«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы
№ 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1814
қаулысына
Баспасөз-релиз
2012 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметовпен «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылған.
Осы нормативтік-құқықтық актіні қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің ережесін сәйкестендіру болып табылады.
Жоғарыда аталған қаулыны қабылдау келенсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, оны іске асыру бюджет қаражатын талап етпейді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі