Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 18 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 445 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып;
      2) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлiгiнде келісетін мемлекеттік органдар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің        
2013 жылғы 21 қаңтардағы 
№ 18 қаулысымен     
бекітілген       

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою бойынша кіші қызмет түрі үшін

1.

технологиялық желіні; мамандандырылған өндірістік ғимаратты; арнайы жабдықталған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемио логиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық база

технологиялық желіні; мамандандырылған өндірістік ғимаратты; арнайы жабдықталған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


2.

уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламент

уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттің бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


3.

жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер

жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды; медициналық бақылауды; метрологиялық бақылауды; улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтердің бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


4.

тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда аттестатталған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы

тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


5.

өндірістік-техникалық базаны күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттар

өндірістік-техникалық базаны күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттар бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


6.

арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғану құралдары

арнайы қорғаныш киімінің, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


7.

ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспары

ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтердің нысаны


8.

ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар

ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтердің нысаны


Уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану бойынша кіші қызмет түрі үшін

1.

мамандандырылған өндірістік ғимаратты; өндірістің техникалық

мамандандырылған өндірістік ғимаратты; өндірістің техникалық



жобасына сай келетін уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықты қамтитын жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық база

жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықты қамтитын жекеменшік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


2.

жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер

жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтердің бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


3.

тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы

тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


4.

күзетуге өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттар

күзетуге өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттар бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


5.

арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғану құралдары

арнайы қорғаныш киімінің, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


6.

ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспары

ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


7.

ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар

ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


Уларды сатып алу, сақтау, өткізу бойынша кіші қызмет түрі үшін

1.

уларды сақтауға арналған жеке меншік құқығындағы арнайы жабдықталған өнеркәсіптік, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін қойма

уларды сақтауға арналған жеке меншік құқығындағы арнайы жабдықталған қойманың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


2.

еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер

еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтердің бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


3.

тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы

тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


4.

арнайы жабдықталған қойманы күзетуге тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен күзет қызметіне шарт

арнайы жабдықталған қойманы күзетуге тиісті лицензиясы бар күзет ұйымымен шарт бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтердің нысаны


5.

арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғану құралдары

арнайы қорғаныш киімінің, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


6.

ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтар

ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны


Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу,
сақтау, өткізу, пайдалану, жою  
бойынша қызметті жүзеге асыруға 
қойылатын бiлiктiлiк талаптары  
және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне    
қосымша               

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою бойынша кіші қызмет түрі үшін мыналардың бар/жоғы:
      1) технологиялық желіні, мамандандырылған өндірістік ғимаратты, арнайы жабдықталған қойманы, жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық база:
      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
      технологиялық желілердің бар/жоғы туралы ақпарат _____________;
      2) уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттің бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын уларды дайындауға және өңдеуге арналған, мынаны қамтитын технологиялық регламент ____________________________________________________________________;
      3) мыналарды:
      жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      медициналық бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер:
      қызметтерді құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен қол қойылған күні _____________________________;
      4) тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын білікті құрамы:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;
      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      арнайы білімін растайтын дипломның нөмірі мен күні ___________;
      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________
      ______________________________________________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқу және білімін тексеру туралы куәліктің немесе хаттаманың нөмірі мен күні _________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқу және білімін тексеру туралы куәлікті немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ______________;
      5) өндірістік-техникалық базаны күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
      өндірістік-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмірі мен қол қойылған күні _________________________________________;
      шартты жасаған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ________________________________;
      6) арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғану құралдары
      (арнайы қорғаныш киімінің, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпарат) ______________________________________________;
      7) ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспары туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспары _________________________________________________________;
      8) ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық
      ______________________________________________________________.
      2. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану бойынша кіші қызмет түрі үшін:
      1) мамандандырылған өндірістік ғимаратты, өндірістің техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықты қамтитын, өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жекеменшік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық база:
      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
      өзге заңды негізде болған жағдайда шарттың нөмірі мен қол қойылған күні ________________________________________;
      шартты жасаған ұйымның атауы __________________________;
      өндірістің техникалық жобасына сәйкес уларды сақтайтын мамандандырылған сыйымдылықтың бар/жоғы туралы ақпарат (болған жағдайда) ___________________;
      2) мыналарды:
      жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      медициналық бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер:
      қызметтерді құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен қол қойылған күні
      ______________________________________________________________;
      3) тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын білікті құрамы:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;
      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      арнайы білімін растайтын дипломның нөмірі мен күні ___________;
      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқу және білімін тексеру туралы куәліктің немесе хаттаманың нөмірі мен күні
      _____________________________________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқу және білімін тексеру туралы куәлікті немесе хаттаманы берген ұйымның атауы
      ____________________________________________________;
      4) күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндірістік-техникалық базаны күзетуге жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
      өндірістік-техникалық базаны күзетуге жасалған шарттың нөмірі мен қол қойылған күні _____________________________________________;
      шарт жасалған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы _______________________________________;
      5) арнайы қорғаныш киім, жеке қорғану құралдары:
      (арнайы қорғаныш киім, жеке қорғану құралдарының болуы туралы ақпарат) _________________________________________________________;
      6) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспары_____________________________________________;
      7) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық
      _____________________________________________________________.
      3. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу бойынша кіші қызмет түрі үшін:
      1) уларды сақтауға арналған өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін жеке меншік құқығындағы арнайы жабдықталған қойма:
      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
      2) мыналарды:
      еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      медициналық бақылауды;
      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер:
      қызметтерді құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен қол қойылған күні _____________________________;
      3) тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын білікті құрамы:
      тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________;
      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________;
      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;
      арнайы білімін растайтын дипломның нөмірі мен күні ___________;
      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқу және білімін тексеру туралы куәліктің немесе хаттаманың нөмірі мен күні _________________;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқу және білімін тексеру туралы куәлікті немесе хаттаманы берген ұйымның атауы _______________
      ____________________________________________________;
      4) күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы күзетуге жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
      арнайы жабдықталған қойманы күзету туралы шарттың нөмірі мен қол қойылған күні _________________________________________;
      шарт жасалған күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ________________________________;
      5) арнайы қорғаныш киім, жеке қорғану құралдары
      (арнайы қорғаныш киім, жеке қорғану құралдары туралы ақпарат)
      ______________________________________________________________;
      6) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық ____________________.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 18 қаулысына   
1-қосымша       

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беруді заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісетін мемлекеттік органдар

Р/с №

Мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын кіші қызмет түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитеті

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою

Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою;
уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану;
уларды сатып алу, сақтау, өткiзу

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

2

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою

Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою;
уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану;
уларды сатып алу, сақтау, өткiзу

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 18 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
жойылған кейбір шешімдердің тізбесі

      1. «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 520-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 23, 222-құжат).
      3. «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 782 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 775-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады