2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1715 Қаулысы

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы.

      2012 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» № 1715 қаулысы қабылданды.
      Аталған арттырулар 2013 жылғы 1 қаңтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға қатысты.
      Еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға әлеуметтік төлемдер мөлшерін 16 % арттыруды индекстеу арқылы автоматтандыру тәртібінде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер арттырылған мөлшерде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз