Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң "Қазақавтожол" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазақавтожол-Көкшетау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 79 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң «Қазақавтожол» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
«Қазақавтожол-Көкшетау» еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жол қызметін жүзеге асыру болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) қоғамның мемлекеттік акциялар пакетін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2013 жылғы 1 ақпандағы
№ 79 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-156-жолмен толықтырылсын:
      «21-156. «ҚазАвтоЖол» АҚ».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-27-жолмен толықтырылсын:
      «160-27. «ҚазАвтоЖол» АҚ».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады