Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына
қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы
келісімге қол қою туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісім жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына
қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
1995 жылғы 10 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесін құру туралы келісімді, 2005 жылғы 23 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысын дамыту және жетілдіру туралы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімін басшылыққа ала отырып,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттері Басшылары Кеңесінің 2007 жылғы 5 қазандағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын одан әрі дамыту тұжырымдамасына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
өңірдің сыртқы шекарасы – Тараптардың өңір шектеріндегі басқа мемлекеттермен шекаралары;
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлері (күштері) – өңірдегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс міндеттерін шешуге тартылатын Тараптар қарулы күштерінің әскери басқару органдары, басқару пункттері (командалық пункттер), сондай-ақ бірлестіктері, құрамалары және әскери бөлімдері;
соғыс қаупінің үдеу кезеңі – өңірдегі Тараптардың біріне қарулы шабуыл қаупі төнген және сақталатын уақыт аралығы;
өңір – Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік өңірі шеңбері шектерінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі құрамына бөлінген әскерлері (күштері) қойылған міндеттерді орындайтын Тараптардың аумағы мен әуе кеңістігі.
2-бап
Осы Келісімді іске асыру бойынша Тараптардың уәкілетті органдары:
Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Ресей тарапынан – Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі болып табылады.
Тараптар өз уәкілетті органдарын өзгерткен жағдайда бұл туралы бір-бірін дереу дипломатиялық арналар бойынша хабардар етеді.
3-бап
Тараптар өңірдегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс міндеттерін шешу мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құрады.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерінің (күштерінің) негізгі міндеттері, оларды құру мен пайдалану қағидаттары осы Келісімге қоса берілетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі туралы ережеде айқындалады.
4-бап
Тараптардың Қорғаныс министрлері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің құрамына бөлінетін әскери басқару органдарының, басқару пункттерінің (командалық пункттердің), бірлестіктердің, құрамалар мен әскери бөлімдердің тізбесін осы Келісім күшіне енген күнінен бастап үш айлық мерзімде бірлесіп бекітеді. Бұл тізбеге қажеттілігіне қарай өзгерістер енгізілуі мүмкін.
5-бап
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлерін (күштерін) осы Келісім күшіне енгеннен кейін лауазымға Тараптардың Қорғаныс министрлерінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті тағайындайтын қолбасшы басқарады.
6-бап
Тараптардың уәкілетті органдары бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерінің (күштерінің) қолбасшысымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлерін (күштерін) қолдануды жоспарлауды жүзеге асырады, олардың әуе шабуылына қарсы қорғанысы бойынша жауынгерлік кезекшілігі мен өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
7-бап
Тараптар соғыс қаупінің үдеуі кезеңінде және соғыс уақытында өз әскерлері (күштері) мен құралдарын олардың заңнамаларымен көзделген тәртіпте пайдалану туралы шешімді қабылдау құқығын өзінде қалдырады.
Тараптардың келісуі бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі құрамынан әскерлер (күштер) бөлігі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қарулы күштері әскерлерінің (күштерінің) коалициялық тобы құрамына бөлінуі мүмкін.
8-бап
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерінің (күштерінің) және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінің құрамына кіретін басқа да әскерлердің (күштердің) бірлескен қимылдарын үйлестіру бейбіт уақытта Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Әуе-ғарыш қорғанысы әскерлері бас қолбасшысының командалық пунктінен жүзеге асырылады.
9-бап
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің құрылуы және жұмыс істеуі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінің шеңберінде Тараптардың қарулы күштерін каржыландырудың қолданыстағы тәртібін өзгертпейді.
10-бап
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі үшін әскери инфрақұрылым объектілерін пайдалану мен дамыту, материалдық қорлар құру, сондай-ақ олардың Тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіне пайдалануға әзірлікте ұстау уәкілетті органдар арасындағы тиісті халықаралық шарттар негізінде Тараптардың заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
11-бап
Тараптар осы Келісімді іске асыру барысында олар алған құпия ақпараттың қорғалуын 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге сәйкес жүзеге асырады.
Тараптардың әрқайсысы сондай-ақ осы ынтымақтастық процесінде жасалған ақпараттың сақталуы мен қорғалуын өз заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді. Тараптар осындай ақпаратқа рұқсаты бар адамдар тобын барынша шектейді.
Тараптар осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда оны іске асыру барысында олар алған құпия ақпарат пен таратылуға жатпайтын басқа ақпаратты жарияламайды.
12-бап
Осы Келісімді түсіндіру мен қолдану кезінде туындауы мүмкін Тараптар арасындағы келіспеушіліктер мен даулар консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
13-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
14-бап
Осы Келісім Тараптар дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады. Егер Тараптардың ешбірі ағымдағы бесжылдық мерзімнің аяқталуына дейін кемінде алты ай бұрын дипломатиялық арналар бойынша жазбаша түрде басқа Тарапты оның күшін тоқтату ниеті туралы хабарламаса, бұдан әрі оны қолдану өзінен өзі келесі бесжылдық мерзімге ұзартылады.
20__ жылғы «___» ____________ _____________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тіліндегі екі түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде алшақтықтар туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы
Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы әуе шабуылына
қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік
жүйесін құру туралы келісімге
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына
қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің негізгі міндеттерін, оны құру мен қолдану қағидаттарын айқындайды.
1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына
қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі шешетін міндеттер
1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесіне бейбіт уақытта мынадай міндеттерді шешу жүктеледі:
а) үздіксіз радиотехникалық, радиолокациялық барлау және радиобарлау жүргізу, қарсыластың әуе шабуылын әзірлеуі мен бастауын уақтылы айқындау;
б) Тараптардың мемлекеттік шекаралары түйіскен жерлерде әуе кеңістігін күзету және қорғау;
в) Тараптардың өңірде әуе кеңістігін пайдалану тәртібін сақтауын бақылау;
г) белгіленген қағидаларды бұза отырып, ұшуларды орындап жатқан әуе кемелерін бұзуларды тоқтатуға немесе мұндай ұшулардың жолын кесуге мәжбүрлеу;
д) Тараптар қарулы күштерінің әскерлерін (күштерін) ғарыштық барлау құралдарының ұшулары туралы хабарландыру және хабардар ету желілерінде әуе жағдайы туралы ақпарат беру;
е) әуе кеңістігіне радиолокациялық бақылауды жүзеге асыру және Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі Тараптардың әуе қозғалысын ұйымдастыру органдарына Тараптардың әуе кеңістігін пайдалану ережелерімен көзделген жағдайларда әуе кемелері мен басқа да әуе объектілерінің қозғалысы туралы деректер беру, сондай-ақ ұшу кезінде форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда әуе кемелеріне көмек көрсету.
2. Өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштері мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Әуе-ғарыш қорғанысы әскерлерінің штабтарына тиісті Қорғаныс министрімен келісу бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері бойынша үйлестіру комитеті төрағасының өкілдері, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабының бастығы жіберілуі мүмкін.
3. Әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерінің (күштерінің) қолбасшысы өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшыларының кеңесі мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттері Қорғаныс министрлері кеңесінің шешімін, сондай-ақ осы Келісімді басшылыққа алады.
4. Соғыс қаупінің үдеу кезеңі мен соғыс уақытында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлері (күштері) міндеттерді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қарулы күштерін қолданудың жоспарларына сәйкес бірыңғай ниеті мен жоспары бойынша орындайды.
2. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына
қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру мен пайдалану
қағидаттары
5. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру мен пайдалану мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
а) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерінің (күштерінің) бірлескен іс-қимылдарын бейбіт уақытта үйлестіру;
б) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерінің (күштерінің) ұлттық командирлік басқармаларға тікелей бағыныстығын сақтау;
в) соғыс уақытында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерін (күштерін) бірыңғай ниеті мен жоспары бойынша пайдалану;
г) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерінің (күштерінің) жауынгерлік дайындығы мен дағдыларын айқындауға, олардың жедел және жауынгерлік даярлығын ұйымдастыруға тәсілдер біртұтастығы;
д) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны дамыту.
3. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына
қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін пайдалану негіздері
6. Бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесіне жүктелетін міндеттерді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлері (күштері) Тараптардың Қорғаныс министрлері бекітетін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлері (күштері) әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша кезекшілердің іс-қимылдары жоспарына сәйкес орындайды.
7. Өңірдің сыртқы шекарасы бағытына қарсыластың әуе шабуылы құралдарының жаппай ұшуын барлау құралдары айқындаған кезде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша кезекші күштер мен құралдар № 1 даярлыққа ауыстырылады, олар бағынатын жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың нұсқауларына, болып жатқан жағдайға, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерінің (күштерінің) әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша кезекшілердің іс-қимылдары жоспарына сәйкес қимылдай отырып, Тараптардың уәкілетті органдары бір-біріне жағдай мен қойылған міндеттер туралы хабарлайды.
8. Әуе кемелерінің өңірдің сыртқы шекарасын бұзу қаупі туындаған кезде іс-қимылдар тәртібі мынадан тұрады:
1) Тараптардың уәкілетті органдары өңірдің сыртқы шекарасына жақындап келе жатқан беймәлім әуе кемесін анықтаған кезде онымен байланыс орнату шараларын қабылдайды, сондай-ақ бағынышты радиотехникалық әскерлер, барлау және радиоэлектрондық күрес құрамаларына, әскери бөлімдер мен бөлімшелеріне оның сыныптамасын белгілеу міндетін қояды.
Тараптардың уәкілетті органдары байланыс орнаған кезде белгіленген халықаралық командалар (фразалар) беру жолымен Тараптардың әуе кеңістігіне кіруі мүмкін немесе кіру фактісі туралы әуе кемесінің экипажын ескертеді және өңірдің сыртқы шекарасын бұзуды болдырмауға немесе олардың әуе кеңістігінде ұшуын тоқтатуға командалар береді.
Көрсетілген әуе кемесіне өңірдің сыртқы шекарасын бұзуды тоқтатуға көмек көрсету қажет болған кезде (әуе кемесі экипажының абайсыз қимылдары немесе ұшу кезінде төтенше жағдайлар туындауы нәтижесінде) жедел кезекшілер бұл әуе кемесін Тараптардың әуе кеңістігі шектерінен тыс шығаруға немесе Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағындағы ең жақын (бөлінген) әуеайлағына қондыру үшін ұшақтардың (тікұшақтардың) кезекші экипаждарының қажетті санын әуеге көтеруге команда береді;
2) радиолокациялық құралдар анықтап белгілемеген әуе кемесінің өңірдің сыртқы шекарасын кесіп өту фактісі туралы ақпарат алған кезде радиолокациялық барлауды күшейту үшін радиотехникалық бөлімшелердің қажетті саны № 1 даярлыққа өтеді. Одан әрі әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша кезекшілер осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес әрекет етеді;
3) Қазақстан Республикасы немесе Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша кезекші күштері мен құралдары өңірдің сыртқы шекарасын бұзушы, Қазақстан Республикасы немесе Ресей Федерациясы әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушы немесе өңірдің сыртқы шекарасы бағытына ұшуды орындап жатқан әуе кемесі – танылмаған әуе кемесін анықтаған кезде Тараптардың уәкілетті органдары бұл туралы бір-біріне хабарлайды және іс-қимылдар арналары бойынша радиолокациялық ақпарат беруді ұйымдастырады.
9. Өңірдің сыртқы шекарасын бұзушы әуе кемесі бойынша әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілердің қару мен жауынгерлік техниканы қолдану тәртібі аумағының үстінде осы әуе кемесі ұшатын Тараптың заңнамасымен айқындалады.
10. Бір Тараптың қарулы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша кезекші ұшақтар (тікұшақтар) экипаждарын басқа Тараптың әуе кеңістігінде жауынгерлік кезекшілік міндеттерін шешу үшін әуеге көтеру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас командалық пунктінің жедел кезекшісі мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Әуе-ғарыш қорғанысы әскерлері командалық пунктінің кезекші күштерінің командирімен келісілген шешім бойынша жүзеге асырылады.
Ұшақтардың (тікұшақтардың) кезекші экипаждарын көтерудің барлық жағдайлары туралы бір-бірін өзара хабардар ету жүзеге асырылады.
11. Тараптардың уәкілетті органдары бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің күнделікті қызметін басқаруды, олардың даярлығын және жан-жақты қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына
қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлері (күштері)
қолбасшысының міндеттері
12. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлері (күштері) қолбасшысының міндеттеріне:
1) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысы бойынша кезекшілердің іс-қимылдары жоспарын әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлерін (күштерін) қолданудың бірыңғай жедел жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әскерлері (күштері) өңірлік тобының құрамына қосылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлерін (күштерін) басқару;
3) Тараптардың уәкілетті органдарымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерінің (күштерінің) өңірдегі Тараптар қарулы күштерінің басқа әскерлерімен (күштерімен) іс-қимылдарын ұйымдастыру;
4) өңірдегі Тараптар Қарулы күштері әскерлерінің (күштерінің) әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша жауынгерлік кезекшілігін ұйымдастыруға және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің құрамына кіретін радиотехникалық әскер бөлімдері мен бөлімшелерінің радиолокациялық құралдарды және автоматтандыру құралдарының кешендерін қосумен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару кестесін жасауға қатысу;
5) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлерінің (күштерінің) бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру;
6) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлерін (күштерін) одан әрі дамыту және олардың жауынгерлік даярлығын Тараптардың уәкілетті органдарымен бірлесе отырып жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
7) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлерін (күштерін) даярлау іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді.
13. Тараптардың уәкілетті органдары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлерін (күштерін) жедел басқару органы болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі басшылығының ұйымдық-штаттық құрылымын оған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйе күштері мен құралдарын қолдануды, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша міндеттерді дайындау және орындау бойынша жоспарлау құжаттарын әзірлеу жөніндегі функциялар беру арқылы айқындайды.
14. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің басшылығы лауазымды тұлғаларының міндеттері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысымен, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Әуе-ғарыш қорғанысы әскерлерінің бас қолбасшысымен келісіледі және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесінің қолбасшысымен бекітіледі.
15. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әуе шабуылына қарсы қорғанысы бірыңғай өңірлік жүйесі басшылығының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.