«Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1664 қаулысына баспасөз релизі
2012 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулыны қабылдады.
Бұл өзгеріс пен толықтырулар ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесін пайдаланып, тұрақты байланыс және (немесе) радио хабар тарату қызметтерін сатып алу барысында жергілікті қамтуды арттыруға бағытталған. Бұл қаулыны қабылдау байланыс операторларының «KazSat-2» ғарыш аппратына бірте-бірте ауысуын көздейді.
Қаулының қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.
Қазақстан Республикасы
Ұлттың ғарыш агенттігі