"Швеция Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1699 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Швеция Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Швеция Корольдігінде
Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

      Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Стокгольм қаласында (Швеция Корольдігі) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады