Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 85 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2013 жылғы 15 наурызға дейін берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша жинақталған есепті Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне 2013 жылғы 15 сәуірге дейін енгізсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің          
2013 жылғы 4 ақпандағы     
№ 85 қаулысымен       
бекітілген         

Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

р/с №

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімдері

Орындаушы

1

2

3

4

5

1

Мемлекеттік бюджеттен қаражатты өндіру туралы сот шешімі шығарылған кезде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу

ПМК-ге ұсыныстар

2013 жылғы ақпан

Әділетмині, БП (келісім бойынша), ОМО

2

Мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тағылымдамадан өту тәртібін бекіту

Әділетминінің бұйрығы

2013 жылғы ақпан

Әділетмині, МҚІА (келісім бойынша), ОМО

3

Әзірлеуші органдардың заң қызметтері қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен нормативтік құқықтық актілер жобаларын тиісті келісу сатыларында және олардың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Парламентінде өту кезінде міндетті қатысуы туралы мәселені пысықтау

ПМК-ге ақпарат

2013 жылғы ақпан

ОМО

4

Мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу

ПМК-ге ұсыныстар

2013 жылғы ақпан

Әділетмині, ОМО

5

Мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын арттыру мәселесін пысықтау

ПМК-ге ақпарат

2013 жылғы ақпан

МҚІА (келісім бойынша), Әділетмині, ОМО

6

Заң жобалау қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2013 жылғы ақпан

Әділетмині

7

Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидаларын қолдануы  бойынша бірыңғай әдістемелік ұсынымдарды бекіту

Әділетминінің бұйрығы

2013 жылғы ақпан

Әділетмині

8

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің корпоративтік порталында «НҚА құқықтық мониторингі» ақпараттық жүйесін құру және оның қызметі бойынша ұсыныстар енгізу

ПМК-ге ұсыныстар

2013 жылғы ақпан

Әділетмині, ОМО

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ОМО – орталық мемлекеттік органдар
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады