асырылады;

      2) заңдарда, актілерде және Қазақстан Республикасы Президенттің тапсырмаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Үкіметтің, оның мүшелерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының Қор тобының жедел (ағымдағы) қызметіне араласпауы;

      3) Қор тобы қызметінің есептілігі және транспаренттілігі.

3. Үкімет пен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, оның ішінде Қор қызметінің мәселелері бойынша оған Үкіметтің қоятын талаптары

      1. Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Үкімет Қор акцияларының меншік иесі ретінде Қорды оның органдарының – жалғыз акционерінің, Қордың директорлар кеңесінің (бұдан әрі – директорлар кеңесі), Қор басқармасының (бұдан әрі – басқарма) тиімді басқаруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету арқылы Қордың Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру жөніндегі мақсаттарға және Қордың даму жоспарына қол жеткізуіне ықпал етеді.

      Үкімет Қорға коммерциялық акционерлік қоғам ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қордың жарғысында көзделген шекте толық жедел дербестік береді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қор қызметінің мәселелері бойынша оған Үкімет қоятын талаптар Қордың қызметті Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес жүзеге асыруы, сондай-ақ Қордың Үкімет алдындағы есептілігі болып табылады.

      4. Қор өз қызметін Заңда айқындалған, сондай-ақ Қордың даму жоспарында бекітілген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде ғана жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Үкімет пен Қордың және Қор тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) арасындағы өзара қарым-қатынастар корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес директорлар кеңесі арқылы ғана жүзеге асырылады.

      Үкімет немесе оның лауазымды тұлғалары заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенттің актілері мен тапсырмаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өз құзыреті шегінде олар орындайтын, Қор басқармасының немесе Қордың басқармасы төрағасының, сондай-ақ Қордың тобына кіретін басқа да ұйымдардың шешімдер қабылдау және кез келген әрекетті жүзеге асыру үдерісіне тікелей (директорлар кеңесін аттап өтіп) араласпайды.

      6. Қор басқармасы және Қор басқармасының төрағасы өз құзыретінің шегінде шешімдер қабылдау және кез келген әрекетті жүзеге асыру кезінде толық дербес және тәуелсіз болады.

      7. Басқарма:

      1) Қордың шоғырландырылған іс-шаралар жоспарының іске асырылуы мониторингін;

      2) Қор және директорлар кеңесі айқындайтын тізім бойынша ірі компаниялар қызметінің негізгі көрсеткіштерін;

      3) Директорлар кеңесі айқындайтын тізім бойынша Қор тобы іске асыратын ірі инвестициялық жобалар туралы ақпаратты;

      4) Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген және/немесе Үкімет бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалар туралы директорлар кеңесі белгілеген форматтағы ақпаратты;

      5) маңызды салалық бастамалар мен міндеттерді;

      6) Қор тобының әлеуметтік жауапкершілігін;

      7) Қордың ішкі құжаттарына сәйкес немесе директорлар кеңесі мүшесінің ұсынысы бойынша басқа да мәселелерді қоса алғанда, Қордың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі ұйымдармен (бұдан әрі - компаниялар) қызметінің шоғырландырылған нәтижелерін директорлар кеңесінің қарауына шығару жолымен тоқсан сайын есеп береді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Үкімет жалғыз акционер ретінде Үкімет отырыстарында Қор қызметінің мәселелері бойынша оның ақпаратын тыңдауға құқылы.

      Үкімет ұйымдардың басшыларын директорлар кеңесінің отырысына шақыру арқылы ғана олардың қызметінің нәтижелері туралы тыңдай алады.

      Қордың басқарма мүшелері мен ұйымдардың басшылары Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының кеңестеріне Қордың және ұйымдардың қызметін қозғайтын ағымдағы мәселелерді талқылау үшін шақырылуы мүмкін.

      9. Қор "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабына сәйкес Қордың корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты жалғыз акционердің назарына жеткізу жөніндегі талаптарды сақтайды.

      10. Қор жалғыз акционер ретінде Үкіметті аудиттелген жылдық қаржы есептілігін бере отырып, өзінің қаржы-шаруашылық қызметі және оның нәтижелері туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      11. Қор жалғыз акционер мен директорлар кеңесі шешімдерінің уақтылы және тиімді орындалуына жауап береді.

      12. Қордың инвестициялық қызметі, егер директорлар кеңесі өзгеше шешім қабылдамаса, Қордың даму жоспарына сәйкес нарықтық қағидаттарда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Үкімет бастама жасайтын, Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйымдар іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және/немесе өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу туралы шешімді Қордың директорлар кеңесі қабылдайды. Мұндай жобаларды қаржыландыру туралы шешімді де Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Мемлекеттік органдар мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, мемлекеттік органдар тарапынан Қордың, ұйымдардың жедел (ағымдағы) қызметіне араласуға жол берілмейді.

      2. Қор мемлекеттік органдар тарапынан ұйымдардың жедел (ағымдағы) қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген араласу жағдайлары туралы Қорға ұйымдар беретін ақпаратты директорлар кеңесінің назарына жүйелі түрде жеткізіп отырады, және қажет болған жағдайда директорлар кеңесі отырысының қорытындылары бойынша Үкіметке осындай жағдайларды болдырмау бойынша ұсыныстар енгізеді.

      3. Қор мемлекеттік органдарға есептілікті, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілерінде және/немесе Үкімет бекітетін мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсында орналастыру қағидаларында, есептіліктің тізбесінде, нысандарында және орналастыру кезеңділігінде тікелей көзделген жағдайда, сондай-ақ осы Келісімнің 3-бөлімінің 7-тармағына сәйкес береді.

      4. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларында Қордың және/немесе ұйымдардың қызметін қозғайтын нысаналы көрсеткіштер, іс-шаралар және/немесе өзге де ережелер белгіленген жағдайда, онда осындай жобаларды әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметке енгізу кезінде жобаға қоса берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде көзделген мерзімде Қордың жазбаша ұстанымын алу үшін жібереді.

      5. Үкімет (Премьер-Министр) немесе мемлекеттік органдар Қордың және/немесе ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелерді қарау бойынша консультациялық-кеңес органдарын немесе жұмыс топтарын құрған кезде, Қордың және/немесе ұйымдардың өкілдері Қормен келісім бойынша олардың құрамына енгізіледі.

      6. Бюджеттік кредит беру бағдарламаларын, бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау мен іске асыру кезінде осы Келісімнің ережелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қор және ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылға қолданылмайды.

5. Келісімді іске асыру тетіктері

      1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.09.2021 № 633 қаулысымен.

      2. Қор басқармасы осы Келісім ережелерінің тиісінше орындалуына мониторингіні жүзеге асырады және корпоративтік хатшыға тиісті ақпарат береді.

      3. Қордың корпоративтік хатшысы кемінде жылына екі рет осы Келісімнің іске асырылу барысы туралы есеп дайындайды және оны директорлар кеңесінің қарауына шығарады.

6. Қорытынды ережелер

      1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.

      2. 20__ жылғы "__" Астана қаласында әрқайсысы орыс және қазақ тілдеріндегі екі данада қол қойылды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

Қазақстан Республикасының

"Самұрық-Қазына" ұлттық

Үкіметі үшін

әл-ауқат қоры" АҚ үшін


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1599 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1164 қаулысы.

      2. "2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 209 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 286-құжат).

Об одобрении проекта Соглашения о взаимодействии между Правительством Республики Казахстан и акционерным обществом "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2012 года № 1599.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 1 февраля 2012 года "О Фонде национального благосостояния" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения о взаимодействии между Правительством Республики Казахстан и акционерным обществом "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына".

      2. Подписать Соглашение о взаимодействии между Правительством Республики Казахстан и акционерным обществом "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына".

      3. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства

      Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Одобрен
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 14 декабря 2012 года № 1599
Проект

Соглашение
о взаимодействии между Правительством Республики Казахстан
и акционерным обществом "Фонд национального
благосостояния "Самрук-Қазына"

      Правительство Республики Казахстан (далее - Правительство) и акционерное общество "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" (далее - Фонд),

      признавая необходимость разграничения полномочий Правительства как единственного акционера Фонда (далее - единственный акционер) и полномочий, связанных с государственным регулированием;

      исходя из необходимости управления Фондом в соответствии с наилучшей практикой корпоративного управления, как условия для достижения цели Фонда и выполнения стоящих перед ним задач;

      заключили настоящее Соглашение о нижеследующем.

1. Предмет Соглашения

      Настоящее Соглашение устанавливает основные принципы и регулирует вопросы взаимодействия Правительства и Фонда, в том числе требования Правительства к Фонду по вопросам его деятельности, а также вопросы взаимодействия между государственными органами, входящими в структуру Правительства (далее - государственные органы), и Фондом.

2. Основные принципы взаимодействия Правительства и Фонда

      Основными принципами взаимодействия Правительства и Фонда являются:

      1) управление Фондом со стороны Правительства которое осуществляется исключительно посредством реализации полномочий единственного акционера, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О Фонде национального благосостояния" (далее - Закон) и (или) уставом Фонда, и представительства членов Правительства в совете директоров Фонда;

      2) невмешательство Правительства, его членов, а также должностных лиц государственных органов в оперативную (текущую) деятельность группы Фонда, за исключением случаев, предусмотренных законами, актами и поручениями Президента Республики Казахстан;

      3) отчетность и транспарентность деятельности группы Фонда.

3. Вопросы взаимодействия между Правительством и Фондом,
в том числе требования Правительства к Фонду по
вопросам его деятельности

      1. Взаимодействие Правительства и Фонда осуществляется в соответствии с Законом, иным законодательством Республики Казахстан и настоящим Соглашением.

      2. Правительство, как собственник акций Фонда, способствует достижению Фондом цели по повышению национального благосостояния Республики Казахстан и плана развития Фонда посредством обеспечения условий для эффективного управления Фондом его органами – единственным акционером, советом директоров Фонда (далее – совет директоров), правлением Фонда (далее – правление).

      Правительство предоставляет Фонду, как коммерческому акционерному обществу, полную операционную самостоятельность в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан и уставом Фонда.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 20.07.2022 № 509 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Требованиями Правительства к Фонду по вопросам его деятельности являются осуществление Фондом деятельности в соответствии с законном, иными законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, а также отчетность Фонда перед Правительством.

      4. Фонд осуществляет свою деятельность исключительно в рамках реализации целей и задач, определенных Законом, а также утвержденных в плане развития Фонда.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правительства РК от 20.07.2022 № 509 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      5. Взаимоотношения между Правительством и Фондом и организациями, входящими в группу Фонда (далее - организации), осуществляются через совет директоров в соответствии с принципами корпоративного управления.

      Правительство или его должностные лица не вмешиваются на прямую (минуя совет директоров) в процесс принятия решений и осуществления любых действий правления Фонда или председателя правления Фонда, а также других организаций, за исключением случаев, предусмотренных законами, актами и поручениями Президента Республики Казахстан.

      6. Правление Фонда и председатель правления Фонда полностью самостоятельны и независимы при принятии решений и осуществлении любых действий в пределах своей компетенции.

      7. Правление ежеквартально отчитывается путем вынесения на рассмотрение совета директоров консолидированных результатов деятельности Фонда с организациями, более пятидесяти процентов голосующих акций (долей участия) которых принадлежат Фонду на праве собственности или доверительного управления (далее - компании), включая:

      1) мониторинг реализации консолидированного плана мероприятий Фонда;

      2) ключевые показатели деятельности Фонда и крупных компаний по списку, определяемому советом директоров;

      3) информацию о крупных инвестиционных проектах, реализуемых группой Фонда, по списку, определяемому советом директоров;

      4) информацию об инвестиционных проектах, включенных в Государственную программу по форсированному индустриально-инновационному развитию на 2010 - 2014 годы и/или реализуемых в рамках программ Правительства, в формате, определенном советом директор;

      5) важные отраслевые инициативы и задачи;

      6) социальную ответственность группы Фонда;

      7) другие вопросы в соответствии с внутренними документами Фонда или по предложению члена совета директоров.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 20.07.2022 № 509 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      8. Правительство как единственный акционер вправе заслушивать на заседаниях Правительства информацию Фонда по вопросам его деятельности.

      Правительство может заслушивать руководителей организаций о результатах их деятельности исключительно посредством приглашения на заседание совета директоров.

      Члены правления Фонда и руководители организаций могут быть приглашены на совещания у Премьер-Министра и его заместителей для обсуждения текущих вопросов, затрагивающих деятельность Фонда и организаций.

      9. Фонд соблюдает требования по доведению до сведения единственного акционера информации о корпоративных событиях Фонда в соответствии со статьей 79 Закона Республики Казахстан "Об акционерных обществах".

      10. Фонд обеспечивает Правительство как единственного акционера информацией о своей финансово-хозяйственной деятельности и ее результатах, представляя годовую аудированную финансовую отчетность.

      11. Фонд отвечает за своевременное и эффективное исполнение решений единственного акционера и совета директоров.

      12. Инвестиционная деятельность Фонда осуществляется на рыночных принципах в соответствии с планом развития Фонда, если иное решение не принято советом директоров.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции постановления Правительства РК от 20.07.2022 № 509 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      13. Решение об отнесении социально-значимых и/или промышленно-инновационных проектов, инициируемых Правительством, реализуемых Фондом или организацией, входящей в группу Фонда, к низкорентабельным принимается советом директоров Фонда. Решение о финансировании таких проектов также принимается советом директоров Фонда.

      Сноска. Пункт 13 - в редакции постановления Правительства РК от 20.07.2022 № 509 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

4. Взаимодействие между государственными органами и Фондом

      1. Не допускается вмешательство со стороны государственных с органов в оперативную (текущую) деятельность Фонда, организаций, кроне случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан.

      2. Фонд периодически доводит представляемую Фонду организациями информацию о случаях вмешательства со стороны государственных органов в оперативную (текущую) деятельность организаций, не предусмотренных законами Республики Казахстан, до сведения совета директоров и по итогам заседания совета директоров, в случае необходимости, вносит в Правительство предложения по исключению таких случаев.

      3. Отчетность представляется государственным органам Фондом в случае, если это прямо предусмотрено законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, Правительства и/или Правилами размещения отчетности, необходимой государственным органам, на интернет ресурсе Фонда, перечнем, формами и периодичностью размещения отчетности, утверждаемыми Правительством, а также в соответствии с пунктом 7 раздела 3 настоящего Соглашения.

      4. В случае установления в проектах нормативных правовых и правовых актов целевых показателей, мероприятий и/или иных положений, которые затрагивают деятельность Фонда и/или организаций, то такие проекты направляются государственным органом-разработчиком для получения в сроки предусмотренные Регламентом Правительства Республики Казахстан, письменной позиции Фонда, которая прилагается к проекту при внесении в Правительство.

      5. При создании Правительством (Премьер-Министром) или государственными органами консультативно-совещательных органов или рабочих групп по рассмотрению вопросов, касающихся деятельности Фонда и/или организаций, представители Фонда и/или организаций включаются в их состав по согласованию с Фондом.

      6. При планировании и реализации программ бюджетного кредитования, бюджетных инвестиционных программ, положения настоящего Соглашения не распространяются на взаимодействие между администратором бюджетных программ, Фондом и организациями.

5. Механизмы реализации Соглашения

      1. Исключен постановлением Правительства РК от 13.09.2021 № 633.

      2. Правление Фонда осуществляет мониторинг надлежащего исполнения положений настоящего Соглашения и представляет корпоративному секретарю соответствующую информацию.

      3. Корпоративный секретарь Фонда не реже двух раз в год подготавливает и выносит на рассмотрение совета директоров отчет о ходе реализации настоящего Соглашения.

6. Заключительные положения

      1. Настоящее Соглашение заключается на неопределенный срок.

      2. Подписано в городе Астане "__" _______ 20 __ года в двух экземплярах, каждый на русском и казахском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.

За Правительство

За АО "Фонд национального

Республики Казахстан

благосостояния "Самрук-Қазына"


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 14 декабря 2012 года № 1599

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2008 года № 1164 "Об утверждении Меморандума об основных принципах деятельности акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына".

      2. Пункт 5 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 303 "О Республиканской карте индустриализации на 2010 - 2014 годы".

      3. Подпункт 1) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2011 года № 209 "О внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 23, ст. 286).