"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1656 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
      «Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау» деген 1.1-мақсатта:
      «Қоршаған ортаға эмиссияларды тұрақтандыру» деген 1.1.1 -міндетте:
      «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу нәтижелерін тәжірибеге ендіру» деген реттік нөмірі 14-жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «X» деген белгі алынып тасталсын;
      «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген 4-бөлімде:
      «Мемлекеттік органның стратегиялық бағытын, мақсаты мен міндетін іске асыру бойынша іс-шаралар» деген бағанда;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «ССЖ енгізу 2013 жыл»;
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      «Бюджеттік багдарламалар» деген 7.1-кіші бөлімде:
      004 «Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша іске асырылатын инвестициялық жобалардың саны» деген жолда «1» деген сан алынып тасталсын;
      «Қарасу көлі (310000 м3)» деген жолда «159650» деген сандар алынып тасталсын;
      «Бурабай көлі (410000 м3)» деген жолда «211150» деген сандар алынып тасталсын;
      «Щучье көлі (470000 м3)» деген жолда «242050» деген сандар алынып тасталсын;
      соңғы нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Қарасу көлі» деген жолда «51,5» деген сандар алынып тасталсын;
      соңғы нәтиже көрсеткіштері мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын ұсыну туралы алынған шешімдер

дана




2




Топогеодезиялық суретке түсіру және іздестіру жұмыстары жөніндегі есеп

дана




2




                                                              »;

      сапа көрсеткіштерінде:
      «Іске асырылатын жобалар бойынша тұнбаның бір текше метрінен көлдерді тазартуға арналған шығындар» деген жолда «6,5» деген сандар алынып тасталсын;
      тиімділік көрсеткіштері мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «

Топогеодезиялық және іздестіру жұмыстарына арналған шығындар

мың теңге




15000




                                                             »;

      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «4 013 299» деген сандар «15000» деген сандармен ауыстырылсын;
      009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және  реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бюджеттік бағдарламада:
      «Павлодар облысы Шербақты ауданы Шарбақты ауылында, Атырау қаласында іске асырылып жатқан жобалардың кәріздік тазарту құрылыстарына түсетін сарқынды сулардың орташа тәуліктік төгінділері» деген жолда:
      «, Атырау қаласында» деген сөздер алынып тасталсын;
      «2012 жыл» деген бағанда:
      «70000» деген сандар алынып тасталсын;
      мына:
      «

Атырау облысы шегіндегі Жайық өзенінің су көлемін көтеру және гидрологиялық режимін жақсарту үшін іске асырылатын жоба бойынша тереңдету жұмыстарының ұзындығы

км




2868,5

2868,5

2868,5


                                                            »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Атырау облысы шегіндегі Жайық өзенінің су көлемін көтеру және гидрологиялық режимін жақсарту үшін іске асырылатын жоба бойынша тереңдету жұмыстарының ұзындығы

м




1500

7200

7200


                                                            »;

      «Атырау облысы Жайық өзенінің жайылма арықтарын тазарту мен тереңдету» деген жолдағы «63850» деген сандар «425000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жайылма арықтарын тазарту мен тереңдету бойынша іске асырылатын жобалар шеңберінде жалпы жұмыс көлемінің 1 текше метрдегі жұмыстарының құны» деген жолдағы «6,7» деген сандар «0,59» деген сандармен ауыстырылсын;
      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «3 737 445» деген сандар «3 101 144» деген сандармен ауыстырылсын;
      012 «Тарихи» ластануларды жою» деген бюджеттік бағдарламада:
      сапа көрсеткіштерінде:
      «Іске асырылатын жобалар бойынша аумақтарды «тарихи» ластанулардан тазартудың деңгейі» деген жол алынып тасталсын;
      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолда «233 259» деген сандар «189 524» деген сандармен ауыстырылсын;
      019 «Қазақстан Республикасының «жасыл дамуды» ілгерілету және Астаналық бастамашылығын іске асыру үшін өңіраралық ынтымақтастықты күшейтуге көмек көрсетуі» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «42 750» деген сандар «38 500» деген сандармен ауыстырылсын;
      «грант қаражаттары бойынша» деген жолдағы «16250» деген сандар «12000» деген сандармен ауыстырылсын;
      020 «Қазақстанда құрамында ТОЛ (тұрақты органикалық ластағыштар) бар қалдықтарды жою» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Әзірленген ТОЛ және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі зауыт салудың ТЭН-і және ТОЛ-мен және қауіпті қалдықтармен ластанған учаскелерді қалпына келтіру бағдарламасының ТЭН-і» деген жолда «2» деген сан алынып тасталсын;
      тікелей нәтиже көрсеткіштері мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «

Жалданған консультанттар саны: қаржы бойынша маман және сатып алу бойынша үйлестіруші маман

дана







2







                                                            »;
      соңғы нәтиже көрсеткіштерінде:
      «ТОЛ және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі зауыт салу ТЭН-і, ТОЛ-мен және қауіпті қалдықтармен ластанған учаскелерді қалпына келтіру бағдарламасының ТЭН-і» деген жолда «2» деген сан алынып тасталсын;
      сапа көрсеткіштерінде:
      «Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу талаптарына сәйкестігі» деген жолда «100» деген сан алынып тасталсын;
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «Бір ТЭН-ді әзірлеу шығындары» деген жолдағы «24050» деген сандар алынып тасталсын;
      соңғы нәтиже көрсеткіштері мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «

Жалданған консультанттар ұсынымдары

дана




2







                                                            »;
      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «55 525» деген сандар «8 225» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қаржыландыру» деген жолдағы «48100» деген сандар «800» деген сандармен ауыстырылсын;
      022 «Табиғи ортаны техногендік ластанудан тазарту» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Іске асырылатын жоба бойынша аумақты тазарту үшін сатып алынған химиялық реагенттердің саны» деген жолдағы «1500» деген сандар «1000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «сатып алынған бұрғылау сорғыштарының саны» деген жолдағы «10» деген сандар «12» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Іске асырылатын жоба бойынша жалпы тәжірибелік-сүзгілік жұмыстар көлеміндегі бұрғыланған 68 ұңғымада жүргізілген тәжірибелік-сүзгілік жұмыстардың үлесі» деген жолдағы «33» деген сандар алынып тасталсын;
      «Ақтөбе облысының Елек өзеніне іргелес аймақта алты валентті хроммен ластанған № 3 тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскенің жерасты суларын тазарту үшін жабдықтармен және материалдармен жабдықтау үлесі» деген жолдағы «100» деген сандар «95» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес тәжірибелік-сүзгілік және өңделетін жұмыстардың сапасы» деген жолдағы «100» деген сандар алынып тасталсын;
      «Бір ұңғыма бірлігінде тәжірибелік-сүзгілік жұмыстарды жүргізу шығындары» деген жолдағы «1752» деген сандар алынып тасталсын;
      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «372 756» деген сандар «167 731» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығындар жиынтығы» деген 7.2-кіші бөлімде:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығыстардың БАРЛЫҒЫ» деген жолдағы «19 826 417» деген сандар «14 891 507» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «9 788 013» деген сандар «9 531 438» деген сандармен ауыстырылсын;
      «бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «10 038 404» деген сандар «5 360 069» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады