Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүкәммал мүліктермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1604 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 105 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.03.2019 № 105 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 52 бұйрығы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына және "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүкәммал мүліктермен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары тұрмыстық техниканы, құрал-жабдықтарды және мүкәммал мүліктерді сатып алуды кезең-кезеңмен тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі С Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады