2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1677 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 30 мамырда Ашхабад қаласында жасалған 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1677 қаулысымен    
бекітілген       

2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы
ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 16-бабында «және осы Келісімнің 15-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін» деген сөздер алынып тасталсын.

2-бап

      Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қатысушылардың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Ереженің І бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«I Жалпы ережелер

      1.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қатысушылардың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесі (бұдан әрi – Кеңес) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыру, Келісімге қатысушылардың халықаралық байланыстарын кеңейту және нығайту мақсатында құрылады.

      Кеңес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы салалық ынтымақтастығының органы болып табылады және өз құзыреті шегінде Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерiнiң кеңесімен, ТМД экономикалық кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын ұйымдастыруға және үйлестіруге бағытталған.
      1.2. Кеңес өз қызметiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының жарғысын, достастық шеңберінде қабылданған шарттар мен шешiмдерді, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы салалық ынтымақтастығының органдары туралы жалпы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
      1.3. Кеңес өзінің қызметін ТМД Атқарушы комитетімен, Достастықтың басқа органдарымен, қажет болған жағдайда басқа халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
      1.4. Кеңес құрамына Келісімге қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік билік органдарының басшылары кiредi.
      Кеңес отырысына Кеңес мүшелерін алмастыратын адамдар жіберілген кезде, олардың өкілеттіктері расталуы тиіс.
      Кеңестің құрамына кеңесуші дауыс құқығымен Кеңес хатшылығының басшысы, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілі кіреді.
      Келiсiмнiң әрбiр қатысушысы Кеңесте бiр дауысқа ие.
      1.5. Кеңес өз қызметiнде ТМД үкіметтері басшыларының кеңесіне есеп береді.
      1.6. Кеңес өз жұмысын өзі әзірлеген және бекiткен жоспарлар негiзінде ұйымдастырады.
      1.7. Кеңес ТМД Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы жыл сайын ақпарат береді.».
      2. Ереженің ІV бөлімінде:
      2.1. 4.2-тармақтың бірінші абзацындағы «бiр жылдан аспайтын мерзімге» деген сөздер «егер өзге жағдай Кеңестің шешімімен белгіленбесе, әдеттегідей бір жыл ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2.2. 4.5-тармақ «бақылаушылар ретінде» деген сөздерден кейін «қатыса алады» деген сөздермен толықтырылсын.
      2.3. 4.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеңес қызметін ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етудi оның Хатшылығы жүзеге асырады.
      Кеңес хатшылығының функциялары ТМД Атқарушы комитетінің құрылымдық бөлімшесімен бірге, басшысы Кеңесте төрағалық ететін дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік билік органының аппаратына жүктеледі.
      Кеңес Хатшылығының басшысын Кеңес төрағасы тағайындайды және Кеңесте төрағалық етуші дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік билік органының өкілі болып табылады. Кеңес Хатшылығы басшысының орынбасары ТМД Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады».
      2.4. 4.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеңестің кезекті отырысына Хатшылық қажеттi материалдарды дайындауды ұйымдастырады және отырысты өткізу күніне дейін кемінде екі аптадан кешіктірмей олармен Кеңес мүшелерiн қамтамасыз етеді».
      3. Ереже мынадай мазмұндағы V бөліммен толықтырылсын:

«V Қаржыландыру

      5.1. Кеңес отырыстарын өткізуге байланысты шығыстар ТМД-ға қатысушы қабылдаушы мемлекеттің тиiстi мемлекеттік органдарының есебінен жүзеге асырылады.
      5.2. Кеңес мүшелерін және отырысқа қатысушыларды iссапарға жiберу шығыстарын ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің жіберуші мемлекеттiк органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

3-бап

      Осы хаттама депозитарийге оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарлама тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
      2012 жылы 30 мамырда Ашхабад қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшiрмесін жолдайды.

      Әзербайжан Республикасының            Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін
                                            Д. Медведев

      Армения Республикасының               Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін
      Т. Саркисян өтінішпен                 А. Акилов

      Беларусь Республикасының              Түрікменстанның
      Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін
      М. Мясникович

      Қазақстан Республикасының             Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін
      К. Мәсімов

      Қырғыз Республикасының                Украинаның
      Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін
      О. Бабанов                            өтінішпен

      Молдова Республикасының
      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады