Жамбыл облысында тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің, сондай-ақ әкімшілік және әлеуметтік объектілердің ішінара бұзылуына әкеп соққан дауылды желдің салдарынан туындаған өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайдың салдарын жою мәселелерін жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға қатысатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жедел үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия Жамбыл облысының зардап шеккен елді мекендеріндегі тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін, сондай-ақ әкімшілік және әлеуметтік объектілерді қалпына келтіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейдегі төтенше жағдайды жоюға тікелей басшылықты қамтамасыз етсін.
4. Жамбыл облысының әкімі әкімшілік және әлеуметтік объектілерді, сондай-ақ Жуалы, Сарысу және Талас аудандары тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін (оның ішінде жылумен, электрмен және сумен жабдықтау) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бағытталған шұғыл шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 қаңтардағы
№ 7 қаулысына
қосымша
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға қатысатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жедел үйлестіру жөніндегі комиссия
Көшербаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қырымбек Елеуұлы Министрінің орынбасары, төраға
Бозымбаев - Жамбыл облысының әкімі, төрағаның
Қанат Алдабергенұлы орынбасары
Петров - Қазақстан Республикасы Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Абауов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Мұхамеджан Мейрамұлы Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму
бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Байжүнісов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Ерік Әбенұлы сақтау вице-министрі
Жақсалиев - Қазақстан Республикасы Индустрия
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы және жаңа технологиялар вице-
министрі
Кененбаев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Ерлік Әбдірахымұлы вице-министрі
Скляр - Қазақстан Республикасы Көлік және
Роман Васильевич коммуникация вице-министрі
Шаяхметов - Қазақстан Республикасы Білім және
Саят Болатұлы ғылым вице-министрі
Дембай - Қазақстан Республикасы Құрылыс
Салауат Маханбетұлы және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің
жауапты хатшысы
Жоламанов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Нұрлан Айтманұлы министрлігінің Штаб төрағасының
орынбасары
Маткаримов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Альберт Павлович министрлігінің Ішкі әскер
қолбасшысының орынбасары
Қажиев - «КЕGОС» АҚ Басқарма төрағасы
Бакытжан Төлеуқажыұлы (келісім бойынша)
Қизатов - «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ вице-
Ермек Әнуарбекұлы президенті (келісім бойынша)
Климов - «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас
Павел Викторович директорының орынбасары (келісім
бойынша)