"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 509 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге енгізілетін өзгерістер мақұлдансын.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қосымша келісімге қол қойылсын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 509 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:

      кіріспеде:

      12-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) іс-шаралар жоспары – Қор немесе ұйым қызметінің негізгі бағыттарын және олардың қызметінің бес жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштерін айқындайтын, Директорлар кеңесі бекітетін құжат;

      5) компаниялар – ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қызметтің негізгі көрсеткіштері (индикаторлары) (бұдан әрі – ҚНК) – Қор немесе ұйым қызметінің тиімділік деңгейін сипаттайтын, тұтастай алғанда олардың, сондай-ақ Қордың немесе ұйымның басшы жұмыскерлері қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер (ҚНК-нің Қордың немесе ұйымның іс-шаралар жоспарының құрамында бекітілетін және олардың жоспарлы және есепті кезеңдердегі ішіндегі қызметінің нәтижелеріне сәйкес келетін сандық мәні болады);";

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттары" деген 1-бөлімде:

      "Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тараудың 2-тармағында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қордың және ұйымдардың негізгі стратегиялық міндеттері – бұл Қордың және ұйымдардың ұзақ мерзімді құнының өсуі және орнықты дамуы, бұл Қордың және компаниялардың даму жоспарында көрініс табады. Барлық қабылданатын шешімдер мен іс-қимылдар даму жоспарына сәйкес келуге тиіс.";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қор ұйымдарындағы активтер портфелін және акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару Қордың даму жоспары шеңберінде айқындалады.";

      "Қор мен ұйымдардың өзара іс-қимылы. Қордың ұлттық басқарушы холдинг ретіндегі рөлі" деген 2-тараудың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қордың және компаниялардың атқарушы органдары компаниялардың директорлар кеңестеріне бекіту үшін жіберілетін компаниялардың даму жоспарларының мейлінше өршілдігін және шынайылығын, сондай-ақ олардың Қордың даму жоспары мен іс-шаралар жоспарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық рухында өзара іс-қимыл жасауға тиіс.

      Қордың атқарушы органы компанияның атқарушы органымен стратегия және орнықты даму мәселелері бойынша үнемі диалогты қолдауға тиіс. Бұл ретте Қор іс-шаралар жоспарында белгіленген ҚНК орындалмауына әкеп соғатын мән-жайлар болған жағдайларды қоспағанда, компанияның атқарушы органы жауапты болатын компанияның жедел (ағымдағы) қызметіне араласуға жол бермейді.";

      "Орнықты даму" деген 3-тараудың 5-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды, адами ресурстарды басқаруды, инвестицияларды, есептілікті, операциялық қызметті және басқаларды қоса алғанда, негізгі процестерге, сондай-ақ даму жоспарына және шешімдер қабылдау процестеріне орнықты дамуды интеграциялау;";

      "Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі" деген 5-тарауда:

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушы орган Директорлар кеңесіне есеп береді, ұйымның күнделікті қызметіне басшылықты жүзеге асырады және оның даму жоспарына, іс-шаралар жоспарына және акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.";

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) даму жоспарын айқындауға (бағыттар және нәтижелер);

      2) іс-шаралар жоспарының қызметтің негізгі көрсеткіштерін қоюға және оны мониторингтеуге;";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Атқарушы орган Директорлар кеңесіне есеп береді және ұйымның күнделікті қызметіне басшылықты жүзеге асырады, даму жоспарының, іс-шаралар жоспарының және Директорлар кеңесі және акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдердің іске асырылуы үшін жауапты болады.";

      "Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит" деген 6-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қордың және ұйымдардың атқарушы органдары тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруды және қолдауды қамтамасыз етуге тиіс. Тәуекелдерді басқару процесі жоспарлау (даму жоспары және іс-шаралар жоспарлары, жылдық бюджет) және ұйым қызметінің нәтижелерін бағалау (басқару есептілігі) процестерімен біріктірілуге тиіс.";

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттарына аннотациялар" деген 2-бөлімде:

      "Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тарауында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады.

      Қордың және ұйымдардың негізгі стратегиялық міндеттері – бұл Қордың және ұйымдардың ұзақ мерзімді құнының өсуі және орнықты дамуы, ол Қордың және компаниялардың даму жоспарында көрініс табады. Барлық қабылданатын шешімдер мен іс-қимыл даму жоспарына сәйкес келуге тиіс.

      Қорда және компанияларда активтердің оңтайлы құрылымы құрылуға тиіс. Қор және компаниялар өз активтерінің және олардың ұйымдық-құқықтық нысандарының құрылымын барынша оңайлатуға ұмтылуға тиіс.

      Ұйымдар өз қызметін өзінің негізгі (бейіндік) қызметінің шеңберінде жүзеге асырады. Қызметтің жаңа түрлерін жүзеге асыруға осы нарықта бәсекенің болмауы немесе Қордың және ұйымдардың қатысуы шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етуі шартымен жол беріледі.

      Қор ұйымдарындағы активтер портфелін және акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару Қордың даму жоспары шеңберінде айқындалады.

      Қордың және ұйымдардың органдары, лауазымды адамдары мен қызметкерлері даму жоспары мен жарғыға сәйкес әрекет етуге және шешім қабылдауға тиіс. Даму жоспары он жылдық кезеңге арналған пайымды, миссияны, мақсаттарды, міндеттерді, стратегиялық бағыттарды және қызметтің негізгі көрсеткіштерін айқындайтын ұзақ мерзімді құжатты білдіреді. Компаниялар даму жоспарын Қордың даму жоспары негізінде он жыл мерзімге бекітеді.

      Холдингтік компанияның даму жоспары оның тобына кіретін ұйымдардың мақсаттарын, міндеттерін және даму бағыттарын қамтуға тиіс. Холдингтік топтың акцияларына қор биржаларында баға белгіленіп жүрген ұйымдарында, сондай-ақ холдингтік топтың бірлескен кәсіпорындар нысанында құрылған ұйымдарында жеке даму жоспарларын қабылдауға болады. Көрсетілген ұйымдарда даму жоспарын әзірлеу кезінде ұйымдар жарғыларының ережелерін басшылыққа алу және басқа акционерлермен (қатысушылармен) консультациялар жүргізу керек.

      Даму жоспары шеңберінде Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындайды, олар мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуға тиіс: нақты, өлшенетін, қолжетімді, өзекті, қол жеткізудің белгіленген мерзімдері болуға тиіс. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бағалау ұзақ мерзімді ҚНҚ арқылы айқындалады. Қызметтің жекелеген бағыттарын (мысалы, инвестициялық, инновациялық, ақпараттық технологиялар, адами ресурстарды басқару) даму жоспарына енгізу ұсынылады.

      Даму жоспарын әзірлеу және оның іске асырылуын мониторингтеу процесінде Директорлар кеңесі мен атқарушы орган стратегиялық сессиялар өткізеді, олардың барысында қызметтің негізгі бағыттары, міндеттер, проблемалы мәселелер, тәуекелдер, түзету шаралары талқыланады.

      Даму жоспарын әзірлеу кезінде негізгі мүдделі тұлғалармен, атап айтқанда, ірі акционерлермен, негізгі бизнес-әріптестермен, мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар өткізіледі.

      Даму жоспарында орнықты даму бөлігінде мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер көзделуге тиіс.

      Даму жоспарын әзірлеумен және іске асырумен байланысты мәселелер Директорлар кеңесі айқындайтын кезеңділікпен, бірақ жылына бір реттен сиретпей, Директорлар кеңестерінің бетпе-бет отырыстарында ғана қаралуға тиіс. Директорлар кеңесі ішкі және сыртқы нарық конъюнктурасының өзгерістерін, форс-мажорлық жағдайларды ерте анықтау және оларға уақтылы ден қою жүйесін енгізуге тиіс.

      Даму жоспарында айқындалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің негізінде іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      Қордың ұйымдары үшін активтердің оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету ұсынылады. Холдингтік компанияда негізгі компания акционерлік қоғам нысанында құрылуы мүмкін. Қалған ұйымдарды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанында құру ұсынылады. Акционерлік қоғам нысанында құрылып қойған ұйымдарда экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілерді және Қор тобы мүдделерінің қамтамасыз етілуін ескере отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанына қайта ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

      Жаңа ұйымдарды құрған кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестік ең қолайлы ұйымдық-құқықтық нысан болып табылады. Жаңа ұйымдарды акционерлік қоғам нысанында құруға ұйымның акцияларын кейіннен қор нарығында сатудың жоспарланатыны сияқты ерекше жағдайларда жол беріледі.

      Ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған кезде қадағалау кеңестерін құрудың қажеттігі және құрылатын ұйым қызметінің ауқымы мен ерекшелігіне қарай оның құрамына тәуелсіз мүшелерді сайлаудың орындылығы туралы шешімді қатысушылар өз бетінше қабылдайды.

      Ұйымдардың жаңа активтерін сатып алу және/немесе акцияларын сату кезінде қатысу үлесін айқындауды қоса алғанда, активтер портфелін басқару Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың даму жоспарында және Қордың инвестициялық саясатында белгіленген стратегиялық міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қордың даму жоспарын мақұлдау және оның іске асырылу барысы туралы Қордың жыл сайынғы есебін қарау, сондай-ақ Қор өз қызметін жүзеге асыратын экономиканың басым секторлары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;";

      8-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қордың және ұйымдардың инвестициялық қызметі даму жоспарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуға және активтердің құны мен оңтайлы құрылымын арттыруға бағытталуға тиіс. Инвестициялық қызметті ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдері Қордың инвестициялық қызмет мәселелерін реттейтін ішкі құжаттарында айқындалады.";

      "Қор мен ұйымдардың өзара іс-қимылы. Қордың ұлттық басқарушы холдинг ретіндегі рөлі" деген 2-тарауда:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қордың және компаниялардың атқарушы органдары компаниялардың директорлар кеңестеріне бекіту үшін жіберілетін компаниялардың даму жоспарларының мейлінше өршілдігін және шынайылығын, сондай-ақ олардың Қордың даму жоспары мен іс-шаралар жоспарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық рухында өзара іс-қимыл жасауға тиіс.

      Қордың атқарушы органы компанияның атқарушы органымен стратегия және орнықты даму мәселелері бойынша үнемі диалогты қолдауға тиіс. Бұл ретте Қор іс-шаралар жоспарында белгіленген ҚНК орындалмауына әкеп соғатын мән-жайлар болған жағдайларды қоспағанда, компанияның атқарушы органы жауапты болатын компанияның жедел (ағымдағы) қызметіне араласуға жол бермейді.";

      8-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Даму жоспарында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалау мақсатында компанияларға мынадай процестер арқылы ҚНК белгіленеді:";

      "Орнықты даму" деген 3-тарауда:

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) есеп берушілік – біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсеріміз үшін есеп беретінімізді сезінеміз; біз Қордың және ұйымдардың ұзақ мерзімді кезеңде ұзақ мерзімді құнының өсуі және орнықты дамуы үшін акционерлер мен инвесторлардың алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді сезінеміз; біз ресурстарды (энергияны, шикізатты, суды қоса алғанда) ұқыпты пайдалану, шығарындыларды, қалдықтарды дәйекті түрде азайту және өнімділігі жоғары энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу жолымен өз қызметіміздің қоршаған ортаға және қоғамға теріс әсерін азайтуға ұмтыламыз; біз мемлекеттік бюджетке салықтарды және заңнамада көзделген өзге де алымдарды төлейміз; біз өзіміздің даму жоспарымыз бен мүмкіндіктеріміздің шеңберінде жұмыс орындарын сақтаймыз және құрамыз; біз өз жоспарымыздың шеңберінде және қолда бар қаржылық мүмкіндіктеріміздің шегінде қызметімізді жүзеге асыратын жерді дамытуға жәрдем көрсетуге ұмтыламыз; біз шешімдерді ойластырып және ақылға қонымды етіп қабылдаймыз және әрекеттерді лауазымды тұлғалар деңгейінен бастап жұмыскерлерге дейінгі әрбір деңгейде жасаймыз; біз ресурстарды ұқыпты және жауапты пайдалануға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған инновациялық технологияларды енгізуге ұмтыламыз; біздің өнімдеріміз, тауарларымыз бен көрсетілетін қызметтеріміз тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің заңнамада белгіленген стандарттарына сәйкес келуге және лайықты сапада болуға тиіс; біз клиенттерімізді құрметтейміз;";

      5-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды, адами ресурстарды басқаруды, инвестицияларды, есептілікті, операциялық қызметті және басқаларды қоса алғанда, негізгі процестерге, сондай-ақ даму жоспарына және шешімдер қабылдау процестеріне орнықты дамуды интеграциялау;";

      жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) даму жоспарына;

      3) тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды (ұзақ мерзімді (жоспар), орта мерзімді (5 жылдық іс-шаралар жоспары) және қысқа мерзімді (жылдық бюджет) кезеңдер), есептілікті, тәуекелдерді басқаруды, адами ресурстарды басқаруды, инвестицияларды, операциялық қызметті және басқаларды қоса алғанда, негізгі процестерге, сондай-ақ органдардан (акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер), Директорлар кеңесі, атқарушы орган) бастап қатардағы жұмыскерлерге дейінгі барлық деңгейлерде шешімдер қабылдау процестеріне интеграциялануға тиіс.";

      "Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі" деген 5-тарауда:

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушы орган Директорлар кеңесіне есеп береді, ұйымның күнделікті қызметіне басшылықты жүзеге асырады және оның даму жоспарына, іс-шаралар жоспарына және акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.";

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) даму жоспарын айқындауға (бағыттар және нәтижелер);

      2) іс-шаралар жоспарының қызметтің негізгі көрсеткіштерін қоюға және оны мониторингтеуге;";

      3-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қосымша ірі акционерлер (жалғыз акционер) даму жоспары, атқарушы органның бірінші басшысын сайлау мәселелерін және ұйымның ұзақ мерзімді құнын өсіруге және орнықты дамуға ықпал ететін басқа да аспектілерді талқылау үшін Директорлар кеңесінің төрағасымен және оның мүшелерімен отырыс өткізе алады. Мұндай отырыстар алдын ала жоспарланады және бекітілген рәсімдерге сәйкес өткізіледі.";

      6-тармақтың жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет ауқымын, бизнестің қажеттілігін, ағымдағы міндеттерді, даму жоспары мен қаржылық мүмкіндіктерді ескере отырып, Директорлар кеңесі құрамының саны дербес белгіленеді. Директорлар кеңесі мүшелерінің саны комитеттердің қажетті санын құруға мүмкіндік беруі қажет. Компанияларда Директорлар кеңесінің сандық құрамы 7-11 адамды құрайды.";

      10-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде Директорлар кеңесі мүшелерінің міндеттері, ұйым қызметінің ауқымы, даму жоспарында айқындалатын ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттер, Директорлар кеңесі қарайтын мәселелердің күрделілігі, ұқсас компаниялардағы сыйақы деңгейі (бенчмаркинг, сыйақыларды шолу) назарға алынады.";

      12-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Директорлар кеңесінің отырыстарына материалдар, егер Жарғыда өзге мерзімдер белгіленбесе, алдын ала кемінде күнтізбелік 7 күн бұрын, ал Ұйымның жарғысында айқындалатын біршама маңызды мәселелер бойынша – кемінде 15 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Маңызды мәселелер тізбесі даму жоспарын, іс-шаралар жоспарын, атқарушы органның басшылары мен мүшелері үшін ынталандырушы ҚНК, жылдық есепті және басқа заңды тұлғаларды құруға қатысуды қамтиды, бірақ бұлармен шектелмейді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Атқарушы орган Директорлар кеңесіне есеп береді және ұйымның күнделікті қызметіне басшылықты жүзеге асырады, даму жоспарының, іс-шаралар жоспарының және Директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдердің іске асырылуы үшін жауапты болады.";

      20-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушы орган бетпе-бет отырыстар өткізуге және даму жоспарын іске асыру мәселелерін, акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің шешімдерін және операциялық қызметті талқылауға тиіс. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелеріне ерекше. назар аударылуы қажет. Атқарушы органның отырысын тұрақты негізде өткізу ұсынылады. Сырттай отырыстар өткізу жағдайлары шектеулі болуға және ұйымның құжаттарында айқындалуға тиіс.";

      "Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит" деген 6-тарауда:

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қордың және ұйымдардың атқарушы органдары тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құру мен қолдауды қамтамасыз етуге тиіс. Тәуекелдерді басқару процесі жоспарлау (даму жоспары және іс-шаралар жоспарлары, жылдық бюджет) және ұйым қызметінің нәтижелерін бағалау (басқару есептілігі) процестерімен интеграциялануға тиіс.";

      4-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жүзеге асырылатын тәуекелдерді бағалау тәуекелдердің бекітілген тәуекел-тәбетке сәйкестігін және Қор мен ұйымның даму жоспарын іске асыруға ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін өлшенетін көрсеткіштерге сәйкес келуге тиіс.";

      "Ашықтық" деген 7-тарауда:

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қор немесе ұйым туралы ақпарат: жалпы мәліметтер; жарғылық капиталдың құрылымы туралы ақпарат, оның ішінде мынадай мәліметтер: шығарылған акциялардың (қатысу үлестерінің) саны және номиналды құны, акциялар беретін құқықтардың сипаттамасы, жарияланған, бірақ орналастырылмаған акциялардың саны және номиналды құны, акционерлердің (қатысушылардың) құрамы және оларға тиесілі жай акциялардың (қатысу үлестерінің) саны және үлесі, меншік құқықтарына иелік ету тәртібі; миссиясы; даму жоспары, оны іске асыру қорытындылары; нарықты шолу және нарықтағы жағдай;";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) даму жоспары туралы ақпарат (кемінде стратегиялық мақсаттар); қызметтің басым бағыттары;".

      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қордың (оның Басқармасының) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 құрылыс.";

      13-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды Қордың іске асыруының Заңда белгіленген ерекшеліктерін ескере отырып, оларды іске асыруға қатысу болып табылады.";

      41-2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қордың даму жоспарын мақұлдау және оның іске асырылу барысы туралы Қордың жыл сайынғы есебін қарау, сондай-ақ Қор өзінің қызметін жүзеге асыратын экономиканың басым секторлары жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      3) әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруды, оның ішінде республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөле отырып іске асыруды қоса алғанда, Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламаларына Қордың қатысуы жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстарын қарау;";

      49-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қордың даму жоспарын бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;";

      57-тармақта:

      1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қордың іс-шаралар жоспарын бекіту;

      2) Қордың іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бекіту, мониторингтеу, іске асырылуын бағалау, орындалуы бойынша есеп беру тәртібін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;

      3) Қордың іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды және талдауды, іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру;

      4) Қордың іс-шаралар жоспары шеңберінде Қор қызметінің негізгі көрсеткіштерін айқындау;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қордың: тәуекелдерді басқару, демеушілік және қайырымдылық туралы көмек жөніндегі, әлеуметтік жауапкершілік, ақпаратты ашу, кредит, өнеркәсіптік-инновациялық саясат және өзге де саясаттарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "31-1) Қордың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызын Қор тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдардың сатып алуын жүзеге асыру тәртібін бекіту;";

      35) және 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) Қазақстан Республикасының Үкіметі бастама жасайтын, Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйымдар іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және/немесе өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу туралы шешім қабылдау;

      36) Қазақстан Республикасының Үкіметі бастама жасайтын, рентабельділігі төмен болып табылатын әлеуметтік маңызы бар және/немесе өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдау;";

      73-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) Қордың іс-шаралар жоспарын әзірлеу және кейіннен Жалғыз акционерге бекітуге ұсыну үшін Директорлар кеңесіне шығару;".

      3. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысында:

      "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі" деген 2-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Компанияның директорлар кеңесі компанияның іс-шаралар жоспарын қараған және бекіткен кезде, сондай-ақ оны жыл сайын түзеткен кезде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттерін басшылыққа алуға тиіс.".

      4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 656 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспары";

      кіріспеде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор, "Самұрық-Қазына" АҚ) даму жоспары ұзақ мерзімді стратегиялық құжат болып табылады, онда Жалғыз акционер белгілеген мақсаттарға қол жеткізудегі Қордың миссиясы айқындалған. Жоспар ұлттық дамумен, қойылған мақсаттармен, негізгі экономикалық міндеттермен түбегейлі үйлеседі және Қазақстан Республикасының даму мақсаттарына қол жеткізуде тәуелсіз қор ретінде Қордың маңыздылығын айқын көрсетеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қордың Қазақстандағы, сол сияқты халықаралық аренадағы рөлінің стратегиялық негізі. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі Қазақстанның стратегиялық мақсаты Қордың алдына өршіл мақсаттар қойып отыр әрі жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін маңызды өзгерістерді талап етеді. Инвестициялық портфелдің проблемалық мәселелерін шешу, ұлттық компаниялар қызметінің тиімділігі мен қаржылық орнықтылығын жақсарта түсу бойынша пәрменді шаралар қабылдау керек. Бұл портфельді әртараптандырудың арта түсуі үшін жаңа бастамалар іздеуге, акционер үшін табысты ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қордың халықаралық аренада болуын нығайта түсуге қоса атқарылатын іс.

      Жоғарыда аталған факторлар Қордың таяудағы он жылға арналған стратегиялық пайымы мен мақсаттарын түбегейлі айқындап берді. Қордың 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарында (бұдан әрі – Даму жоспары) инвестициялық жобалар мен активтердің ағымдағы портфеліне өзгерістер енгізу, қаражатты қайта инвестициялау үшін тәсілдерді қайта қарау, шоғырланған тәуекелге жол бермеу үшін кірістерді әртараптандыруды, болашақ ұрпақ үшін игілікті сақтап қалу мен көбейте түсуді қамтамасыз ету ұсынылады.

      Даму жоспарында оны іске асырудың стратегиялық кезеңдері де белгіленеді. Қысқа мерзімді кезеңде Қор өз назарын қаржылық орнықтылықты нығайту, портфельдік компаниялардың рентабельділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ағымдағы мәселелерді шешуге аударады. Орта мерзімді перспективада Қор Қазақстан аумағында да, оның шегінен тысқары жерлерде де инвестициялар мен активтердің (экономика мен география секторлары бойынша) кірісі жоғары әртараптандырылған портфелін қалыптастыруға күш салады. Қор ұзақ мерзімді перспективада портфельдің кірістілігін арттыру үшін халықаралық инвестициялар үлесін ұлғайта отырып, активтердің әртараптандырылған портфелін белсенді және тиімді басқаруға толық көшуді жоспарлап отыр.";

      "Ағымдағы ахуалды талдау" деген 1-бөлімде:

      "Сыртқы ортаны талдау" деген 1-1-кіші бөлімнің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Даму жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттары мен даму бағыттарын (осы Даму жоспарына 1-қосымша, 1-схема) іске асыруға бағытталған.";

      "Миссиясы және пайымы" деген 2-бөлімде:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2028 жылға жасалған пайымда Қор жоғары қаржылық көрсеткіштер мен инвестициялардан түсетін кірісті қамтамасыз етуші, сондай-ақ портфельді алдыңғы қатарлы егемен әл-ауқат қорлары деңгейінде дамытушы инвестициялық холдинг ретінде айқындалады. Қордың миссиясы мен пайымына қол жеткізу осы Даму жоспарына 1-қосымшаның 2-схемасына сәйкес үш стратегиялық мақсатты іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.";

      "Дамудың стратегиялық бағыттары" деген 3-бөлімде:

      жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түпкі нәтижеде Даму жоспарын іске асыру акционер үшін дивидендтердің өсуіне және Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына әкеледі. Осылайша, Даму жоспарын іске асыру нәтижелері салыстыруға болатын басқа да егемен қорлар қызметінің негізгі нәтижесіне сәйкес келетін болады.

      Қордың пайымына қол жеткізу және стратегиялық мақсаттарды орындау үшін Қор төрт стратегиялық бастаманы орындауға баса назар аударады (осы Даму жоспарына 1-қосымша, 3-схема), олар:";

      қырқыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қор портфельдік компанияларға акционердің күту хаттарын жіберу арқылы ұлттық стратегияларда, стратегиялық даму жоспарларында және портфельдік компаниялардың қызметіне қатысты мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген мемлекет бастамаларының портфельдік компаниялардың даму жоспарларымен сәйкестігін қамтамасыз етеді.";

      "Қазақстан Республикасының шегінен тыс инвестициялар" деген 3.3.3-кіші бөлімнің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада Даму жоспары әртараптандыру арқылы кірістілікті арттыру, әл-ауқатты сақтау мақсатында ұлттық экономикамен және өнеркәсіппен байланысты емес Қазақстан Республикасынан тыс инвестицияларды бөлуді көздейді.";

      "Стратегиялық мақсаттар мен бастамаларды іске асыру кезеңдері" деген 3.6-кіші бөлімде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі жоғары деңгейдегі жол картасына (осы Даму жоспарына 2-қосымша) сәйкес 2021 жылға дейінгі қысқа мерзімді кезеңде Қор компаниялардың тиімділігі мен рентабельділігін арттыруға баса назар аударады. Бұл Қорға одан әрі өсу және келесі кезеңге өту үшін негіз құруға мүмкіндік береді.";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Корпоративтік басқару және орнықты даму 2018 – 2028 жылдары Жоспарды іске асырудың бүкіл кезеңі бойы іске асырылатын Даму жоспарының негізгі компоненттердің бірі болып табылады.";

      "Күтілетін нәтижелер" деген 3.7-кіші бөлімнің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2028 жылға дейінгі стратегиялық қызметтің түйінді көрсеткіштерін (бұдан әрі – ҚТК) есептеу әдістемесіне (осы Даму жоспарына 3-қосымша) сәйкес Қор мынадай стратегиялық ҚТК пайдалана отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тұрақты мониторингін жүргізеді:";

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму стратегиясына 1-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Самұрық-Қазына" ұлттық
әл-ауқат қоры" акционерлік
қоғамының 2018 – 2028
жылдарға арналған
даму жоспарына
1-қосымша";

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарының қорытындылары мен ұсыныстарын қолдайтын схемалар";

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму стратегиясына 2-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Самұрық-Қазына" ұлттық
әл-ауқат қоры" акционерлік
қоғамының 2018 – 2028
жылдарға арналған
даму жоспарына
2-қосымша";

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі жоғары деңгейдегі жол картасы";

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму стратегиясына 3-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Самұрық-Қазына" ұлттық
әл-ауқат қоры" акционерлік
қоғамының 2018 – 2028
жылдарға арналған
даму жоспарына
3-қосымша".

      5. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне қайшы келмейтін бөлікте "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлға акцияларының мемлекеттiк пакетiн (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен 2020 жылдың және одан кейінгі жылдардың қорытындылары бойынша акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің), "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне қайшы келмейтін бөлікте "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың таза кірісінің бір бөлігін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiкте, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiкте көрсетілген таза кіріс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде дивидендтер (кіріс) төлеуге жіберу және оларды уақтылы аудару үшін шаралар қабылдасын.".

      6. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 828 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы ережеде:

      61-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қордың және Қор тобы ұлттық компанияларының даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылу есептері мен мониторингін талқылау;";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Қоғамдық мониторинг Қордың және (немесе) Қордың ұлттық компанияларының даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын іске асыруы нәтижесінде азаматтар үшін теріс салдардың және қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 509 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге енгізілетін өзгерістер

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімде:

      "Үкімет пен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, оның ішінде Қор қызметінің мәселелері бойынша оған Үкіметтің қоятын талаптары" деген 3-бөлімде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Үкімет Қор акцияларының меншік иесі ретінде Қорды оның органдарының – жалғыз акционерінің, Қордың директорлар кеңесінің (бұдан әрі – директорлар кеңесі), Қор басқармасының (бұдан әрі – басқарма) тиімді басқаруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету арқылы Қордың Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру жөніндегі мақсаттарға және Қордың даму жоспарына қол жеткізуіне ықпал етеді.

      Үкімет Қорға коммерциялық акционерлік қоғам ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қордың жарғысында көзделген шекте толық жедел дербестік береді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қор өз қызметін Заңда айқындалған, сондай-ақ Қордың даму жоспарында бекітілген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде ғана жүзеге асырады.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қордың шоғырландырылған іс-шаралар жоспарының іске асырылуы мониторингін;";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қордың инвестициялық қызметі, егер директорлар кеңесі өзгеше шешім қабылдамаса, Қордың даму жоспарына сәйкес нарықтық қағидаттарда жүзеге асырылады.

      13. Үкімет бастама жасайтын, Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйымдар іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және/немесе өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу туралы шешімді Қордың директорлар кеңесі қабылдайды. Мұндай жобаларды қаржыландыру туралы шешімді де Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 509 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қосымша келісім

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) төмендегілер туралы осы қосымша келісімді жасасты:

      1. Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Үкімет пен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, оның ішінде Қор қызметінің мәселелері бойынша оған Үкіметтің қоятын талаптары" деген 3-бөлімде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Үкімет Қор акцияларының меншік иесі ретінде Қорды оның органдарының – жалғыз акционерінің, Қордың директорлар кеңесінің (бұдан әрі – директорлар кеңесі), Қор басқармасының (бұдан әрі – басқарма) тиімді басқаруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету арқылы Қордың Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру жөніндегі мақсаттарға және Қордың даму жоспарына қол жеткізуіне ықпал етеді.

      Үкімет Қорға коммерциялық акционерлік қоғам ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қордың жарғысында көзделген шекте толық жедел дербестік береді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қор өз қызметін Заңда айқындалған, сондай-ақ Қордың даму жоспарында бекітілген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде ғана жүзеге асырады.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қордың шоғырландырылған іс-шаралар жоспарының іске асырылу мониторингін;";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қордың инвестициялық қызметі, егер директорлар кеңесі өзгеше шешім қабылдамаса, Қордың даму жоспарына сәйкес нарықтық қағидаттарда жүзеге асырылады.

      13. Үкімет бастама жасайтын, Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйымдар іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және/немесе өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу туралы шешімді Қордың директорлар кеңесі қабылдайды. Мұндай жобаларды қаржыландыру туралы шешімді де Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.".

      2. Осы қосымша келісімде қозғалмаған Келісімнің қалған шарттары өзгеріссіз қалады және тараптар олар бойынша өз міндеттемелерін растайды.

      3. Осы қосымша келісімге 20___ жылғы "___" ___________ Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды күші бірдей 2 (екі) данада қол қойылды.

      4. Осы қосымша келісім Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқатқоры" АҚ үшін
      _________________ _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады