"Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 775 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1691 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 554 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 554 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 775 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасында:
      «6. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 66-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

66.

Қазақстан Республикасының батыс өңірінде туберкулезбен ауыратын сотталғандарға арналған емдеу-профилактикалық мекемесінің құрылысына мемлекеттік сараптамадан өткізе отырып, ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім енгізу

Бюджеттік өтінім

ІІМ

2014 жылғы 2 тоқсан

-

-

-

-

-

Талап етілмейді

-

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады