Алматы қаласының әуежайы ауданында CRJ 200 LR ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 54 қаулысы

      2013 жылғы 29 қаңтарда Алматы қаласының әуежайы ауданында CRJ 200 LR ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Алматы қаласының әуежайы ауданында CRJ 200 LR ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылсын.
      2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, ұшақтың құлау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, қаза болғандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Комиссия басшысы Б.Ә. Сағынтаев ұшақтың құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру нәтижелері және қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ 54 қаулысына  
қосымша      

Алматы қаласының әуежайы ауданында CRJ 200 LR ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия

Сағынтаев             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы       бірінші орынбасары – Қазақстан
                        Республикасының Өңірлік даму министрі, басшы

Жұмағалиев            - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы         коммуникация министрі, басшының орынбасары

Божко                 - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
Владимир Карпович       министрі

Мұқашев               - Алматы қаласы әкімінің бірінші
Мәулен Шапанбайұлы      орынбасары

Тілеуғалиев           - Қазақстан Республикасының Бас көлік
Ыбырай Әшімханұлы       прокуроры

Бектұров              - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы          коммуникация вице-министрі

Тұрғымбаев            - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы       министрінің орынбасары

Байжүнісов            - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Эрик Әбенұлы            вице-министрі

Егемберді             - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
Ерғали Қуандықұлы       әлеуметтік қорғау вице-министрі

Сейдахметов           - Қазақстан Республикасы Көлік және
Бекен Кәнелұлы          коммуникация министрлігі Азаматтық авиация
                        комитетінің төрағасы

Бисақаев              - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Серікқали Ғұмарұлы      әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және
                        әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы –
                        Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік
                        еңбек инспекторы

Ақұлов                - Қазақстан Республикасы Көлік және
Нұрлан Тыныстанұлы      коммуникация министрлігі авиациялық оқиғалар                          мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының
                        бастығы

Денисов               - «SCAT» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамының
Владимир Иванович       президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады