Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2014 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен   
бекітілген    

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – қағидалар) мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудi ұлғайту, оның сапасын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) беру тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Субсидиялауға жататын бағыттар:
      1) сиыр етiн, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi мен күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа) өндiру үшiн пайдаланылатын құрама жемнiң және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрi – маңыздандырылған азық) құнын iшiнара (45%-ға дейiн) арзандату, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнi (бұдан әрi – биязы жүн), қой етi, жылқы етi, қымыз және шұбат өндiрiсiне жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеу;
      2) iрi қара малдың аналық басын (бұдан әрi – сиырларды) азықтандыру үшiн пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың (бұдан әрi – азықтың) құнын iшiнара (50%-ға дейiн) арзандату.
      3. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмiнiң 1 (бiр) килограммына, 1 (бiр) данасына, сондай-ақ 1 (бiр) бас сиырға арналған бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
      4. Әрбір бағытқа және өңірлер бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

2. Субсидияларды төлеу шарттары

      5. Тауар өндiрушiлердің субсидиялар алуы үшін міндетті және қажетті шарт осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тиісті бағыттар бойынша өлшемдерге және талаптарға толық сәйкес келуі болып табылады.
      6. Субсидиялар тауар өндiрушiлерге:
      1) есептік нөмірлері бар сою алаңдарында (пункттерінде) және қайта өңдеу кәсіпорындарында (цехтарында) сатылған немесе өңделген сиыр еті, қой еті, жылқы еті, шошқа еті, сүт және биязы жүннің;
      2) сатылған құс еті, тауарлық жұмыртқасы, қымыз және шұбаттың тек іс жүзіндегі көлеміне төленеді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
      1) тауар өндiрушiлер одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнiм;
      2) тауар өндірушілер айырбас бойынша, өзара есеп айырысу есебіне сатқан немесе бұрын субсидияланған өнім;
      3) жеке аулада сойылған сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi, сондай-ақ қайта өңдеу кәсiпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;
      4) жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде, сондай-ақ жіті жұқпалы аурулар бойынша карантиндiк және шектеу iс-шараларының әрекет ету кезеңiнде тауар өндiрушiлер алған өнiм;
      5) етті құс шаруашылығы өнімдері – аяқтары, бастары, сондай-ақ ішкі органдары;
      6) жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін сатылған және (немесе) берілген тағамдық жұмыртқа;
      7) тауар өндiрушiлер кейіннен сою мақсатында бордақылауда тұрған сиырларды азықтандыру үшiн пайдаланатын азық.
      8. Тауар өндiрушiлердің жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтамауы тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) төленген субсидияларды заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алуына негіз болып табылады.
      9. Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында субсидиялау көлемін айқындау бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға облысқа жеткiзiлген қаражат шеңберiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Тауар өндірушілер өтінім берген субсидиялар көлемі осы айда бөлінген субсидия көлемінен асып түскен жағдайда, осы қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген неғұрлым жоғары деңгей санатына жатқызылған тауар өндірушілердің өтінімдері басым тәртіппен қанағаттандырылады.
      Бір санатқа жатқызылған тауар өндірушілер арасында қаражатты бөлу кезінде едәуір жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін заманауи технология бойынша өнімді өндіруді жүзеге асыратын тауар өндірушілер басым тәртіппен субсидияланады. Құс етін субсидиялау кезінде балғын суытылған құс етіне басымдық беріледі.
      Қаражат қалдығы берілген өтінімдерге тиесілі субсидия көлеміне сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айда (айларда) көзделген қаражаттан олар бар болған жағдайда төленеді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Министрліктің және облыстар әкімдіктерінің жұмыс тәртібі

      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бұйрықпен мынадай құжаттарды бекітеді:
      1) субсидиялар алуға өтiнiмдер нысандары;
      2) аудан/облыс бойынша мал шаруашылығы өнiмiн сату, сондай-ақ сиыр саны туралы жиынтық актiнiң нысаны;
      3) облыстар бойынша қаражатты игеру және мал шаруашылығы өнімдерін сату көлемі жөнiндегі есеп (ақпарат) нысаны.
      12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және облыстар әкімдері жыл сайын 20 қаңтарға дейінгі мерзімде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмділігін және сапасын арттыруға арналған облыстық жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қояды.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Министрлiк мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмге сәйкес облыстық бюджеттерге ай сайын аударады.
      14. Облыс әкімі осы қағидалар ресми жарияланғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары төрағалық ететін, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру мақсатында субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
      Комиссия осы Қағидалардың қолданылуының барлық уақытында тұрақты негізде жұмыс істейді. Комиссия құрамына облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық инспекцияларының мамандары, сондай-ақ бейінді қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің құрамы облыс әкімінің шешімімен өзгертілуі мүмкін. Комиссияның жұмыс органы басқарма болып табылады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілердің өтінімдері бойынша айлар бойынша, бағыттар басымдылығына сәйкес қаржыландыру жоспарында белгіленген лимиттері шегінде тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындау, тауар өндірушінің белгілі бір деңгейге сәйкестігін айқындау министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық актіні қалыптастыру және ақы төлеу шоттарының тізілімін келісу кіреді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Комиссия отырыстары айына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Кезекті отырыста Комиссия бірінші кезекте бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған басым бағыттағы өтінімдерді, кейіннен келесі айдың өтінімдерін қанағаттандырады.
      17. Бөлінген қаражат толығымен игерілмеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.

4. Тауар өндірушілердің субсидиялар алуға өтінімдерін қарау және қанағаттандыру тәртібі

      18. Бөлім осы Қағидалар ресми жарияланғанынан кейін бес жұмыс күні ішінде субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсына және ауданның ресми баспа басылымдарында орналастырады.
      19. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімінің арасында мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруға арналған мақсатында облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қойылғаннан кейін жыл сайын бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бөлім оны аудан әкімдігінің интернет-ресурсына, басқарма – облыс әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырады.
      20. Тауар өндірушілер тиісті негіздер туындауына қарай бөлімге субсидиялауға жататын нақты көлемдерге министрлік бекіткен нысан бойынша өтінімдерді осы қағидалардың 32-35-тармақтарына сәйкес растау құжаттарының толық пакетімен бірге ұсынады. Тауар өндірушілер өтінімде көрсетілген деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      Бұл ретте, құс фабрикалары бюджеттік субсидияларды алуға арналған өтінімдерін «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен келіседі және одан кейін бөлімге ұсынады.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. Бөлім тауар өндірушілердің өтінімдерін тиісті өтінімдер тіркеу журналында тіркейді.
      22. Бөлім субсидиялар алуға негіздемелер пайда болған сәттен бастап үш айдан астам уақыт өткен өтініштерді қабылдауға міндетті.
      23. Бөлім өтінімді алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін осы қағидаларға сәйкестігіне және тауар өндірушілердің осы қағидалардың 5-7-тармақтарында көрсетілген өлшем-шарттар мен талаптарға сәйкестігі мәніне тексереді.
      Бөлім көрсетілген мерзім ішінде мынадай жағдайларда:
      1) жеке бағыт бойынша өтінімді алғаш рет бергенде;
      2) өндіріс деңгейін арттырғанда;
      3) жеке бағыт бойынша өтінім берілген көлемді өткен айдың өтінімінен жиырма пайыздан көп арттырғанда тауар өндірушінің қызмет ету орнына шығуды жүзеге асырады.
      Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған немесе өлшем-шарттар мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бөлім қайтару себептерін көрсете отырып, тауар өндірушілерге ұсынылған құжаттарын тез арада қайтарады.
      Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізуге құқылы.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957  қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған және осы Қағидаларда көзделген өтінімдерді қайтаруға негіздер болмаған жағдайда бөлім тауар өндірушінің өтінімде ұсынған деректерін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайтындағы заңды тұлғалардың дерекқорын тексереді.
      25. Бөлім тауар өндірушінің белгілі бір деңгейге сәйкестігін анықтайды және аудан әкімі бекітетін бюджеттік субсидия алушылардың жиынтық актісін жасайды. Бекітілген жиынтық акт басқармаға екі аптада кемінде бір рет өтінімдер болған жағдайда ұсынылады. Бөлім тауар өндірушінің өтінімін растау құжаттарының көшірмелерімен бірге үш жыл ішінде сақтайды. Бөлім басқармаға ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      26. Басқарма ауданның жиынтық актісін тиісті тіркеу журналында тіркейді. Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлімдер ұсынған жиынтық актілерді тауар өндірушілердің осы қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды. Сәйкес келмеген жағдайда, басқарма ұсынылған жиынтық актілерді оларды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кері қайтару себептерін көрсете отырып, бөлімге пысықтауға қайтарады. Бөлім бес жұмыс күні ішінде басқармаға түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні қайта енгізеді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда – тез арада тауар өндірушіге қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      27. Сәйкес келген жағдайда, басқарма көрсетілген мерзім ішінде аудандар бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жібереді, ол отырыс қорытындысы бойынша министрлік бекіткен нысан бойынша субсидиялау бағдарламасына қатысушыларға тиесілі субсидиялар көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акті жасайды.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      28. Комиссия төрағасы Комиссия ұсынған облыс бойынша жиынтық актіні үш жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29. Тиесілі бюджеттік субсидияларды тауар өндірушілердің банктік шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      30. Басқарма ай сайын Комиссияның тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс әкімдігінің интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде жариялайды және бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет ақшасының көлемі туралы ақпарат жібереді.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      31. Басқарма ай сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 20 желтоқсаннан кешіктірмей министрлікке облыс бойынша бюджеттік субсидияларды игеру бойынша есебін, тоқсан сайын – министрлік бекіткен нысан бойынша облыс бойынша субсидиялар төлеу бойынша тоқсандық есепті ұсынады.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5. Субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

      32. Тауар өндірушілер бөлімге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемдерге өтінімдер ұсынады.
      33. Тауар өндірушілер іс жүзінде өткізілген өнім үшін субсидиялар алу үшін өтінімдермен бірге бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өнімді сатқанын және сатып алушының өнімді 100% төлегенін растайтын құжаттар;
      2) сиыр етін сатқан кезде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қорынан сатылған немесе сойылған малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме;
      3) тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорындар қызметтерін пайдаланған кезде малдарды сою және бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (шарт, шот–фактура, төлем құжаты);
      4) өнімді сатуға арналған тауар-көліктік жүк құжаттар тізілімі, өнімді жеке меншік қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе өңдеуге берген жағдайда өнімнің жүк құжат көшірмелері.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      34. Тауар өндірушілер азық құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алу үшін бөлімге:
      1) селекциялық және асыл тұқымды жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасынан үзінді көшірмені;
      2) заңды тұлғалар нысанындағы тауар өндірушілер үшін 24 а.ш. статистикалық есептілік нысанынан – есеп көшірмесін немесе үзінді көшірмені, ал шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін – сиыр басы санын растау үшін шаруашылық кітабынан үзінді көшірме ұсынады.
      35. Тауар өндіруші банктен банк шотының болуы туралы анықтаманы қосымша қоса береді.

Мал шаруашылығы өнiмiнiң 
өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру
мақсатында субсидиялау   
қағидаларына        
1-қосымша           

1. Бюджеттік субсидиялар нормативтері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


р/с

Өнiмнiң түрi

Өз өндірісінен өткізілген өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берiлетiн бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

1.

Сиыр етi – I деңгей

220

2.

Сиыр етi – II деңгей

170

3.

Сиыр етi – III деңгей

120

4.

Қой етi

100

5.

Жылқы етi

92

6.

Шошқа еті – I деңгей

98

7.

Шошқа еті – II деңгей

60

8.

Құс етi – I деңгей

70

9.

Құс етi – II деңгей

66

10.

Құс етi – III деңгей

50

11.

Күрке тауық етi

105

12.

Жұмыртқа – I деңгей

3

13.

Жұмыртқа – II деңгей

2,6

14.

Жұмыртқа – III деңгей

2

15.

Сүт – I деңгей

25

16.

Сүт – II деңгей

15

17.

Сүт – III деңгей

10

18.

Қымыз

60

19.

Шұбат

55

20.

Жүн (биязы)

130

2. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi


р/с

Түрі

Сиырдың 1 басына бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

21.

Ірі қара мал

4 500

Мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігі мен сапасын
арттыру мақсатында    
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша        

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1

Сиыр етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1.

Бiр мезгiлде кемiнде 3 000 бас iрi қара малды бордақылайтын қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
науалар;
науа алдындағы бетон жиек;
сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;
нәжіс массасы мен қар суын шығарып тастауға арналған мүйісі бар дренаждық жүйе;
жемшөп дайындау және жемшөп тарату техникасының/жабдығының, сондай-ақ жемшөп сақтау қоймасының болуы;
бекiткiшi бар жiктегiштiң, таразы құрылғысының болуы;
ветеринариялық пункттiң болуы.

Бiр мезгiлде кемiнде 1 500 бас ipi қара малды бордақылайтын қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
науалар;
науа алдындағы бетон жиек;
сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;
нәжіс массасы мен қар суын шығарып тастауға арналған мүйiсі бар дренаждық жүйе;
жемшөп дайындау және жемшөп тарату техникасының/жабдығының, сондай-ақ азық сақтау қоймасының болуы;
бекiткiшi бар жiктегiштiң және таразы құрылғысының болуы;
ветеринариялық пункттiң болуы.

Бордақыланған ірі қара малдың соңғы 12 айда өткізілген саны кемінде 400 басты құрады.
Iрi қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайдың немесе алаңдардың болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
науалар;
сумен қамтамасыз ету;
жемшөп дайындау техникасы;
мал үшін жiктегiш және таразы құрылғысы;

2.

Бұқашықтардың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей/сойыс салмағы кем емес:


450/235 кг*

420/220 кг*

400/210 кг*

3.

Әр бұқашықты бордақылау мерзімі кем емес:


оңтүстік өңірлер үшін 45 күн

солтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлер үшін 90 күн

4.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

5.

Бордақыланатын мал басын Қазақстан Республикасының бiрыңғай сәйкестендірілген деректер базасында тiркеу

2

Қой етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға қойдың аналық басының (екі жастан ересек) 600-ден кем емес болуы

2.

Қойды күтiп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы

3.

Қойдың (союға өткізілетін) тiрiдей салмағы 42 кг кем емес* болуы тиіс

4.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3

Жылқы етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға жылқының аналық басының (үш жастан ересек) 75 бастан кем емес болуы

2.

Жылқының (союға өткiзілетін) тiрiдей салмағы 350 кг кем емес болуы тиіс

3.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4.

Шошқа етін өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:


(1-деңгей)

(2-деңгей)

1.

Бір мезгілде бордақылауда 3000 бастан кем емес бастың болуы

Бір мезгілде бордақылауда 1000 бастан кем емес бастың болуы

2.

Мыналардың:
шошқа басының (мал басын толықтыратын төл және аналық мегежін);
өндіріс алаңдарын автоматтандырудың (жемшөп тарату, суару және микроклимат желісі);
мал соятын цехының;
құрама жем цехының;
таразы құрылғысының болуы.

Мыналардың:
мал соятын пунктінің (цехының);
таразы құрылғысының болуы.

3.

Шошқаның тірідей салмағы (союға өткiзілетін) 100 кг кем емес*

4.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

5.

Құс етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге:


(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1.

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген жаңа құс фабрикасы немесе негізгі жабдығы бойынша жаңартудан өткен жұмыс істеп тұрған құс фабрикасы.



2.

Өндiрiстiң жылдық көлемi кем емес:


15 000 тоннадан

8000 тоннадан

1 500 тоннадан

3.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.

4.

Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

5.

Құс сою желісінің болуы (сою цехы)

6.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6.

Күрке тауық етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге:

1.

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген жаңа құс фабрикасы және/немесе негізгі жабдықтары бойынша жаңартудан өткен жұмыс істеп тұрған құс фабрикасы.

2.

Өндiрiстiң жылдық көлемi 3 000 тоннадан кем емес

3.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы

4.

Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

5.

Құс сою желісі (сою цехы)

6.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

7.

Тауарлық жұмыртқа өндiретiн тауар өндiрушiлерге:



(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1.

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген құс фабрикасы және/немесе негізгі жабдық бойынша жаңартудан өткен жұмыс істеп тұрған құс фабрикасы



2.

Жұмыртқаны сұрыптауға, белгілеуге және салуға арналған автоматты машинаның болуы



3.

Тауарлық жұмыртқа өндiрiсінің көлемi жылына кем емес:


100 млн. данадан

40 млн. данадан

20 млн. данадан

4.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.

5.

Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

6.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

8.

Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге:


(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық басының (2 жастан ересек) болуы:


400 бастан кем емес

400 бастан кем емес

100 бастан кем емес

2.

Сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық саны (алдыңғы жылдың қорытындысы):


350 бастан кем емес

240 бастан кем емес

60 бастан кем емес

3.

Табын бойынша орташа сауым (алдыңғы жылдың қорытындысы):


4500 кг кем емес**

3250 кг кем емес

2500 кг кем емес

4.

Тиiстi инфрақұрылымы бар қазiргi заманғы сүт кешенiнiң (механикаландырылған сауу, көң шығару және жемшөп тарату, автосуару және жемшөп цехы) болуы

Машиналы сауудың болуы


5.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6.

Малдардың бірдейлендіру нөмiрлерiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай сәйкестендіру деректер базасында тiркеудiң болуы

9.

Қымызды өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға жылқының аналық басының (үш жастан ересек) 35 бастан кем емес болуы

2.

Сауын биенiң орташа жылдық басы 20 бастан кем емес

3.

Қымыз өндіретін цехтың (қымыз жинау және (немесе) өндіру бойынша үй-жай, сыйымдылық) немесе цехқа жеткізу шартының болуы

4.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

10.

Шұбат өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға түйенiң аналық басының (үш жастан ересек) 30 бастан кем емес болуы

2.

Сауын iнгендердiң орташа жылдық басы 15 бастан кем емес

3.

Шұбат өндіретін цехтың (шұбат жинау және (немесе) өндіру бойынша үй-жай, сыйымдылық) немесе цехқа өткізу шартының болуы

4.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

11.

Биязы жүнді өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға қойдың аналық басының (екі жастан ересек) 600 бастан кем емес болуы

2.

Қойларды күтiп-бағуға, сондай-ақ қырқуға арналған үй-жайлардың болуы

3.

Қырқылған жүннiң физикалық салмағы (алдыңғы жылдың қорытындысы) 3,2 кг кем емес

4.

Жүннiң сапасы 60-64 сападан кем емес ****

5.

Биязы жүндi бастапқы қайта өңдейтін кәсiпорындарына биязы жүнді өткiзу

6.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

12.

Шырынды және кесек азықты субсидиялау үшiн мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі 30 бастан кем емес аналық мал басының болуы

2.

Мал азығы дақылдарының және (немесе) шабындық (шабылатын) алқаптың және (немесе) мал азығын сатып алу шартының болуы

3.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

4.

Малдың бірдейлендіру нөмірінің және зоотехникалық оқиғаларды енгізе отырып, селекциялық және асылдандыру жұмыстарының ақпараттық базасында тiркеудің болуы

      Ескертпе:
      * Малдың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей/сойыс салмағы тауар өндiрушi (малды сою жөнiндегi) қызметтерiн пайдаланған, есептік алу нөмiрi (коды) бар мал шаруашылығы өнiмі сатылған қайта өңдеу кәсіпорны немесе есептік нөмірі (коды) бар сою цехы берген анықтамамен расталуы тиiс.
      ** Талаптар өткен жылдан бастап пайдалануға берілген, тиісті инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы сүт кешендеріне таратылмайды.
      *** Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлер селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасына тiркелуі тиiс.
      **** Жүннiң сапасы жүн сапасын бағалау жөнiндегi зертхана берген анықтамамен расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады