Жамбыл облысындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бірінші кезектегі жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтар броннан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын белгіленген пунктке дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 қаңтардағы
№ 8 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік материалдық резервтен шығарылатын материалдық
құндылықтардың тізбесі
Р/с № |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
Төбе темірі |
м2 |
40000 |
2 |
Жабын шифер |
тн |
611 |
3 |
Кесілген тақтай |
м3 |
3000 |
4 |
Ағаш бағана |
дана |
260 |
5 |
Шыны |
м2 |
1000 |