Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына 350 жыл толуын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1678 Қаулысы

      «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына 350 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. «2012 – 2014 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 3-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген 2012 – 2014 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 9-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі»;
      реттік нөмірі 10-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, БҒМ, барлық облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері»;
      реттік нөмірі 11-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, Қарағанды облысының әкімі»;
      реттік нөмірі 12-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, Павлодар облысының әкімі, Қазақстан Жазушылар одағы (келісім бойынша)»;
      реттік нөмірі 13-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, Алматы, Қарағанды облыстарының, Астана, Алматы қалаларының әкімдері»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-1-жолмен толықтырылсын:
      «

13-1

Қожаберген жырау Толыбайұлының 350 жылдығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ, БҒМ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

2013 жыл

                                                                   »;
      реттік нөмірі 14-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, СДШІА, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері»;
      реттік нөмірі 15-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, БҒМ, Алматы қаласының әкімі»;
      реттік нөмірі 16-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, БҒМ, Павлодар облысының әкімі, Қазақстан Жазушылар одағы (келісім бойынша)»;
      реттік нөмірі 17-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, Қарағанды, Павлодар облыстарының, Астана, Алматы қалаларының әкімдері»;
      реттік нөмірі 18-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, Алматы қаласының әкімі»;
      реттік нөмірі 19-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «МАМ, Қарағанды облысының әкімі, Қазақстан Жазушылар одағы (келісім бойынша)».
      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы: мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі»
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1678 қаулысымен    
бекітілген       

Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына 350 жыл толуын дайындау
және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1

Қожаберген жырау Толыбайұлының 350 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2013 жылғы I тоқсан

Талап етілмейді

-

2

Республикалық мәдениет ұйымдарында «Елім-ай» тақырыбындағы поэзия кешін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2013 жылғы I тоқсан

Талап етілмейді

-

3

Қожаберген жырау Толыбайұлының өмірі мен қызметі туралы «Қазақстан мұрағаттары» ақпараттық және ғылыми-практикалық журналына мақала дайындау және жариялау

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2013 жылғы I тоқсан

Талап етілмейді

-

4

Қожаберген жырау Толыбайұлының 350 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

2013 жылғы IІІ тоқсан

Жергілікті бюджет

1000,0

5

Қожаберген жырау Толыбайұлының мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысын өткізу

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

2013 жылғы IІІ тоқсан

Жергілікті бюджет

5000,0

6

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында Қожаберген жырау Толыбайұлының 350 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізу

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

2013 жылғы IІІ тоқсан

Жергілікті бюджет

3000,0

7

Қожаберген жырау Толыбайұлының 350 жылдығына арналған ұлттық спорт ойындарын өткізу

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

2013 жылғы IІІ тоқсан

Жергілікті бюджет

10 000,0

8

Республикалық мәдениет ұйымдарында Қожаберген жырау Толыбайұлының мерейтойына арналған кітап көрмесін, дөңгелек үстел өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2013 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

-

9

Бұқаралық ақпарат құралдарында мерейтойлық іс-шараларды жария ету

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жыл бойы

Талап етілмейді

-


ЖИЫНЫ:



Жергілікті бюджет

19 000,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады