Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Вьетнам Социалистік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Вьетнам Социалистік Республикасында
Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ханой қаласында (Вьетнам Социалистік Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев