"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1719 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2015 № 238 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 41, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 2-бөлімнің «1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру» деген кіші бөлімі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау.

Елімізде бұқаралық спорттың дамуы

      Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
      2011 жылы саланың қызметі «Қазақстан 2030» Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
      2011 жылы 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру бойынша халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды.
      Осы кезеңде саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
      Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Егер 2007 – 2014 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спорттың дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басында 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының (15 %-ы) 2,3 млн. адамын құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам (17,7 %), 2011 жылы 3,3 млн. адам немесе 20,0 %-ын құраған.
      Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат ете отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту үдерістерінің негізгі сипаттары: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты алдын алу және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу, жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыда дамытуда спортты пайдалану болып табылады.
      Осы үдерістердің ықпалы мыналардан:
      1) спорттық думандардан және спорттық қызмет көрсету секторынан;
      2) спорттық телерадио хабарларын тарату көлемінің артуынан;
      3) халықтың қажеттілігін ескере отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын дамытудан;
      4) қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметін көрсету ұсыныстарының әдістері мен құралдарының алуандығынан түсетін табыстың өсуіне әкелді.
      Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, тек 2011 жылдың өзінде 18 мыңнан астам бұқаралық-спорттық іс-шара өткізілді, оларға 4,1 млн астам адам қатысты.
      Өткен төрт жыл кезеңінде спартакиадалар, спорт түрлерінен турнирлер, спорттық отбасылар арасында «Бірге жарысамыз» атты жарыстар, бұқаралық жүгірістер, сонымен қатар әрқайсысында 2 млн. астам адам қатысатын президенттік тестілер тапсыру айлықтарын өткізу дәстүрге айналды.
      2011 жылы алғаш рет Қазақстанның бүкіл аумағында дәстүрлі халықаралық «Олимпиадалық жүгіру күні», бірінші «Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары», «Жастар ойыны» бір уақытта басталды.
      Ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамып келеді, олармен бүгінгі күні 208,4 мыңнан астам адам шұғылданады (2010 жылы – 166 мың адам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттар, республикалық және халықаралық турнирлер, соның ішінде Тоғызқұмалақтан бірінші әлем чемпионаты, бірінші Жастар ойыны, Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін Халық спорты ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарында ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелердің ашылуы ықпал етті.
      Ауыл спортын дамытуда маңызды бастама «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамын құру болып табылады.
      6769 жалпы білім беру мектебінде 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары енгізілген, бұл мектептердің жалпы санының 98 %-ын құрайды.
      Елде спорт секцияларында 803 мыңнан астам бала немесе жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 33,0 %-ы (2,5 млн. мектеп оқушысы) спортпен шұғылданатын 24 мыңнан астам дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді. Республикада 1978 спорт клубы, соның ішінде 106 балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі клубы, 662 балалар мен жасөспірімдер клубы, 1010 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және 164 спорт түрінен кәсіптік клуб жұмыс істейді, онда 376 мың адам шұғылданады.
      Өткен үш жылда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартылған денсаулығының мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу серпіні байқалғанын атап өту қажет.
      Елімізде халықтың 3 %-ын құрайтын 486 мыңнан астам мүгедек тұрады, олардың ішінде 45 % адамға спортпен шұғылдануға тыйым салынбаған. Осы санаттағы адамдар арасында 15,5 мың адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл 7,7 %-ды құрайды (2010 жылы – 6,5 %).
      Бүгінгі күні республикада 193 мүгедек спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері болып табылады. 2011 жылы 57 адам спорт шебері, 9 адам халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады.
      Жыл сайын спортшы-мүгедектер арасында республикалық және халықаралық деңгейде 70-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылады және өткізіледі, оған 5 мыңнан астам адам қатысады.
      Елде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың нәтижесі отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болып табылады.
      2011 жылы спорт ғимараттарының саны бүкіл республика бойынша 32 614 бірлікті құрады, олардың ішінде 21 238 бірлік ауылдық жерде орналасқан. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1348 бірлікке артық, оның ішінде:
      1) жүзу бассейндерінің саны 12 бірлікке артты (2009 жылы - 222, 2010 жылы – 231, 2011 жылы – 243);
      2) спорт залдарың саны 199 бірлікке артты, 2010 жылы 7 133 бірлік болса, 2011 жылы 7 332 бірлікті құрады;
      3) теннис корты 40 бірлікке артты, егер 2010 жылы олардың саны – 276 болса, 2011 жылы – 316-ны құрады;
      4) 2011 жылы хоккей корты 100 бірлікке артты, егер 2010 жылы олардың саны – 423 болса, 2011 жылы – 523-ті құрады.
      Астана және Алматы қалаларында 7-ші қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу шеңберінде қазіргі заманғы спорт объектілері салынды. Алматыда «Медеу», «Шымбұлақ» және сырғанау мұз айдынын жапсарлас салу арқылы Б. Шолақ атындағы Спорт сарайы толық қайта жаңартылды. Республикада 30 мың орны бар «Астана – Арена» жабық футбол стадионы салынды, «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Қазақстан» спорт сарайы жанында тегістелген мұз айдыны, «Алау» коньки тебу стадионы, «Алатау» шаңғы және биатлон кешендерінің стадионы, Алматыда халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені салынды.
      Негізгі проблемаларды талдау
      Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен қатар, республикадағы бұқаралық спортты дамытуды тежеп отырған проблемалар да бар:
      1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі:
      1) ауылда спортты жеткіліксіз төмен дамыту, ең алдымен материалдық-техникалық базаның жоқтығынан проблема болып тұр. Ауылдық жерлердегі 4483 спорт залының 3650-і жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Спорт залдарының тек 20 %-ында барлық халықтың дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік бар;
      2) спорттық құрылыстардың ғана емес, сонымен бірге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұрғылықты жері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық мүкәммал мен жабдықтың жетіспеуі де сезіледі.
      2. Бұқаралық спорттың нашар дамуы. Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншектер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалыс орындарында спорт құрылыстары жоқ дерлік. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өзекті болып отыр. Қазіргі спорт объектілері республика халқының көпшілігі үшін қолжетімсіз болып отыр. Сонымен бірге азаматтардың өздерінің дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға белсене қатыспау мәселесі де өзекті болып отыр.
      3. Қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін спорттың ғылыми базасының болмауы, білікті мамандар тапшылығы:
      ауылдық жерде спорт бойынша әдіскерлер жоқ. Талдау көрсеткендей, 6998 кентте барлығы 784 әдіскер жұмыс істейді, ол 12,0 %-ды құрайды.
      Қазіргі кезде дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіру үшін «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар жаңа редакцияда енгізіледі.
      Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
      Қазіргі факторлық жағдайларды бағалау мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін, оқушылар мен оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесін, халық арасында дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысты, мүгедектер арасында дене дайындығы мен спортты, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау, дене шынықтыру мен спортты насихаттау жөніндегі шаралар қабылданғаны туралы растайды.
      Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бірқатар сыртқы факторлар, негізінен әлеуметтік-экономикалық және жаһанданумен байланысты факторлар ықпал етеді. Ішкі факторларды қарастыру кезінде мынадай негізгі аспектілерді көрсетуге болады: халықтың дене шынықтыру белсенділігін жеткіліксіз реттеу, бұл спорт орталықтарында бос уақытты өткізуде төленетін жоғары бағалар және спорт ғимараттары санының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Балалар, жеткіншектер және ересек адамдар арасында дене шынықтыру және спорт жеткіліксіз насихатталады.

Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру

      Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
      Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап лотерея қызметі саласында либералды саясатты ұстанады. Еліміздің аумағында 1996 жылы ұлттық лотереяны енгізгенге дейін тек жеке компаниялармен өткізілетін ұлттық лотереялар ұйымдастырылды.
      Бүгінгі күні лотерея қызметі мынадай нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі: 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекс (Салық кодексі), 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы», 1993 жылғы 9 сәуірдегі «Кәсіптік одақтар туралы», 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы», 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының негізгі мәртебесі туралы», 2003 жылғы 8 ақпандағы «Пошта туралы», 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысы.
      Қазіргі уақытта нарықтың мемлекеттік емес секторында 25 шаруашылық субъектісінің лицензиялары бар, олардың ішінде: лотерея қызметін жүзеге асыратындар 11 құрайды, ал мемлекеттік лотерея қызметін ұйымдастыруды Мемлекеттік (ұлттық) лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі кеңестің дирекциясы өткізеді.
      2009 жылдан бастап өткізілген лотереядан түсетін салықтың және мемлекеттік бюджетке түсетін міндетті төлемдердің жалпы көлемі 75 млн. 678 мың теңгені, 2010 жылы 476 млн. 176 мың теңгені құрайды. Өз кезегінде 2009 және 2010 жылдары мемлекеттік (ұлттық) лотереядан түсетін түсім 185 млн. 228 мың теңгені және 134 млн. 367 мың теңгені құрайды.
      Негізгі проблемаларды талдау
      Лотерея қызметінің оң үрдісімен қатар, негізгі проблемасы ретінде лотерея қызметінің саласында заңнамалық базаның жоқтығын атап өткен жөн.
      Нарықта Бас прокуратураның мәліметтерімен расталып отырған лотерея ойындарына халықтың қатысуына зиян кетіретін көптеген қаржылық және құқықтық тәртіп бұзушылықтар бар, бұл ретте осы саланың заңнамалық реттеуі жоқ.
      Соңғы он жылда Қазақстандық лотерея тәжірибесінде осы үлестің жеткіліксіз екендігі көрінеді, ал мемлекет тарапынан әлеуметтік маңызды шығыстардың қосалқы қаржы көзі ретінде лотерея ісіне басты назар аударылмай келеді.
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысында көзделген лотерея қызметінің қолданыстағы құқықтық базасы осы саланың нақты және тиімді реттелуін айқындамайды.
      Қазіргі кезде «Лотерея және лотерея қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары әзірленді.
      Ішкі және сыртқы факторларды бағалау
      Ел ішіндегі факторлық жағдайларды бағалау қазіргі кезде лотерея қызметі саласында заңнаманы реттеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы куәландырады.
      Мемлекеттік реттеу және бақылаудың жаңа жүйесін енгізу осы саладағы кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді, күмәнді лотереяларды ұйымдастыруды шектеуге және лотерея ойындарына халықтың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, лотерея қызметі саласында заңнаманы реттеу өткізілген лотереядан арнайы нысаналы аударымдарды енгізуге және белгілі бір әлеуметтік объектілер мен іс-шараларға ақша қаражатын мақсатты бағыттау тетігін белгілеуге мүмкіндік береді. Болжанып отырған шаралар лотереяға қатысушылардың уәжділігін арттырады.
      Сонымен қатар, лотерея қызметін дамытудың халықаралық тәжірибесі куәландырып отырғандай, осы қызмет түрі тек олардың ұйымдастырушыларына үлкен табыс әкелумен қатар мемлекеттердің бюджеттеріне және әр түрлі қайырымдылық қорларына едәуір тұрақты кіріс әкелетін (жыл сайын 10%-ға ұлғайту) ауқымды және серпінді нарық болып табылады.
      Финляндия, Бельгия, Испания, Италия және Чехия сияқты бірқатар елдерде лотереяны ұйымдастыру және өткізу мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады, себебі оның кірісі мемлекеттік бюджеттің және ақша айналымының маңызды бөлігін қалыптастырады. Барлық елдерде лотерея нақты регламенттелген қағидаларды, жауапкершілік нормаларын, лотереяларды өткізу тәртібін көздейтін мемлекеттік бақылаумен өткізіледі. Барлық лотереялық компаниялар (жеке және мемлекеттік) өзінің қызметі туралы қаржылық есептерді жариялайды, онда мемлекет қорларына түсімдердің мөлшерлері мен табыстың қандай мақсаттарға жұмсалғаны көрсетіледі.
      Сондай-ақ, лотереядан түсетін кірістер мемлекеттерге салықты төмен деңгейде ұстап тұруға және көптеген спорттық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Англияның футбол қауымдастығы Ұлттық лотереядан «Уэмбли» стадионын қайта жөндеу үшін 120 млн. фунт грант алды.
      Орташа есеппен, әлемде жыл сайын 150-160 млрд. АҚШ долларына лотерея билеттері өткізіледі, бұл ретте лотерея бизнесінің айналымы АҚШ-та шамамен 30 млрд. АҚШ доллары, Германияда шамамен 6 млрд. АҚШ доллары, Жапонияда шамамен 8 млрд. АҚШ доллары, Испанияда және Италияда барлық мемлекеттік лотерея тиісінше 6,53 және 6,5 млрд. АҚШ доллары болып табылады.
      Ресейдің заңнамасында федералдық бюджет кірісіне есептелетін бүкіл ресейлік мемлекеттік лотереяның нысаналы аударымдарын белгілеу арқылы әлеуметтік бағыттарды белгілей отырып, лотереяның мемлекеттік және жеке түрлері көзделген. Бұл ретте, Ресей Федерациясының Үкіметі кезекті қаржы жылына арналған федералдық бюджет туралы федералдық заң жобасында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен объектілерді қаржыландыруға лотерея өткізуден түскен түсімнің кемінде 10 пайызын бөлуді көздейді.

Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру

      Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
      Ойын бизнесіне салық түсімдерінен түскен республикалық бюджеттің кірісі жыл сайын өсуде. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы ойын бизнесінің кірісі 19%-ға көбейді және 4 393 460 мың теңгені (2010 жылы – 3692 882 мың теңге, 2009 жылы – 1 156 341 мың теңге)құрады.
      2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы республика бойынша құмар және бәске тігу ойының ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету көлемі 45,1%-ға
      көбейді және 13 459,6 млн. теңгені (2010 жылы – 9 274,0 млн. теңге, 2009 жылы – 3 058,7 млн. теңге) құрайды.
      2011 жылы лицензиялық алымдардың жалпы сомасы: казино және ойын автоматтары залы бойынша – 29 068 200 теңге, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар бойынша – 7 741 440 теңгені құрады. 2009 2010 жылдары кезеңінде құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемінің 3 млрд. 058 млн. 007 мың. теңгеден 9 млрд. 274 млн. теңгеге дейін өсуі байқалады. 2011 жылдың қорытындылары бойынша 13 млрд. 459 млн. 600 мың теңгені құрайды.
      Негізгі проблемаларды талдау
      Ойын бизнесі саласындағы реттеудің және бақылаудың оң үрдісімен қатар бірқатар проблемалар да бар.
      Ойын бизнесі саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттелетініне қарамастан, жекелеген нормалардың ережелерінің кемшіліктері бар, соның салдарынан ойын бизнесінің субъектілері тарапынан бұзушылықтарға әкеледі.
      «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында букмекерлік кеңселердің және ойын ғимараттарындағы (іс жүзінде олар сонда орналасқан) тотализаторлардың кассаларында «байланыстың» жоқтығынан, осы құқықтық коллизияны пайдаланатын «ұқыпсыз» букмекерлер әр ойын ғимаратына салық салудан және лицензиялаудан жалтарады.
      Қазіргі уақытта ойын бизнесіне салық бойынша бюджетке едәуір сома қарыз қалыптасқан жағдайлар жиі кездеседі. Бұл ретте, ойын бизнесінің кейбір қарыз – ұйымдастырушылары өздерінің салық міндеттемелерін орындаудан бас тартады.
      Мысалы, казинолардың бірінде ойын бизнесінің салығы бойынша қарыз 225 млн. теңгеден астам соманы құрайды. Алайда, қарызы бар адамның меншікті активтерінің болмауына және казино қызметін көрсету үшін жалға алынған ғимараттарды пайдалануына байланысты осы қарызды өңдіріп алу мүмкін емес болып тұр.
      Ойын бизнесі саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын жетілдіру үшін қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын аймақтарын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары әзірленуде.
      Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
      Ел ішіндегі жағдайды бағалау, қазіргі уақытта ойын бизнесі туралы заңнаманы бұзғаны үшін бақылау жүйесін қатаңдату, ақаулықтарды жою, сондай-ақ заңнамалық шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік беретін ережелерді алып тастау арқылы ойын бизнесі саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын одан әрі жетілдіру бойынша қажетті шаралар қабылдау қажеттігін растайды.
      Ойын бизнесі саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын жетілдіру тотализаторлар және букмекерлік кеңселер кассаларын тіркеусіз ставкалар қабылдауды жүзеге асыратын, нәтижесінде ойын бизнесін ұйымдастырушыларға ойын бизнесі салығынан жалтару мүмкіндігін тудыратын субъектілердің қызметін тоқтатуға, Қазақстан Республикасынан тыс және Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино қызметін жүзеге асыру мүмкіндігін болдырмауға, онлайн-казино қызметін болдырмайтын тетікті жүзеге асыруға және ойын бизнесі саласындағы салық салу жүйесін жетілдіруге ықпал ететін болады.
      Сонымен қатар, ойын бизнесінің халықаралық тәжірибесі ойын бизнесі салық және бақылау органдарының қатаң қадағалауында екендігін куәландырады. Салық салудан жалтару және заңсыз ойын бизнесін жүргізу мүмкіндігі тұрақты түрде қысқартылып келеді.
      Германияда онлайн ойын бизнесіне тыйым салу мақұлданды. 1 қаңтардан бастап онлайн құмар ойындарының көптеген түрлеріне, инертент-казино сайттарына және Желідегі құмар ойындарына ставкалар қабылдауға тыйым салынады. Онлайн ойындарына қатысты жаңа қағидаларды қолдау үшін желтоқсанның орта кезінде заң шығарушы 16 федералды жердің 13-і дауыс берді. Осыған байланысты Интернет-провайдерлер өкіметтердің талаптары бойынша онлайн құмар ойындарына ставка қабылдайтын инертнет-сайттарды блоктауға тиіс, ал банктер осы ресурстарға төлем аударуды тоқтатуы қажет. Бұл ретте, Германия аумағында, оның шегінен тыс орналасқан компаниялардың көмегімен интернет арқылы ақыны қабылдау заңсыз болып саналады.
      Еуропа елдерінің көбінде, әсіресе Еуропалық одақ (ЕО) шеңберінде интернет арқылы сүзу нормаға айналуда. Сүзу, оның ішінде ұлттық интернет желістерінің сегменттеріндегі заңсыз мазмұндарға мемлекеттік тыйымдар, рубеждер арқылы қабылданатын заңсыз мазмұндарды блоктау, сондай-ақ, заңсыз мазмұндарға қатысты іздеулердің нәтижесін сүзуді қоса алғанда, әр түрлі нысандарда жүзеге асырылады.
      2010 жылы Швейцарияда Интернет-казиноға тыйым салу туралы заң енгізілді.
       Ресейде ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру үшін қылмыстың арнайы құрамын енгізу қарастырылып жатыр. Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының қарауына букмекерлік кеңсенің (тотализатордың) ставка қабылдау жерлеріне салық салу туралы тиісті заң жобасы ұсынылды.
      «Құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы Ресей Федерациясының Заңына енгізілген түзетулерге сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресейде ойын бизнесінің салығы салынатын салық салу объектілері болып, букмекерлік кеңселер кассалары емес процессингілік орталықтар және букмекерлік кеңселерінің ставкаларды қабылдайтын жерлері белгіленеді.
      Ресейде букмекер және тотализатор кеңселерінің және ойын аймақтарынан тыс жерлерде олардың ставкаларын қабылдайтын жерлердің қызметіне рұқсат етілмейтінін атап өту керек.
      Жоғарыда аталған елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында еліміздің аумағында онлайн казино қызметіне толық тыйым салу көзделіп отыр, банктер арқылы төлемдерді аударуды тоқтатуға қатысты, осы мәселе осыған ұқсас фактілерді қосымша зерделеуді талап етеді және қазіргі уақытта мезгілсіз болып табылады.
      2010 жылы 4 маусымда Дания Парламенті онлайн покер провайдерлерінің Дания заңнамасын сақтауға және Дат елінің ойын кеңесінің бақылауында болуға үкіметтен тиісті лицензия алуын көздейтін жаңа ойын заңын қабылдады.
      Елдің тиісті аумағында лицензиялар алу және олардың заңнамасын сақтау туралы ұқсас жағдайлар біздің мемлекетіміз үшін тиімсіз деп санаймыз, себебі онлайн-казино қызметіне тыйым салу заңда белгіленген, қазіргі уақытта осы тыйымды және интернет-ресурстарды блоктауды реттеу тетігін пысықтау міндеті тұр.
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
      «1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
      «1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау»;
      «Елде бұқаралық спортты дамыту» деген 1.1-мақсаттың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.1-мақсат. «Елде бұқаралық спортты дамыту, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау»;
      мынадай мазмұндағы 1.1.2, 1.1.3-міндеттермен толықтырылсын:

      «

1.1.2 - міндет «Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру»

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл (жоспар)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Лотерея қызметінен республикалық бюджетке түскен табыстың көбеюі

Ведомстволық деректер


%



5

10

15

20

25

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Мемлекеттің 100% қатысуымен Қазақстанның ұлттық лотерея» ЖШС құру

х





2. Мемлекеттік лотереяның жаңа даму моделін әзірлеу

х





3. «Лотерея және лотерея қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобаларын әзірлеу


х




1.1.3-міндет «Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру»

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2010 жыл

2011 жыл (жоспар)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.Айқындалған бұзушылықтар дың жалпы санындағы жойылған бұзушылықтар дың үлесі, %

Ведомстволық деректер

%

-

80

83

86

90

93

96

2.Жоспарланған тексерістердің санын 2015 жылға дейін қысқарту


%



10,0

10,0

10,0



Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

6

1.Ойын бизнесі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін жетілдіру және мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру


х




2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын аймақтарын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу


х




3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу


x




»;

      «Спорт түрлерінен мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру» деген 2.1.2-міндетте:
      мына:
      «

1. «Оле Бразил ФК» футбол мектебіне оқудан өткен спортшылардың Қазақстанның спорт ұйымдарына қосылған үлесі

Әкімшілік есеп

%



100




100

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

1. «Ботафого әлеуметтік институты» футбол мектебінде оқудан өткен спортшылардың Қазақстанның спорттық ұйымдарына қосылған үлесі

Әкімшілік есеп

%



100



100


»;

      тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:
      мына:

      «

1. 13-14 жастағы футболшы-спортшыларды іріктеу және Бразилия Федеративтік Республикасының Риберан қаласындағы «Оле Бразил ФК» футбол академиясына оқуға жіберу

х



х


»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1. 13-14 жастағы спортшыларды іріктеу және «Ботафого әлеуметтік институты» футбол мектебінде (Бразилия Федеративтік Республикасы) үйренуден өту үшін жіберу

х



х


»;

      «3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі» деген кіші бөлімде:
      «1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау».
      «1.1-мақсат. «Елде бұқаралық спортты дамыту» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.1-мақсат. «Елде бұқаралық спортты дамыту, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау».
      «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген 4-бөлімде:
      «1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау».
      «1.1-мақсат. «Елде бұқаралық спортты дамыту» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.1-мақсат. «Елде бұқаралық спортты дамыту, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау».
      «Елде бұқаралық спортты дамыту, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау» деген 1.1-мақсат мынадай мазмұндағы 1.1.2 және 1.1.3-міндеттермен толықтырылсын:
      1.1.2-міндет «Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру»
      1.1.3-міндет «Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру».
      «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген 5-бөлімде:
      «1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау».
      «1.1-мақсат. «Елде бұқаралық спортты дамыту» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.1-мақсат. «Елде бұқаралық спортты дамыту, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау».
      «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген 5-бөлім мынадай мазмұндағы 1.1.2 және 1.1.3-міндеттермен толықтырылсын:

      «

Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін міндеттер көрсеткіштері

Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік орган

Ведомствоаралық өзара байланыстарды орнату үшін болжанатын шаралар

1

2

3

1.1.2-міндет «Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру»

Лотерея қызметінен республикалық бюджетке түскен табыстың көбеюі

Қаржымині

1. Мемлекеттің 100 % қатысуымен «Қазақстанның ұлттық лотерея» ЖШС құру
2. Мемлекеттік лотереяның жаңа даму моделін әзірлеу

1.1.3-міндет «Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру»

1. Айқындалған бұзушылықтардың жалпы санындағы жойылған бұзушылықтардың жалпы үлесі, %

БП

1. Ойын бизнесі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін жетілдіру және мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру

»;

      «Тәуекелдерді басқару» деген 6-бөлім мынадай жолмен толықтырылсын:

      «

Ықтимал тәуекел атауы

Тәуекелдерді басқару жөнінде шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдар

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс- шаралар

1

2

3




Сыртқы тәуекелдер

Әлемдік экономикалық дағдарыстың Қазақстан Республикасының дамуына әсер етуі

Халықтың көңіл көтеруге және лотереяға қаржылық шығындардың азаюы

Мемлекеттік лотереяның жаңа даму моделін әзірлеу

Ішкі тәуекелдер

Халықтың сатып алу қабілеттілігінің төмендегі

Лотерея қызметінен республикалық бюджетке түскен табыстың азаюы

Мемлекеттік лотереяның жаңа даму моделін әзірлеу

Бұзушылықтар санының көбеюі

Ойын бизнесі саласындағы жеңіл жазалау шаралары, құқық бұзушылықтарды анықтаудың және оларды сот орындауына жеткізудің жеткіліксіз тиімсіз тетігі

Ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру

»;

      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлім:
      002 «Спорттағы дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      тиімділік көрсеткішінде:
      «спорт мектептерінде, мектеп-интернаттарда-колледждердегі бір оқушыны оқытуға жұмсалатын шығын құны» деген жолдағы «1436» деген сандар «1440» деген сандармен ауыстырылсын;
      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолда «2 052 738» деген сандар «2 058 745» деген сандармен ауыстырылсын;
      005 «Жоғары жетiстiктер спортын дамыту» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      «8. Биоүлгілерді алу саны (қан, несеп)» деген жолдағы «3 000» деген сандар алынып тасталсын;
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «1 спортшыны дайындауға және оның қатысуына жұмсалатын орташа шығын» деген жолдағы «3 782» деген сандар «3 788» деген сандармен ауыстырылсын;
      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «9 754 823» деген сандар «9 768 858» деген сандармен ауыстырылсын;
      008 «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің күрделі шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «Бір мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын орташа шығыстар» деген жолдағы «260» деген сандар «276» деген сандармен ауыстырылсын;
      «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «388 341» деген сандар «381 005» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстар жиынтығы» деген кестеде:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығыстардың БАРЛЫҒЫ:» деген жолдағы «28 539 279» деген сандар «28 551 985» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «14 099 456» деген сандар «14 112 162» деген сандармен ауыстырылсын;
      «002 - Спорттағы дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу» деген жолдағы «2 052 738» деген сандар «2 058 745» деген сандармен ауыстырылсын;
      «005 - Жоғары жетiстiктер спортын дамыту» деген жолдағы «9 754 823» деген сандар «9 768 858» деген сандармен ауыстырылсын;
      «008 - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің күрделі шығыстары» деген жолдағы «388 341» деген сандар «381 005» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады