"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1637 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 13-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларында:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жыртылған қабаттағы жалпы гумустың құрамы, жеңіл гидролизделетін азот, жылжымалы фосфор және ауыспалы калийдің орташа есептелген көрсеткіштері суарылмайтын жерде – жеті жылда бір рет және суармалы жерде – бес жылда бір рет айналыммен жүргізілетін топырақты агрохимиялық тексеру нәтижелері бойынша айқындалады және бірінші (базалық) турдағы агрохимиялық тексеруде белгіленген көрсеткіштермен салыстырылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады