"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1690 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайта
құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді
одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 8-баптың 13-тармағының 4) тармақшасындағы «банк холдингтеріне қолданылмайды.» деген сөздер «банк холдингтеріне;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) банктер заңнамада көзделген тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олар басқа банктің акцияларын не ұстаушысы басқа банк болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда оларға қолданылмайды.»;
      2) 11-1-баптың 14-тармағының 2) тармақшасындағы «резиденттері еместерге қолданылмайды.» деген сөздер «резиденттері еместерге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде оның басқа банктiң акцияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.»;
      3) 17-1-баптың 2-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Банк холдингi немесе банктің iрi қатысушысы мәртебесiн иелену жөніндегі талаптар банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде оның басқа банктiң акцияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.»;
      4) мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:
      «60-1-бап. Өзіне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау
                 жүзеге асырылған, дауыс беретін акцияларының елу
                 және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке
                 тікелей немесе жанама тиесілі банкті басқа банкке
                 біріктіру нысанында ерікті түрде қайта
                 ұйымдастырудың ерекшеліктері
      1. Өзіне қатысты осы Заңда көзделген негіздер бойынша қайта құрылымдау жүзеге асырылған, дауыс беру акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банкті басқа банкке біріктірген кезде, біріктірілетін банктің акцияларын әрбір банктің директорлар кеңесі оны алдын ала мақұлдағаннан кейін қайта ұйымдастырылатын банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында бекітілетін акцияларды айырбастау коэффициенті негізінде айқындалатын санда өз акцияларын біріктірілетін банктің акционерлері арасында орналастыру (өткізу) арқылы біріктіруді жүзеге асыратын банк сатып алады. Бұл ретте «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 83-бабының біріктірілетін қоғамның акцияларын сату бағасына және оған біріктіру жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына қатысты ережелері (оның ішінде қоғам органдарының осы бағаларды айқындауы, қарауы және бекітуі жөніндегі ережелер) қолданылмайды.
      2. Осы Заңның 60-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы қолдаухатқа қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған біріктіру туралы шарт қоса берілуге тиіс.».
      2. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 30-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер бұрын қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды орналастырған кезде акционерлерге осы бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы берілсе, бағалы қағаздар шығару проспектісі негізінде бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастау кезінде қоғамның акционерлеріне акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.»;
      2) 83-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Біріктіру туралы шешім оған біріктіру жүзеге асырылатын қоғам мен біріктірілетін қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен қабылданады.».
      3. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 22-1-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы «оған қолданылмайды.» деген сөздер «оған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру жүргізген кезде оған қолданылмайды.»;
      2) 36-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеуді тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен жасалған мәмілені тіркеуге арналған қарсы бұйрықтары негізінде (мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен жасалған мәмілені тіркеуге арналған бұйрығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың негізінде бір жақты мәміле тіркелген жағдайда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар негізінде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қаржы ұйымдары қайта құрылымдауды және/немесе қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер тіркелген жағдайда) жүзеге асырады.
      Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеу:
      1) бұйрық берген адамның өкілеттіктерін және бұйрық нысанының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді;
      2) бұйрықты тіркеуді;
      3) бұйрықта көрсетілген іс-әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеруді;
      4) бұйрықты орындаудан бас тарту үшін негіздер болмаған кезде онда көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыруды;
      5) клиентке оның бұйрығының орындалғаны туралы есеп жіберуді қамтиды.».
      2-бап. Осы Заң 1-баптың 3-тармағының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады