Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1709 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері
2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 10-бабына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Комиссия бекітетін ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, оның ішінде ғарыш аппараттарын ұшыру жөнінде қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар тізбесіне сәйкес ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, оның ішінде ғарыш аппараттарын ұшыру жөнінде қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер беруге рұқсат етіледі.».
2-бап
Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Келісімде белгіленген тәртіппен шешіледі.
3-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптар мемлекеттерінің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.
қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жіберетін Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Беларусь Қазақстан Ресей Федерациясының
Республикасының Республикасының Үкіметі үшін
Үкіметі үшін Үкіметі үшін