"Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1638 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 31, 408-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларында:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Бюджеттік субсидияларды төлеуді бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2012 жылғы 22 наурыздан бастап 31 шілдеге (қоса алғанда) дейін Қытай Халық Республикасына не оның аумағы арқылы транзитпен, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен бірінші, екінші және үшінші сыныпты азық-түліктік бидайды тасымалдаған жағдайда экспорттаушылардың шығындарды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың негізінде бір тоннаға 4000 теңге мөлшерінде жүзеге асырады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады