«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айрылу жағдайларына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап он алты пайызға арттырылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов